Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2019 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтiк-экономикалық даму қортындысы және 2-тоқсанға қойылатын мiндеттер туралы ақпарат

Облыстық спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Қазiргi кезде дене шынықтыру және спорт басқармасымен жүзеге асырылуы бойынша жұмыс iстеп жатқан басты құжаттар — Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты 2025 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасы, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Аумақтарды дамытудың бағдарламасында спорт саласы үшiн 2 нысаналы индикатор айқындалды.

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2019 жылдың 1 қаңтарында дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 213886 адамды немесе 29 % құрады (жоспар — 28%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю 10128 адамды құрады 1,4 % немесе, орындау — 105,7%. 2019 жылға жоспар — 29,5%.

2.Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт мектептерiнде және балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында шұғылданатындардың саны 621 адамға немесе 0,2% артты және 18444 адам немесе 15 % құрады (жоспар — 14,9%). Орындау 100,7% құрады. 2019 жылға жоспар — 15,1%.

Жоғары көрсеткiштер Степногорск қаласында (33,5 %), Жарқайың (30,3%), Жақсы (30,3%) аудандарында байқалуда.

Қазiргi уақытта облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстейдi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмiн бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.

Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтамасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 2 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi және Бұланды ауданында нұсқаушы-әдiскер мүлде жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1617 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, ол дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 76,7%.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.

Бiрiншi тоқсан iшiнде Астрахан ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы аяқталды (жобаның құны 259,8 млн.теңге), Ерейментау ауданында ДШСК-нiң (жобаның құны 457,4 млн.теңге), Бұланды ауданы Макинск қаласында жабық хоккей кортының (жобаның құны 59 млн.теңге) құрылысы жүргiзiлуде, Бурабай ауданында Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрленуде.

Халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшiн заманауи спорт алаңдары мен хоккей корттарын салу жұмысы жалғастырылуда. Қазiргi уақытта «Менiң Елiм» әлеуметтiк инвестициялық бағдарламаның аясында спорт алаңдарын салу бойынша «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс жүргiзiлуде.

Жергiлiктi жерi бойынша жұмысты 13 жасөспiрiмдер, 5 балалар мен жасөспiрiмдер дене тәрбиесi клубтары жүзеге асырады. Оларда жалпы 5120 адам спортпен шұғылданады.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 213 адамды қамтиды.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында облыста 908 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 70750 адам қатысты. Ауылда 37131 адамның қатысуымен 645 iс-шара өткiзiлдi. Былтырғы жылмен салыстырғанда iс-шаралардың саны 30%-ға азайды, бұл ауыл округтерi әдiскерлерi жұмысының нашарлығына байланысты.

«2019 жылы кешендi спартакиадаларды өткiзу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес 9 спорт түрiнен «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиада өткiзiлдi. Оның ақтық жарыстары Бұланды ауданында өттi. Спартакиаданың барлық кезеңдерiне 8500 адам қатысты.

Облыс орталығында 12 спорт түрiнен ведомстволық «Бiрлiк» спартакиадасы басталды, оған 11 команда қатысады.

Ақпан айында облыстың 6 өңiрiнде (Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Зерендi аудандары, Көкшетау және Степногорск қалалары) қысқы спорт түрлерiнiң фестивалi өткiзiлдi. Осы iс-шараға 3000 астам адам қатысты.

Облыста бұқаралық спортпен қатар жоғары жетiстiктер спорты дамытылуда.

Облыста 29 спорт мектебi (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған 1мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады.

Спорт мектептерiнде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 48 спорт түрi дамытылуда (олардың iшiнде 26 олимпиадалық), жаттығушылар саны — 14974 адам.

Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар — шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, футболдан «Оқжетпес» ФК (әйелдер мен ерлер футбол командалары), баскетболдан «Синегорье» БК (әйелдер мен ерлер) және футзал командасы.

«Арлан» хоккей командасы 2018-2019 жылғы Құрылық кубогiнiң жеңiмпазы атанды және 2018-2019 маусымда ҚР Чемпионатында 3-орынға ие болды.

Қазiргi уақытта Ұлттық лига командалары арасындағы ҚР чемпионатында 2018-2019 маусымда «Синегорье» әйелдер баскетбол командасы 4-орында, ерлер баскетбол командасы 5-орында.

Премьер-Лига командалар арасындағы ҚР Чемпионатында «Оқжетпес» ФК (ерлер) 11 турдан кейiн 11-орында.

ҚР ұлттық құрама командаларының құрамына түрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 406 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 237, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 169 адам (2018 жылы барлығы 364 адам).

Жыл басынан берi 1-разрядты 12 спортшы, 70 спорт шеберлiгiне үмiткер, 8 спорт шеберi, 19 халықтық дәрежедегi спорт шеберi, 1 еңбек сiңiрген спорт шеберi даярланды.

2019 жылғы 1-тоқсандағы басты оқиғалар.

1) «Дети Азии» халықаралық спорттық ойындар, ол Южно-Сахалинск қаласында (Ресей) 8-17 ақпаны аралығында өттi. ҚР құрамасының қатарында ел намысын 5 ақмолалық спортшы қорғады: 3 — шаңғы жарыстары және

3 биатлоншы. Ойындардың қорытындылары бойынша биатлоншылар Куралес Вадим және Червенко Данил әртүрлi дәрежедегi 6 медаль жеңiп алды.

2) Дүниежүзiлiк қысқы универсиада, ол Красноярск қаласында (Ресей) 2-12 наурыз аралығында өттi, онда облыстан 7 спортшы қатысты: 1 — спорттық бағдарлау, 6 — шаңғы жарыстары. Осы жарыстарда Гридин Никита мен Климин Олжас шаңғы эстафетасында 2-орынға ие болды.

3) Дүниежүзiлiк жазғы арнайы ойындар 8-22 наурызы аралығында Абу-Даби қаласына (БАӘ) өттi. ҚР құрама командасының құрамында Ақмола облысының 5 спортшысы қатысты: 4 — пауэрлифтингтен, 1 — волейболдан. Олар барлығы

12 медаль жеңiп алды.

4) Қазақстан Республикасының қысқы-жазғы жастар ойындары. Облыс спортшылары бағдарламасының 17 спорт түрiнен 9 түрiне қатысып, барлығы 36 медаль жеңiп алды. Жалпыкомандалық есепте бiздiң қоманда 6-орынға ие болды.

Республикалық және халықаралық жарыстарға облыс спортшылары қатысып барлығы 384 медальға ие болды. (2018 жылы — 376 медаль).

Ынталандыру және материалдық көтермелеу үшiн нәтижелерi мен рейтингiне байланысты 43 жетекшi спортшыға 50-176 мың теңге аралығында ай сайынғы ақшалай қаржыландыру төленедi. Халықаралық аренадағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн бiржолғы сыйақы төленедi.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша жұмыс тұрғысында жыл басынан бастап спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша 84 қызмет, спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 2 қызмет және спорт мектептерiне «мамандандырылған» және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» мәртебесiн беру бойынша 5 қызмет көрсетiлдi.

Салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында облыстың жетекшi спортшыларының «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасындағы «00:00» және «Көкше нұры» бағдарламаларында апта сайынғы қатысуын үйымдастырылды.

Облыстың жетекшi спортшылары жастармен, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларымен кездесулерге белсендi қатысады.

Бiрiншi тоқсанда Полиция департаментi «Таңдау өзiңде» есiрткiге қарсы акциясын ұйымдастырды, оның аясында облыстың жетекшi спортшылары бокстан қола жүлдегерлер Ибрагимова Карина мен Балтабаева Жансая, каратэ-додан ҚР чемпиондары мен жүлдегерлерi Красный яр ауылы мен Щучинск қаласының жалпы бiлiм беретiн мектептерi мен колледждерiнiң оқушыларымен кездесу өткiздi.

ММА-дан халықтық дәрежедегi спорт шеберi Шавкат Рахмонов Көкшетау қаласының БЖСМ джиу-джису бөлiмшесiнiң оқушыларымен кездестi.

2019 жылғы 2-тоқсанның негiзгi мiндеттерi:

1.Халықтың жүйелi түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен қамтылуын 29,5 %-ға арттыру.

2. Заманауи спорт алаңдарының желiсiн кеңейту.

3. Ерейментау ауданының Ерейментау қаласына дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Бұланды ауданының Макинск қаласында жабық хоккей кортының құрылысы.

4. Облыстың жетекшi спортшыларының ҚР жазғы спартакиадасына дайындалуы мен қатысуы.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:56
Жаңартылған күні: 18.04.2019 09:06
Қаралым саны: 9334
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75