Көлік

КӨЛIК
Ақмола облысының көлiк инфрақұрылымы
Автомобиль жолдары

Ақмола облысының жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 км құрайды, оның iшiнде облыстық маңызы бар — 2661 км, аудандық маңызы бар — 2965 км.

2018 жылы Басқармаға 12 726,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлiнген болатын, оның iшiнде: республикалық бюджеттен — 5 020,3 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен — 7 705,7 млн. теңге, бұл 2017 жылы бөлiнген қаражаттан 380,6 млн. теңгеге немесе 3%-ға көбiрек.

Осы қаражаттың есебiнен 51 жобаны жүзеге асыру, 3 бағдарлама аясында жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын, қала және елдi мекен көшелерiн жөндеу бойынша 38 жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және түзету жоспарланған:

•Мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жоспар;

•Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған кешендi iс-шаралар жоспары;

•2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасы.

Осы бағдарламалардың аясында 426,5 км жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеу қарастырылды, оның iшiнде: құрылысын салу және реконструкциялау — 7,7 км, күрделi және орташа жөндеу — 151,8 км, ағымдағы жөндеу — 267 км.

Жолаушылар көлiгi

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 212 тұрақты маршрута жүзеге асырылады, оның iшiнде 63 — қалаiшiлiк, 31 — қаламаңы, 59 — облысiшiлiк қалааралық, 33 — ауданiшiлiк, 19 — облысаралық және 7 — халықаралық маршрут.

Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 100 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге Державинск қ., Шортанды к., Степногорск қ., 70 теңге Макинск қ., Ақкөл қ., Степняк қ., 80 теңге Көкшетау қ., Атбасар қ., Щучинск қ., 90 теңге Ерейментау қ., Целиноград ауданында, 100 теңге Есiл қ., Балкашино а.) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 6,5-тен 10 теңгенi құрайды.

3 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ.), 2 автостанция (Атбасар қ., Макинск қ.), 5 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Астраханка а., Степняк қ., Ерейментау қ., Есiл қ.) жұмыс iстейдi.

Қазiргi уақытта, облыстың автовокзалдары мен автостанцияларын бiрыңғай белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Соған сәйкес мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалар үшiн кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бойынша және терроризмге қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Жолаушыларға қызмет көрсетудiң жаңа пункттерiн ашу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Атап айтқанда, 2016 жылы Есiл қ. жолаушыларға қызмет көрсету пунктi ашылды.

2017 жылы Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында автобус қатынасымен қосымша 14 елдi мекен қамтылды, бұл «Жолаушылар автокөлiгi қатынасымен қамтылмаған елдi мекендер үлесi» АДБ 18% жоспарлы индикаторына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Жыл қорытындысы бойынша халқының саны 100 адамнан артық 514 елдi мекен iшiнен 425 немесе 82,7% жолаушылар автокөлiк қатынасымен қамтылды.

Көрсеткiшке 9 жаңа автобус бағдарын ұйымдастыру және қолданыстағы 3 бағдарды ұзарту мен 1 қайта ұйымдастыру есебiнен қол жеткiзiлдi.

Тұрақты автобус маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрамды тасымалдаушымен жаңартуды ынталандыру мақсатында, тасымалдаушымен уақытылы автобустар мен шағын автобустарды жаңартқан жағдайда, шарттың мерзiмiн 10 жылға ұзарту көзделген.

Қазiргi уақытта, тұрақты маршруттарда жұмылдырылған жылжымалы құрам шамамен 700 бiрлiктi (автобустар мен шағын автобустар), оның iшiндегi пайдалану мерзiмi 12 жылдан асқан көлiк құралдарының үлесi 37,7% құрайды.

2018 жылдың қаңтар-шiлдесiнде облыс көлiгiмен 67 315,7 мың адам тасымалданды (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 103,9%).

Жолаушылар айналымы 4 346,8 млн. жкм. құрады (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 100,5%).

Көкшетау қ. әуежайынан 5 410 жолаушы ұшты, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 9% артық.

Ұшақтардың ұшу саны 174 бiрлiктi құрады, бұл 2017 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 78 бiрлiкке кем.

Әуежаймен 109,9 тонна жүк, багаж және пошта өңделдi, бұл 2017 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 11,2 тоннаға артық.

Басқармамен 7 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi «Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру»;

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру»;

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру»;

«Тұрақты республикаiшiлiк — автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру»;

«Қызмет өңiрi шегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу»;

«Көлiк қызметi субъектiлерiн олардың жолаушылар мен көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне келетiн адамдарды, олардың алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарауды жүргiзу тәртiбi мен талаптарына сәйкес келуi тұрғысынан аттестаттау»;

«Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».

2018 жылдың 8 айында басқармамен 15 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:

-«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру» — 3;

-«Қызмет өңiрiшегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу» — 10;

-«Тұрақты республикаiшiлiк — автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру» — 2.

Басқармаға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен мерзiмдерiнiң бұзылуына қатысты шағымдар келiп түскен жоқ.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:11
Жаңартылған күні: 11.09.2018 15:20
Қаралым саны: 4785

Қаз Рус Eng