Уәкiлеттi органның байланыс деректерi мен мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетiлуiмен, халықтың көшi-қоны туралы мәлiметтерi

Этникалық көшi-қон

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2018 жылдың 1 қазанына 171 отбасыға (370 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 57 (126), Өзбекстаннан — 41 (68), Моңғолиядан — 48 (116), Ресейден — 7 (12), Қырғызстаннан — 1 (1), алыс шетелдердiң басқа мемлекеттерiнен — 17 (47).

Көрсетiлген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбек делдалдылығы үшiн оралмандардың арасынан 32 адам өтiнiш бiлдiрдi, жұмыспен қамтылды — 7 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысты — 11, кәсiптiк оқуға жолданды — 7 адам.

Еңбек көшi-қоны

2018 жылдың 1 қазанына 17 кәсiпорын шетелдiк жұмыс күшiн тартты, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 41 рұқсат әрекет етедi, оның iшiнде бiрiншi санаты бойынша — 6, екiншi санаты — 3, үшiншi санаты — 15, маусымдық жұмысшылар — 13, корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде ауыстырылғандар — 4.

Құрылған күні: 15.04.2015 17:53
Жаңартылған күні: 15.10.2018 17:00
Қаралым саны: 4797
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng