Ақмола облысының индустрияландыру картасына (Кәсiпкерлiктi қолдау картасы) 328,4 млрд.теңге жалпы сомасымен 9,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу арқылы 91 жоба енгiзiлдi.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 306,5 млрд. теңге сомасына 83 жоба iске қосылды, 9,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылды:
2010 жылы жалпы 73,2 млрд. теңге сомасына 10 жоба iске қосылды, 3017 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Altyntau Kokshetau» ЖШС Васильков алтын кен орнын одан әрi игеру және алтын шығару фабрикасының құрылысы (Зерендi ауданы, жобаның құны — 58,5 млрд. теңге, қуаты — 12,5 мың тоннаға дейiн, 2010 жылы мамырда iске қосылды, 2264 жұмыс орны);
- «ENKI» ЖШС керамикалық кiрпiш шығару жөнiндегi зауыттың құрылысы (Көкшетау қ. жобаның құны — 6,2 млрд. теңге, қуаты — 60 мың дана, 2010 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 250 жұмыс орны);
- «Көкшетау минералды сулары» АҚ алкогольсiз сусындар өндiрiсi бойынша №2 зауыттың құрылысы (Көкшетау қ. жобаның құны — 665 млн. теңге, қуаты — 52,6 мың млн. бөтелке немесе 35,3 млн. л., 2010 жылғы қарашада iске қосылды, 8 жұмыс орны).
2011 жылы 18,4 млрд. теңге сомасына 14 жоба iске қосылды,
670 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Родина» агрофирмасы» ЖШС сүт зауытының құрылысы (Целиноград ауданы, жобаның құны — 557,8 млн.теңге, қуаты — 18,2 мың тоннаға дейiн, 2011 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 25 жұмыс орны);
- «Astana-Nan Chemicals» ЖШС өсiмдiктердi қоғаудың химиялық заттарын өндiру жөнiндегi зауыт (Степногорск қ., жобаның құны — 500 млн.теңге, қуаты — 12,6 млн литр, 2011 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 40 жұмыс орны).
2012 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 6 жоба iске қосылды, 380 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «SARECO» ЖШС қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна ұжымдық концентраттар өндiрiсiн ұйымдастыру (Степногорск қ., жобаның құны — 4,4 млрд.теңге, қуаты — 1,5 мың тонна ұжымдық концентрат, 2012 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 270 жұмыс орны);
- «Milk project» ЖШС қуаттылығы жылына 15,6 млн.литр табиғи асептикалық сүттi қайта өңдеу жөнiндегi зауытты жаңғырту (Зерендi ауданы, жобаның құны — 236,1 млн.теңге, қуаты — 15,6 мың л. сүт өнiмi, 2012 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 3 жұмыс орны).
2013 жылы 3,5 млрд. теңге сомасына 9 жоба iске қосылды, 433 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Тыныс» АҚ — газ шығаратын үлгiлерi бойынша құю өндiрiсiн игеру, (Көкшетау қ., жобаның құны — 625,7 млн.теңге, қуаты — 1000 тонна, 2013 жылғы желтоқсанда iске қосылды, 60 жұмыс орны);
- «Новопэк» ЖШС — қуаттылығын 1,5 млн. биг бегтерге ұлғайтуымен полипропилен орауышының өндiрiсiн жаңғырту (Көкшетау қ., жобаның құны — 180 млн. теңге, 2013 жылдың сәуiрiнде iске қосылды, 16 жұмыс орны).
2014 жылы 19,1 млрд. теңге сомасына 10 жоба iске қосылды,
746 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Қазатомөнеркәсiп» КҚЗ» БК ЖШС күкiрт-қышқыл зауыты (Степногорск қ., жобаның құны 13,1 млрд.теңге, қуаты — 180 мың тонна, 140 жұмыс орны);
- «Үш Бұлақ-2005» ЖШС құс фабрикасы (Ақкөл ауданы, жобаның құны 2,3 млрд. теңге, қуаты — 90 млн. дана, 200 жұмыс орны);
- «Полимер Пласт» ЖШС полиэтилен өнiмдерiнiң өндiрiсi (Шортанды ауданы, жобаның құны — 161,6 млн.теңге, жобалық қуаты жылына
1500 тонна өнiм, 37 жұмыс орны).
2015 жылы 23,4 млрд. теңге құнымен, 742 жұмыс орнының ашылуымен
8 жоба iске қосылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Capital Project Ltd» ЖШС — бройлер құс фабрикасын құру (Целиноград ауданы, құны — 15,1 млрд.теңге, қуаты — 20 мың тонна, 250 жұмыс орны);
- «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС ет өңдеу кәсiпорнын құру (Көкшетау қ., құны — 1,1 млрд. теңге, қуаты — 5000 тонна, 120 жұмыс орны);
- «ЕПК «Степногорск» АҚ — сфералық подшипниктер номенклатурасын игеру (Степногорск қ., құны — 129 млн. теңге, қуаты — 17,4 мың дана,
29 жұмыс орны).
2016 жылы 13,9 млрд. теңге сомасына 15 жоба iске қосылды, 845 жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрi:
- «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС — ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың қазақстан-белорус индустриалды-технологиялық паркi (Көкшетау қ., құны — 3,4 млрд. теңге, қуаты — 4500 дана, 232 жұмыс орны);
- «Turan Industry» ЖШС — табиғи тастан бұйымдар жасау жөнiндегi зауыттың құрылысы (Шортанды ауданы, құны — 1 млрд. теңге, қуаты — 130 мың ш.м., 50 жұмыс орны);
- «Степногорск тау-кен химия кешенi» ЖШС — Қызылту кен орнының мыс-молибден кендерiн қайта өңдеу үшiн байыту фабрикасын реконструкциялау (Степногорск қ., құны — 970,8 млн. теңге, қуаты —
1 млн. тонна кен, 227 жұмыс орны).
2017 жылы 95,4 млрд. теңге сомасына 7 жоба iске қосылды, 1119 жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Көкше Цемент» ӨБ» ЖШС — цемент зауытының құрылысы (Бiржан сал ауданы, құны — 63,1 млрд. теңге, қуаты — 2 млн. тонна, 650 жұмыс орны);
- «Қазақалтын Technology» ЖШС — Ақсу кенiшiнде алтын өндiру фабрикасының құрылысы (Степногорск қ., құны — 11,8 млрд. теңге, қуаты — 1100 кг дейiн Доре қорытпасы, 103 жұмыс орны).
2018 жылы 52,3 млрд. теңге сомасына 4 жоба iске қосылды, 1146 жұмыс орны ашылды, оның iшiнде iрiлерi:
- «Макинск құс фабрикасы» ЖШС — жылына тiрiдей салмағы 60 мың тонна өнiмдiлiгiмен бройлерлер өсiру жөнiндегi құс фабрикасының құрылысы (Бұланды ауданы, құны — 45,6 млрд. теңге, қуаты — 60 мың тонна, 910 жұмыс орны);
- «Astana Ceramic» ЖШС — керамикалық тас және блоктар шығару бойынша жаңа желiсiн жаңғырту және кеңейту (Целиноград ауданы, құны — 3,8 млрд. теңге, қуаты — 30 млн. дана, 60 жұмыс орны).