Саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты

Ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк туралы

Бүгiнгi таңда облыс аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы болып табылады, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлгендiк жоспарлы көктемгi ветеринариялық профилактикалық iс-шараларды ақпан айының ортасынан бастауға мүмкiндiк бердi, бұл олардың жоспарға сәйкес толық аяқталуын қамтамасыз етедi.

Облыс бойынша қан сынамаларын алу мен зертханаларға жеткiзу және ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы бойынша ветеринариялық iс-шаралар 1-тоқсанда бекiтiлген жоспарларға сәйкес орындалды (Бруцеллезге IҚМ-нiң 152,0 мың басы зерттердi немесе бiрiншi тоқсанның жоспарынан173 %, 325 бас оң әрекет көрсеттi, ҰМ-ның 127,6 мың басы немесе 140%, 100 бас оң әрекет көрсеттi. Барлық оң әрекет көрсеткен жануарлар заңнамаға сәйкес санитариялық союға және қайта өңдеуге тапсырылады. Құтыруға қарсы вакцинаци, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға, сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке қарсы вакцинация, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер өткiзiлдi).

115 объектiде 14,0 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басын есепке алу болып табылады.

Бүгiнгi таңда IҚМ 32%-ға (жылдық жоспар 157,665 мың бас, сәйкестендiрiлгенi 50,0 мың бас), ҰМ — 23%-ға (жоспар 220,840 мың бас нақты 51,6 мың бас), шошқалар — 28%-ға (жоспар 48,832 мың бас,нақты 13,9 мың бас) және жылқылар — 7%-ға (жоспар 36,796 мың бас, нақты 2,5 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру бойынша жұмыс Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғастырылатын болады.

Облыс аумағында эпизоотиялық амандықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлермен жеке және заңды тұлғаларға орындау үшiн 194 ұйғарым берiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде 1,7 млн. теңге сомасына 39 жеке және заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi облыс әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
2018 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығындағы Ақмола
облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы

Экономика

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi 397 029,9 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 258 860,6 млн. теңге, мал шаруашылығы — 136 789,2 млн. теңге. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмдiлiгiнiң нақты көлем индексi — 100,8% құрады, соның iшiнде өсiмдiк шаруашылығының НКИ — 99,5%, мал шаруашылығының НКИ — 103,4%.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында ауылшаруашылық дақылдардың астық жиналатын алқаптары 4792,1 мың га құрады, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар — 4316,6 мың га (2017 жылдың деңгейiнде), майлы дақылдар — 279,0 мың га (2017 жылдың деңгейiнен 6,3 мың га-ға жоғары), картоп — 17,9 мың га және көкөнiстер — 4,1 мың га.

Облыстағы АӨК барлық ауылшаруашылық дақылдардың түрлерiне 2018 жылға арналған әртараптандыру бойынша Меморандум көрсеткiштерiнiң орындалуын қамтамасыз еткенiн ескерткен жөн. (Дәндi дақылдардың элиталық тұқымдарымен егiстiк жерлер 325 мың га немесе дәндi дақылдарды себу егiс алқабының 6,4% көлемiнде жүргiзiлдi, 57,8 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгiзiлдi, бұл өткен жылдың деңгейiнен 73,1%-ға жоғары).

Егiстердi күту

Химиялық өңдеу iс жүзiнде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын егiстiң барлық алаңында жүргiзiлдi — 4358,8 мың га немесе белгiленген көлемiне 119,6% жүргiзiлдi. Республикалық бюджет есебiнен 16,7 мың га алқапта немесе қажеттiлiктiң 100% итальяндық прусқа қарсы қорғау iс-шаралары жүргiзiлдi. Облыстық бюджет есебiнен үйiрден тыс шегiрткеге қарсы химиялық өңдеу 48,8 мың га немесе қажеттiлiктiң 100%-ы және бидай трипсi-263,9 мың га (100%) алаңда жүргiзiлдi. Септориозға қарсы химиялық өңдеу 1086,1 мың га алқапта немесе өңдеуге жататын алаңның 125,8% (республикалық бюджет есебiнен — 204,9 мың га, АШТӨ қаражаты есебiнен — 881,2 мың га) жүргiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 01 қыркүйегiндегi жағдай бойынша 410,3 мың га алқапта немесе 100%-да сұр астық қалақшасына қарсы химиялық өңдеу жүргiзiлдi (республикалық бюджеттен 220,5 мың га бөлiндi).

Жалпы облыс бойынша егiстiктi арамшөптен, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерi мен ауруларынан толық қорғау қамтамасыз етiлдi, бұл ағымдағы жылғы егiннiң көлемi мен сапасына оң септiгiн тигiзетiнi анық.

Сүрi жерлердi өңдеу

Облыс бойынша 2018 жылы сүрi жерлердiң бiрiншi, екiншi және үшiншi өңдеу алқабы 712,2 мың га немесе 100 % құрады, төртiншi өңдеу — 355,6 мың га немесе 49,9%, соның iшiнде химиялық тәсiлмен 68,5 мың га құрады.

Ауылшаруашылық техникасының дайындығы

Ағымдағы жылғы егiн жинауға 8663 астық жинайтын комбайндар, оның iшiнде 3258 заманауи жоғары өнiмдi комбайндар қатысады. Комбайн дайындығының жалпы пайызы 100% құрайды.

Облыс бойынша дестелегiштердiң бар болуы 2466 бiрлiктi құрайды, дайындығы 100%, жүк автомобильдерiнiң дайындығы — 100% (бар — 4763 бiрлiк), трактор тiркемелерi — 100%-ын (7674 бiрлiк) құрайды.

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету

Көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге 73,7 мың тонна көлемiнде дизель отыны, 4,1 мың тонна дизель майы және 7,6 мың тонна автомобиль бензинi қажет.

Ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша: дизель отыны — 2,7 мың тонна (қажеттiлiктiң 4%), дизель майы — 0,3 мың тонна (7%) және бензин 0,6 мың тонна (8%) бар.

Астық қабылдау кәсiпорындарының дайындығы

А.ж. өнiмдi қабылдау барысында жалпы сақтау сыйымдылығы 4,4 млн. тоннаны құрайтын 67 қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындары (элеваторлық — 2,5 млн. тонна және қойма 1,9 млн. тонна) қатысады.

Сонымен қатар ауылшаруашылық құрылымдарында шамамен 2,0 млн. тонна көлемiмен астық қоймалары бар.

Облыста жалпы тәулiктiк өнiмдiлiгi 100 мың тоннадан асатын 240 астық кептiргiш бар (АҚК — 152 бiрлiк және АШТӨ — 88 бiрлiк), бұл ретте астық қабылдау кәсiпорындардың жалпы сыйымдылығынан астық қабылдау кәсiпорындардың жүктелiмi 75% құрайды.

Пiшен дайындау

Пiшен дайындау үшiн күрделi табиғаттық-климаттық жағдайына қарамастан, 1122,7 мың тонна дайындалды немесе жылдық қажеттiлiгiне қарай 101,7% (жоспар 1104,1 мың тонна).

Мал шаруашылығы

Облыста мал шаруашылығы саласында да серпiндi өсiм байқалады. 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында IҚМ жалпы саны 410,6 мың басты (өткен жылдың деңгейiне қарай 102,8%) құрады.

Облыс бойынша шошқаның саны 107,9 мың басты құрады (93,0%). Қой мен ешкi саны облыс бойынша өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 522,2 мың басты құрады (101,3%).

Жылқы 172,3 мың бас (107,2%), құстар — 7699,9 мың бас құрады (133,3%).

Облыста 2018 жылы 109,5 мың тонна ет (106,0%) тiрi салмақта союға өткiзiлдi, 385,8 мың тонна (100,5%) — сүт сауылды, 886,5 млн. дана (111,7%) жұмыртқа өндiрiлдi.

Өнiм жинау

Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4318,5 мың га алқабында жиналды, дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi

13,0 ц/га орташа өнiмдiлiгiмен 5,8 млн.тоннаны құрады, майлы дақылдар 8,0 ц/га орта өнiмдiлiгiмен жалпы түсiмi 216,6 мың тоннаны құрады, картоп 15,0 мың га алқапта жиналды, 164,3 ц/га орта өнiмдiлiгiмен жалпы түсiмi 246,0 мың тоннаны құрады, көкөнiстер 3,0 мың га алқабында жиналды немесе 149 ц/га орта өнiмдiлiгiмен тиiсiнше жалпы түсiмi 44,3 мың тоннаны құрады.

Мал бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста мал бордақылаудың желiсi қолданысқа енгiзiлдi, соның iшiнде жалпы малды бiр уақытта бордақылау қуаттылығы 19,0 мың бас құрайтын iрi 7 мал бордақылау алаңы бар (Зерендi ауданының «Щучье ГМЗ» ЖШС, Аршалы ауданының «Ренесанс Компани» ЖШС, Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас» ЖШС, Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Жалпы облыс бойынша iрi қара малдың экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасының шеңберiнде 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мамандандырылған бордақылау алаңдарына қойылған бұқалардың жалпы саны 16 861 басты (91%) құрады.

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiру жұмыстарын жүргiзу бойынша бiршама iс-шаралар атқарылып жатыр. Нәтижесiнде 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталмыш процеске 66,8 мың бас аналық мал басы немесе барлық аналық мал басынан 31,0%. тартылды

Сүттi сатып алу

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 24,2 мың тонна сүт жиналды, соның iшiнде ауылшаруашылық кооперативтерiмен — 9,5 мың тонна немесе 39,2%. Егiндiкөл ауданында және Степногорск қаласында сүт жинау ұйымдастырылмаған.

Азық –түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды
iске асыру

2018 жылы 410 жұмыс орны ашылып 26,0 млрд. теңге сомасына 13 жоба қолданысқа енгiзiлдi, оның iшiнде:

- Жақсы ауданының «Урожай» ЖШС сыйымдылығы 60,0 мың тоннаны құрайтын элеватор;

- «Органика» ЖШС жылыжай кешенi Есiл ауданы;

- «Қазына» ШҚ 100 басқа арналған СТФ Шортанды ауданы;

- «Атбасарская нива» ЖШС өсiмдiк майын өндiру цехы»;

- Жарқайың ауданының «Хлебная Нива» ЖШС астық қабылдау пунктi;

- «Агро KZ-2017» ЖШС (Көкшетау қ., Станционный кентi);

- жылына тiрi салмақта өнiмдiлiгi 60 000 тоннаны құрайтын бройлер өсiру құс фабрикасы, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС Бұланды ауданы, Макинск қ.;

- 100 басқа арналған СТФ «Абдрахманов» ЖК Бурабай ауданы;

- қуаттылығы 10,0 мың тонна желiлiк элеватор «КС Инвест» ЖШС, Державинск қаласы Жарқайың ауданы;

- Жарқайың ауданының «Тура Агро» ЖШС көкөнiс қоймасы;

- Степногорск қ. «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС жылыжай кешенi;

- Атбасар ауданы «Ирченко Элеватор» ЖШС диiрмен кешенi;

- Жарқайың ауданының «Рассвет» ШҚ СТФ.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:01
Жаңартылған күні: 19.04.2019 15:30
Қаралым саны: 7504
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус