Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Сауда және баға

2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 50,7 млрд. теңге құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,4% өстi.

2019 жылдың 1 тоқсанында көкөнiстер, ұн, шикi сүт, қатты iрiмшiк, құс, темекi өнiмдерi, жылқы, шұжық өнiмдерi, нан және макарон өнiмдерi, жармалар мен шай, алкогольдiк сусындар, тұрмыстық аспаптар, фармацевтикалық препараттар, киiм және аяқ киiм, жеке пайдаланатын тауарлар, амбулаторлық қызметтер, бiлiм беру, байланыс және т.б. бағалардың өсуi байқалады.

Күнбағыс майы, алма, сүзбе, картоп, қатты отын, сұйытылған газ, бензин бағалары, көлiк қызметтерi, орталық жылыту, канализация, суық су жабдығы, электр қуаты және т.б. тарифтер төмендедi.

Бағаның өсуiнiң негiзгi себептерi тауар өндiрушiлерде көтерме-босату бағасының өсуi, жекелеген азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң маусымдылығы, дизель жанармайының бағасы өсуiне байланысты көлiк шығыстарының өсуi және басқалары болып табылады.

Тауарлар мен қызметтер бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында келесi iс-шаралар өткiзiледi.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудан және қала әкiмдiктерiмен бiрлесiп облыс аймақтар бойынша әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарлары мен жанар-жағар май материалдары бағасының жағдайына тұрақты мониторинг және талдау жүргiзiледi.

Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушылар қабылдаған 823 меморандум шеңберiнде бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу бойынша мiндеттемелердi бақылау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Облыста жыл басынан берi 168 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 280 млн. теңгеге азық-түлiк өнiмдерi дүкендерде және базарларда 10-20% төмен бағамен сатылды.

Жергiлiктi азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң өсуi де бағаны тұрақтандыру факторларының бiрi болып табылады.

2019 жылғы қаңтар-наурыз айларыңда облыстың өңдеушi кәсiпорындары 23,4 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерiн өндiрдi, бұл 2018 жылғы кезеңге 118,3% құрады. Ет және құс, шұжық өнiмдерi, жартылай фабрикаттар, өңделген сүт, сары май, iрiмшiк және сүзбе, ұн, тазартылған күнбағыс майы және т. б. өндiрiсi өстi.

Тауарлардың атауы/ Наименование товара Өлшем бірлігі/Ед. изм Орташа бағалар/Средние цены (теңге)
1 2 3
Бірінші сортты ұн нан жасалған бидай наны (пішінді)/ Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) кг 146
Бірінші сортты бидай ұны/ Мука пшеничная первого сорта кг 128
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)/ Рис шлифованный (круглозерный, весовой) кг 270
Қарақұмықжармасы (дән, өлшеніпсалынатын)/Крупа гречневая (ядрица, весовая) кг 155
Рожки (өлшеніп салынатын)/ Рожки (весовые) кг 176
Сиыреті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)/ Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) кг 1477
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)/ Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) кг 713
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада/ Молоко пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 230
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада/ Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 250
Майлылығы 5-9% сүзбе/ Творог 5-9% жирности кг 1001
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толық тырғыштар және өсімдік майлары жоқ)/Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) кг 1926
I санатты тауық жұмыртқасы/ Яйцо куриное I категории ондық/десяток 230
Күнбағыс майы/ Масло подсолнечное литр 416
Ақ қауданды қырыққабат/ Капуста белокочанная кг 166
Басты пияз/ Лук репчатый кг 101
Асханалық сәбіз/ Морковь столовая кг 98
Картоп/ Картофель кг 74
Ақ қант – құмшекер/ Сахар белый – сахар-песок кг 243
Acтұзы («Экстра»-дан басқа)/ Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») кг 50
Құрылған күні: 19.01.2018 15:33
Жаңартылған күні: 20.04.2019 13:54
Қаралым саны: 5616
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75