Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты

Ақмола облысы ауыл шаруашылығының
2018 жылғы қаңтар-маусымдағы
әлеуметтiк-экономикалық дамуы

Экономика

2018 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 68064,5 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 778,6 млн. теңге, мал шаруашылығы — 67220,9 млн. теңге. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң нақты көлем индексi 103,7%-ды құрады, о.i. өсiмдiк шаруашылығының НКИ — 100,0%, мал шаруашылығының НКИ — 103,7%.

Өсiмдiк шаруашылығы

Жедел мәлiметтер бойынша Ақмола облысында 4791,9 мың га алқапқа жаздық егiстiк жұмыстары жүргiзiлдi, оның iшiнде, дәндi және дәндi бұршақ дақылдары 4316,7 мың га жерге себiлдi, бұл өткен жылғы деңгейден 17,6 мың га-ға төмен (Меморандум көрсеткiштерiнен 160,4 мың га-ға жоғары)

Мал азығы дақылдарының жаздық егiсi 174,1 мың га-ға жүргiзiлдi, бұл өткен жылғы деңгейден 30 мың га-ға жоғары (бiр жылдық шөптер 112,8 мың га, көп жылдық шөптер — 49,4 мың га және сүрлемдiк жүгерi — 12,3 мың га).

Жаздық егiстiк құрылымындағы ауыспалы егiстiк ротациясының аймақтық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабының көлемi 279,0 мың га-ны құрады (Меморандум көрсеткiштерiнен 35,9 мың га-ға немесе 14%-ға жоғары).

Халықты ескере отырып, отырғызылған картоп пен көкөнiстердiң көлемi тиiсiнше 17,9 мың га-ны және 4,0 мың га-ны құрады немесе бұл меморандум көрсеткiштерi деңгейiнде.

Жалпы, егiн егу науқанының қорытындысы бойынша облыстың АӨК ҚР АШМ мен облыс әкiмдiгi арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерi бойынша әртараптандыру жөнiндегi жасалған Меморандумның 2018 жылға арналған көрсеткiштердi орындалды.

Сүрi танаптарды өңдеу

2018 жылғы 11 шiлдеге дейiнгi жағдай бойынша облыста өңделетiн сүрi танаптың көлемi 712,2 мың га немесе жоспардың 100%-ын құрайды. Бұл ретте, 1 iз бойынша 712,2 мың га сүрi танап өңделдi немесе жоспарланған көлемнiң 100 %-ын құрайды, екiншi iз бойынша өңделген сүрi танап алқабының көлемi 702,5 мың га немесе 98,6%.

Химиялық өңдеу

2018 жылы облыс бойынша химиялық өңдеуге жататын егiстiк көлемi 3645,0 мың га, бұл ретте, а.ж. 11 шiлдесiнде 4203,3 мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргiзiлдi немесе бұл көзделген алқаптың 115,3 %-ын құрайды.

Минералды тыңайтқыштар

2018 жылы облыстың АШТӨ 34,7 мың тонна көлемiнде минералды тыңайтқыш сатып алуға шарттар жасасты, оның iшiнде, 31,0 мың тонна көлемге төлем жүргiзiлсе, зауыттан 31,0 мың тонна жеткiзiлдi. Жалпы, 2018 жылы шамамен 31,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынады және енгiзiледi деген болжам бар.

Цифрландыру

А.ж. 11 шiлдеге дейiнгi жағдай бойынша облыстың 2556 жер пайдаланушысы 5181,3 мың га егiстiкке цифрландыру жұмыстарын жүргiздi немесе бұл цифрлауға жататын алқаптың 90,4%-ын құрайды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық мәлiметтер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында IҚМ-ның жалпы саны 2018 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi жағдай бойынша 491,9 мың мал басын құрады (өткен жылғы деңгейге 102,8%).

Облыс бойынша шошқа саны 144,2 мың басты құрады (95,8%). Облыста қой мен ешкiлердiң саны өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 675,0 мың бас (99,8%).

Жылқы саны — 203,1 мың (104,5%), құс — 6432,3 мың (115,1%).

Облыста а.ж. 6 айы iшiнде союға өткiзiлген еттiң тiрi салмақтағы көлемi 54,4 мың тоннаны (103,0%), сауылған сүт көлемi 184,5 мың тоннаны (100,4%), өндiрiлген жұмыртқа көлемi 442,8 млн. дананы (121,2%) құрады.

Мал бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста мал бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның iшiнде жетеуi жалпы малды бiр уақытта бордақылау қуаттылығы 19,0 мың басты құрайтын iрi кәсiпорындар (Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiру бойынша бiрқатар iс шаралар орындалды. Нәтижесiнде, 2018 жылғы 9 шiлдеге дейiнгi жағдай бойынша бұл үрдiске 55,8 мың ұрғашы мал басы жұмылдырылды немесе бұл барлық ұрғашы малдың 27,2%-ын құрайды.

Азық түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Астана қаласы төңiрегiндегi азық түлiк белдеуi бойынша 2018 жылы 7,5 млрд. теңгеге 8 жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

жылыжай құрылысы бойынша 1 жоба — Есiл ауданының «Органика» ЖШС,

астықты қайта өңдеу бойынша 1 жоба: жарма өңдiру цехы — Жақсы ауданының «Урожай» ЖШС,

сүттi қайта өңдеу бойынша 1 жоба — Шортанды ауданының «MilkProduct» ЖШС,

майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 1 жоба — «Атбасарская Нива» ЖШС (күнбағыс майын өңдiру),

элеватор құрылысы бойынша 4 жоба (Жақсы ауданының «Урожай» ЖШС, Целиноград ауданының «Wessar» ЖШС, Көкшетау қаласының «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Жарқайың ауданы «Хлебная Нива» ЖШС). 

Ветеринария

Облыс бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы. Ақмола облысына эпизоотияға қарсы iс-шараларды өткiзу үшiн 2018 жылы облыстық бюджеттен 740 млн. теңге сомасында трансферттер бөлiндi, 478,6 мың теңге немесе 54,6% игерiлдi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын иммунизациялау жөнiндегi ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар бiрiншi жарты жылдық жоспарына 100% орындалды (құтыру, сiбiр жарасына қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға қарсы вакцинация, туберкулезге және жылқылардың маңқасына қарсы диагностикалық зерттеулер).

Ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының барлық түрлерi бойынша диагностикалық iс-шаралар бекiтiлген Жоспарға сәйкес орындалуда. Бiрiншi жарты жылдықта бруцеллезге IҚМ-нiң 297,3 мың мал басы және ҰМ-ның 518,9 мың мал басы тексерiлдi немесе бiрiншi жарты жылдық жоспарына 102%-ды құрады.

350 объектiде 52,4 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Қайта өңдеуге тапсырылған бруцелезбен ауыратын малдардың иелерiне өтеу үшiн 2018 жылы бөлiнген қаражаттың көлемi 76,5 млн. теңгенi құрады, 31,3 млн. теңге немесе 41% игерiлдi.

2018 жылғы жоспардың 104 % IҚМ, 96 % ҰМ, 71,2 % шошқа және 22 % жылқы бiрдейлендiрiлдi.

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 16:01
Мақаланы жаңартқан күні 18.07.2018 12:15
Қаралым саны: 4019
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;