Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Уәкiлеттi органның байланыс деректерi мен мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетiлуiмен, халықтың көшi-қоны туралы мәлiметтерi

Этникалық көшi-қон

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2018 жылдың 1 желтоқсанына 206 отбасына (440 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 61 (137), Өзбекстаннан — 55 (90), Моңғолиядан — 64 (152), Ресейден — 8 (13), Қырғызстаннан — 1 (1), алыс шетелдердiң басқа мемлекеттерiнен — 17 (47).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 34 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 19 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 13, кәсiптiк оқуға жолданды — 7 адам.

Еңбек көшi-қоны

2018 жылдың 1 желтоқсанына шетелдiк жұмыс күшiн 17 кәсiпорны тартады, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 41 рұқсат әрекет етедi, оның iшiнде бiрiншi санаты бойынша — 6, екiншi санаты — 3, үшiншi санаты — 15, маусымдық жұмысшылар — 13, корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде ауыстырылғандар — 4.

Құрылған күні: 15.04.2015 17:53
Жаңартылған күні: 12.12.2018 11:01
Қаралым саны: 6001
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75