Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Сауда және баға

2018 жылғы тамызда облыс бойынша тұтыну бағасының индексi 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,7% құрады.

Жыл басынан бастап нанға, етке және ет өнiмдерiне, сүт өнiмдерiне, жемiстерге, қантқа, тұзға, кондитерлiк өнiмдерге, алкогольдi iшiмдiктерге; темекi өнiмдерiне, киiм-кешек және аяқ киiмге, фармацевтикалық заттарға, тұрмыстық аспаптарға, дизель отынына; сұйытылған газға, электр энергиясына, бiлiм беруге, амбулаториялық қызметтерге, қоғамдық тамақтану қызметтерiне, суық суға, байланысқа, кәрiзге бағалар өстi.

Жармаларға, жұмыртқаға, ұнға, макарон тағамдарына, қаймаққа, шайға, пастерленген сүтке, сары майға, көкөнiстерге, бензинге бағалар төмендедi.

Тауар өндiрушiлерде көтерме-босату бағасының өсуi, жеке азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң маусымдылығы, электр энергиясы тарифiнiң өсуi, дизель отыны бағасының өсуiне байланысты көлiк шығындарының көбеюi және басқалар, азық-түлiк бағалары өсуiнiң негiзгi себептерi болып табылады.

Тауарлар мен қызметтерге бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында келесi iс-шаралар жүзеге асырылады.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудандар мен қалалар әкiмдiктерiмен бiрлесiп, облыстың қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағалардың жағдайына мониторинг мен талдау үнемi жүргiзiледi.

Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен әлеуметтiк маңызы бар тауарларға шектi сауда үстемесiн белгiлеу жөнiнде 1298 жасалған меморандум аясында қабылданған мiндеттемелерi бойынша бақылау жұмыстары жүргiзiледi.

Облыс өңiрлерiнде дүкендер мен базарларға қарағанда, бағасы 15-20%-ға төмен 788,4 млн. теңгеге азық-түлiк сатылып, 442 ауыл шаруашылық жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Жергiлiктi азық-түлiк тауарларының өндiрiсiн ұлғайту, бағаны тұрақтандыру факторлардың бiрi болып табылады.

2018 жылдың қаңтар-шілдесінде облыстың өңдеу кәсiпорындарымен 49,8 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi, бұл 2017 жылғы мерзiмiмен салыстырғанда 112,5% құрады. Оның iшiнде 14,8 мың тонна ет, 1105 тонна шұжық өнiмдерi, 1727 тонна күнбағыс майы, 30,5 мың тонна сүт және кiлегей, 438 тонна ірімшік пен сүзбе, 263,4 мың тонна ұн, 16,5 мың тонна нан, 1473 тонна ет жартылай фабрикаттар өндiрiлдi.

2018 жылдың 29 тамызына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар
(Көкшетау қ. бойынша)

Тауарлардың атауы/наименование товара Өлшем бірлігі/ед.изм. Орташа бағалар/средние цены (теңге)
1 2 3
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)/Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) кг 128
Бірінші сортты бидай ұны/Мука пшеничная первого сорта кг 101
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)/Рис шлифованный (круглозерный, весовой) кг 243
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)/Крупа гречневая (ядрица, весовая) кг 156
Рожки (өлшеніп салынатын)/Рожки (весовые) кг 159
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)/Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) кг 1417
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)/Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) кг 656
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада/Молоко пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 214
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада/Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 241
Майлылығы 5-9% сүзбе/Творог 5-9% жирности кг 875
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)/Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) кг 1735
I санатты тауық жұмыртқасы/Яйцо куриное I категории ондық/десяток 163
Күнбағыс майы/Масло подсолнечное литр 369
Ақ қауданды қырыққабат/Капуста белокочанная кг 81
Басты пияз/Лук репчатый кг 93
Асханалық сәбіз/Морковь столовая кг 142
Картоп/Картофель кг 114
Ақ қант – құмшекер/Сахар белый – сахар-песок кг 227
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)/Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») кг 49
Мақаланы құрған күні 19.01.2018 15:33
Мақаланы жаңартқан күні 10.09.2018 11:57
Қаралым саны: 2798
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;