Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қортындысы және
2019 жылдың 1 тоқсанына арналған мiндеттер туралы
ақпарат

Облыстық спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Қазiргi кезде дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асыру бойынша жұмыс iстеп жатқан басты құжаттар — Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты 2025 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасы, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Аумақтарды дамытудың бағдарламасында спорт саласы үшiн 2 нысаналы индикатор белгiлендi.

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2019 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдай бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 213886 адамды немесе 28,9 % құрады (жоспар — 28%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю 10128 адамды құрады, немесе 1,3 %, орындау — 103,2%.

2.Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт мектептерiнде және балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында шұғалданышулардың саны 621 адамға немесе 0,2% артты және 18444 адам немесе 15 % құрады (жоспар — 14,9%). Орындау 100,7% құрады.

Осылайша екi индикатор орындалды.

Жоғары көрсеткiштер Степногорск қаласында (33,5 %), Жарқайың (30,3%), Жақсы (30,3%) аудандарында байқалуда.

Қазiргi уақытта облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстейдi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 13 шiлдедегi №а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмiн бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар. Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 2 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi және Бұланды ауданында нұсқаушы-әдiскер бiр де бiр ауылдық округте жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1617 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, ол дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 76,7%.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.

2018 жылы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында 62 млн. теңге сомасына жасанды жабыны бар футбол алаңы және жеңiлдетiлген конструкциялардан жасалған спорт залы (жобаның құны 316 млн.тенге) салынды.

Инвесторлар қаражаты есебiнен Сандықтау ауданында жабық хоккей корты (150 млн. теңге) және 2 треннажер залы (16 млн. теңге) салынды, Қорғалжын ауданында стадион қайта жөнделдi (30 млн теңге).

Астрахан ауданының Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенi салынып жатыр (жобаның құны 259,8 млн.теңге). Аяқталу мерзiмi — 2019 жыл.

Аршалы, Ерейментау, Целиноград, Есiл, Бiржан Сал аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысына мемлекеттiк сараптамасымен ЖСҚ әзiрлендi. Бурабай ауданында Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрлеу аяқталып жатыр.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлiгi дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi құрылысының 2019-2022 жылдарға арналған

Жол картасын әзiрледi, оған ДСК салу қажеттiлiгi бар облыстың 9 өңiрi кiрдi. Жобаны 70% республикалық бюджеттен және 30% жершiлiктi бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2019 жылы 2 жобаға өтiнiм берiлдi — Ерейментау және Целиноград аудандарында ДСК салу.

Халықтың, бос уақытын ұйымдастыру үшiн заманауи спорт алаңдары мен хокей корттарын салу жұмысы жүргiзiлiп жатыр. 2018 жылы облыста 39 спорт алаңы салынды. Оның iшiнде «Менiң Елiм» әлеуметтiк инвестиция бағдарламасының аясында «Самұрық-Қазына» қорымен 4 спорт алаң салынды (Степногорск қ., Есiл қ., Бурабай аудынында Бурабай к., Целиноград ауданында Қажымұқан а.).

Ведомствоға бағынысты ұйымдардың спорттық базасын нығайту мақсатында бiрнеше жыл «Казкомерцбанк» АҚ меншiгiнде болған жеңiлатлетикалық манеж сатып алынды. Аталған нысан «Жоғары спорттық шеберлiк мектебi» КММ балансына берiлдi. Щучинск МБЖСМ 67844 мың теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлдi.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 210 адамды қамтиды. Биылғы жылы спортшыларға қолжетiмдiлiктi кеңейту мақсатында клуб ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзiлдi: ғимарат iшiндегi табалдырықтар жойылды, көше пандусы орнатылды (еңiсi 8 градус) және ғимараттың екiншi қабатына ШМХ көтерiлуi үшiн көше электр көтергiшi орнатылды, есiк жақтаулары кеңейтiлдi (мүгедектер арбалары еркiн кiруi үшiн), санитарлық бөлмелер жабдықталды (тұтқалар орнатылды).

Жергiлiктi жер бойынша жұмысты 13 жасөспiрiмдер, 5 балалар мен жасөспiрiмдер дене тәрбиесi клубтары жүзеге асырады. Оларда жалпы 5120 адам спортпен шұғылданады.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында облыста 3707 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 238761 адам қатысты. Ауылда 130202 адамның қатысуымен 2838 iс-шара өткiзiлдi. Былтырғы жылмен салыстырғанда iс-шаралардың саны 5,6 %-ға өстi.

«2018 жылы кешендi спартакиадаларды өткiзу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес келесi спартакиадалар өткiзiлдi

-9 спорт түрiнен «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиадасы өткiзiлдi. Оның ақтық жарыстары Степногорск қаласында өттi. Спартакиаданың барлық кезеңдерiне 8184 адам қатысты.

-Физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар арасындағы «Надежда» спартакиадасы 9 спорт түрiнен Көкшетау қаласында өткiзiлдi, ол 253 адамды қамтыды.

-11 ұлттық және халықтық спорт түрлерiнен «Құлагер» спартакиадасы Ақкөл ауданында өттi. Қатысушылардың саны 600 адамды құрады.

-11 спорт түрiнен жазғы «Ақ бидай», оның финалдық жарыстары Есiл ауданында өттi. Спартакиаданың барлық кезеңдерiнде 16159 адам қатысты.

-Облыс орталығында 11 спорт түрiнен ведомстволық «Бiрлiк» спартакиадасы өттi, оған 12 команда қатысты.

Облыста бұқаралық спортпен қатар жоғары жетiстiктер спорты дамытылады.

Облыста 29 спорт мектебi (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған 1мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады. Көкшетау қаласында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бурабай» спорт сарайының базасында жаңа мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi ашылды.

Спорт мектептерiнде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 48 спорт түрi дамытылуда (олардың iшiнде 26 олимпиадалық), жаттығушылар саны — 14974 адам.

Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар — шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, футболдан «Оқжетпес» ФК (әйелдер мен ерлер футбол командалар), баскетболдан «Синегорье» БК (әйелдер мен ерлер баскетбол) және футзал командасы.

Футзалдан ерлер командасы ҚР Чемпионатында 5 орын алды.

«Синегорье» әйелдер баскетбол командасы ҚР тұрақты чемпионатында 2017-2018 маусымда 2-орын, ерлер баскетбол командасы жоғарғы лига командаларының арасындағы ҚР тұрақты чемпионатында 3-орын алды.

«Оқжетпес» ФК (ерлер) 2017-018 жылғы маусымның бiрiншi лига командаларының арасындағы ҚР чемпионатында 1 орын алып, келесi масымның Премьер-Лигасына шықты.

«Оқжетпес» әйелдер футбол командасы күмiс жүлдегер атанды.

«Арлан» хоккей командасы 2017-2018 жылғы маусымда ҚР чемпионаты атанды.

ҚР ұлттық құрама командалардың құрамына түрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 386 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 200, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 186 адам (2017 жылы барлығы 364 адам).

2018 жылдың басынан бастап 1-разрядты 153 спортшы, 259 спорт шеберлiгiне үмiткер, 35 спорт шеберi, 7 халықтық дәрежедегi спорт шеберi, 1 еңбек сiңiрген спорт шеберi даярланды (2017 жылы барлығы 536 адам).

2018 жылғы халықаралық спорттық жарыстардың басты оқиғалар:

1)ХХIII қысқы Олимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-25 ақпан аралығында өттi. ҚР құрамасының қатарында ел намысын 6 ақмолалық спортшы қорғады: 3 — шаңғы жарыстары (Волотка Денис, Величко Евгений, Тюленева Валерия) және 3 биатлоншы (Еремин Роман, Хамитгатин Тимур, Райкова Алина).

2)ХII қысқы Паралимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-18 ақпан аралығында өттi, онда шаңғы жарыстарында бiздiң облысымыздың атынан Бурабай ауданының өкiлi, тiрек қимыл аппараты зақымданған спортшы Петренко Денис өнер көрсетiп, эстафетада 6-орынға ие болды.

3)XVIII Азия ойындары 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегi аралығында Суматра аралының (Индонезия) Джакарта және Палембанг қалаларында өттi. Ақмола облысының намысын аталған жарыста 6 спорт түрiнен 8 спортшы қорғады (баскетбол, бокс, велоспорт-шоссе, триатлон, семсерлесу және белбеу күресi). Осы жарыстарда бiздiң спортшылар 3 медаль жеңiп алды: Дмитрий алексанин (семсерлесу) жеке есепте алтын медаль және командалық есепте қола медаль жеңiп алды, Бейсембаев аян (триатлон) күмiс медальға ие болды.

4)Азия Пара ойындары 6-13 қазан аралығында Индонезияда өттi.

ҚР құрама командасының құрамында паралимпиадашы Дегтярев Давид өнер көрсетiп, пауэрлифтингтен жарыстарда күмiс жүлдегер атанды.

5)Жасөспiрiмдердiң III жазғы олимпиада ойындарына әлемнiң 15-18 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Бiздiң облысымыздан аталған ойындарға 2 спортшы қатысты — бұл боксшы Шайкен Талғат және жеңiл атлетшi Глухарева Анастасия. Нәтижесiнде Шайкен Талғат күмiс медал жеңiп алды.

2018 жылғы республикалық деңгейдегi кешендi жарыстар — Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүлделерiне арналған халық ойындары 13 орын), есту мүшелерi зақымданған спортшылар арасындағы сурдоспартакиада (7 орын).

Республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса отырып, спортшылар 803 медальға ие болды. (2017 жылы — 596 медаль).

Ынталандыру және материалдық көтермелеу үшiн нәтижелерi мен рейтингiне байланысты 38 жетекшi спортшыға 48-192 мың теңге аралығында ай сайынғы ақшалай қаржыландыру төленедi. Халықаралық аренадағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн бiржолғы сыйақы төленедi.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша жұмыс тұрғысында жыл басынан бастап спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша 567 қызмет, спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 4 қызмет және спорт мектептерiне «мамандандырылған» және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру бойынша 8 көрсетiлдi.

2019 жылғы I тоқсанның негiзгi мiндеттерi:

1.Халықтың жүйелi түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен қамтылуын 29 %-ға арттыру.

2.Заманауи спорт алаңдарының желiсiн кеңейту.

3.Астрахан ауданының Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенi құрылысын аяқтау, Ерейментау ауданының Ерейментау ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысын бастау.

4.Облыстың жетекшi спортшыларының кешендi республикалық жарыстарға қатысуы: қысқы Жастар ойындары, жазғы спартакиада, паралимпиада ойындары, ұлттық спорт түрлерiнiң фестивалi.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:56
Жаңартылған күні: 15.01.2019 16:27
Қаралым саны: 7370
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng