Сауда және баға

2018 жылғы желтоқсанда облыс бойынша тұтыну бағасының индексi 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,9% құрады.

2018 жыл бойынша нанға, күрішке, ет және ет өнiмдерiне, сүт өнiмдерiне, жұмыртқаға, күнбағыс майына, қантқа, тұзға, кондитерлiк өнiмдерге, алкогольдi iшiмдiктерге; темекi өнiмдерiне, киiм және аяқ киiмге, фармацевтикалық заттарға, тұрмыстық аспаптарға, дизель отынына, жуғыш және тазалағыш құралдарға; сұйытылған газға, электр энергиясына, бiлiм беруге, амбулаториялық қызметтерге, қоғамдық тамақтану қызметтерiне, көлік қызметтеріне, суық суға, байланысқа, кәрiзге бағалар өстi.

Ұнға, жармаларға, макарон тағамдарына, шайға, картопқа, көкөнiстерге, жемістерге, бензинге, көмірге бағалар төмендедi.

Тауар өндiрушiлерде көтерме-босату бағасының өсуi, жеке азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң маусымдылығы, электр энергиясы тарифiнiң өсуi, дизель отыны бағасының өсуiне байланысты көлiк шығындарының көбеюi және басқалар, азық-түлiк бағалары өсуiнiң негiзгi себептерi болып табылады.

Тауарлар мен қызметтерге бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында келесi iс-шаралар жүзеге асырылады.

Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудандар мен қалалар әкiмдiктерiмен бiрлесiп, облыстың қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағалардың жағдайына мониторинг мен талдау үнемi жүргiзiледi.

Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен әлеуметтiк маңызы бар тауарларға шектi сауда үстемесiн белгiлеу жөнiнде 1427 жасалған меморандум аясында қабылданған мiндеттемелерi бойынша бақылау жұмыстары жүргiзiледi.

Облыста дүкендер мен базарларға қарағанда, бағасы 10-20%-ға төмен 1391,6 млн. теңгеге азық-түлiк сатылып, 677 ауыл шаруашылық жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Жергiлiктi азық-түлiк тауарларының өндiрiсiн ұлғайту, бағаны тұрақтандыру факторлардың бiрi болып табылады.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсанда облыстың өңдеу кәсiпорындарымен 84,1 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi, бұл 2017 жылғы мерзiмiмен салыстырғанда 105% құрады. Оның iшiнде 26,4 мың тонна ет, 2285 тонна шұжық өнiмдерi, 59,7 мың тонна сүт және кiлегей,  1008 тонна сары май, 1001 тонна ірімшік пен сүзбе, 379 мың тонна
ұн өндiрiлдi.

2019 жылдың 15 қаңтарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар
(Көкшетау қ. бойынша)

Тауарлардың атауы /Наименование товара Өлшем бірлігі/Ед.изм. Орташа бағалар/Средние цены (теңге)
1 2 3
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)/Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) кг 128
Бірінші сортты бидай ұны/Мука пшеничная первого сорта кг 101
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)/Рис шлифованный (круглозерный, весовой) кг 264
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)/Крупа гречневая (ядрица, весовая) кг 149
Рожки (өлшеніп салынатын)/Рожки (весовые) кг 160
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)/Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) кг 1477
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) кг 713
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада/Молоко пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 230
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада/Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке литр 250
Майлылығы 5-9% сүзбе/Творог 5-9% жирности кг 1048
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)/Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) кг 1926
I санатты тауық жұмыртқасы/Яйцо куриное I категории ондық десяток 240
Күнбағыс майы/Масло подсолнечное литр 419
Ақ қауданды қырыққабат/Капуста белокочанная кг 100
Басты пияз/Лук репчатый кг 78
Асханалық сәбіз/Морковь столовая кг 93
Картоп/Картофель кг 76
Ақ қант – құмшекер/Сахар белый – сахар-песок кг 246
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)/Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») кг 50
Құрылған күні: 19.01.2018 15:33
Жаңартылған күні: 21.01.2019 15:45
Қаралым саны: 4785
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng