Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2018 жылғы 1-жарты жылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық даму қортындысы және 2018 жылғы 2-жарты жылдыққа мiндеттер туралы ақпарат

Облыстық спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Қазiргi кезде дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асыру бойынша жұмыс iстеп жатқан басты құжаттар — Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты 2025 жылға дейiн дамытудың тұжырымдамасы, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Аумақтарды дамытудың бағдарламасында спорт саласы үшiн 2 нысаналы индикатор белгiлендi.

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2018 жылдың 1 қаңтарында дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 203758 адамды немесе 27,6 % құрады (жоспар — 27%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю 8424 адамды құрады, немесе 1,4 %, орындау — 102%. 2018 жылға арналған жоспар — 28%.

2. Балалар мен жасөспiрiмдердiң жалпы санынан балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтарында дене шынықтыру және спортпен шыұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт мектептерiнде және балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында шұғалданышулардың саны 1663 адамға немесе 1,1% артты және 17658 адам немесе 14,8% құрады (жоспар — 14,8%). 2018 жылға арналған жоспар — 14,9%.

Осылайша екi индикатор орындалды.

Жоғары көрсеткiштер Степногорск қаласында (33,4 %), Жарқайың (29,4%), Жақсы (29,4%), Зерендi (29,4%) аудандарында байқалуда. Көкшетау (25,6%) қаласында, Бурабай (25,7%) ауданында көрсеткiштер орташа облыстықтан төмен.

Қазiргi уақытта облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстейдi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмiн бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2079 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1148 адам. Оның iшiнде 1101 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 151 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 392 жаттықтырушы-оқытушы бар.

Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 158 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 67,8% құрайды.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 2 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi және Бұланды ауданында нұсқаушы-әдiскер мүлде жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1567 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, ол дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 75,4%.

Аудандық және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмдерiнiң статистикалық мәлiметтерi бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2355 спорт имараты бар, оның iшiнде ауылда — 1672. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт имараттарының саны 54 бiрлiкке артты.

2018 жылы аудан орталықтарын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiмен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылатын болады: Астрахан ауданында ДСК құрылысы жоспарлануда (жобаның құны 259,8 млн.теңге), Ерейментау ауданында ДСК ЖСҚ әзiрленiп, құрылысы басталды (жобаның құны 350 млн.теңге), Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрлендi (жобаның құны 1 млрд.теңге). Шортанды ауданы мен Көкшетау және Степногорск қалаларында спорт алаңдары жабдықталды. Көкшетауда 62 млн. теңге сомасына жасанды жабыны бар футбол алаңының, жеңiлдетiлген конструкциядан спорт залының (жобаның құны 316 млн. теңге) құрылыстары жүргiзiлуде.

Инвесторлар қаражатының есебiнен Жақсы, Сандықтау аудандарында, Степногорск қаласында спорт алаңдары салынды.

Қазiргi кезде, «Менiң Елiм» әлеуметтiк инвестиция бағдарламасының аясында алаңдар салу бойынша «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс жүргiзiлуде. Облыстан 6 жоба енгiзiлдi.

Жұмысты 4 жасөспiрiмдер, 5 балалар мен жасөспiрiмдер және қызығушылығы бойынша 47 дене-сауықтыру клубы жүзеге асырады. Оларда жалпы 21570 адам спортпен шұғылданады.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 210 адамды қамтиды.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында облыста 2272 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 126437 адам қатысты. Ауылда 66140 адамның қатысуымен 1768 iс-шара өткiзiлдi. Былтырғы жылмен салыстырғанда iс-шаралардың саны 16%-ға өстi.

«2018 жылы кешендi спартакиадаларды өткiзу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес 9 спорт түрiнен «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиадасы өткiзiлдi. Оның ақтық жарыстары Степногорск қаласында өттi. Спартакиаданың барлық кезеңдерiне 8184 адам қатысты.

Физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар арасындағы «Надежда» спартакиадасы 9 спорт түрiнен Көкшетау қаласында өткiзiлдi, ол 253 адамды қамтыды.

11 ұлттық және халықтық спорт түрлерiнен «Құлагер» спартакиадасы Ақкөл ауданында өттi. Қатысушылардың саны 600 адамды құрады.

Облысымыздың 5 өңiрiнде (Зерендi, Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Көкшетау) 9 ақпанда олимпиадашыларды қолдауға арналған қысқы спорт түрлерiнiң фестивалi өттi. Аталған iс-шараға 5000 астам адам қатысты.

Облыс орталығында 11 спорт түрiнен ведомстволық «Бiрлiк» спартакиадасы басталды.

Дәстүрлi түрде жыл басында қысқы спорт түрлерiнiң фестивалi өткiзiледi. Ағымдағы жылы ол ҚР құрама командасының қатарында Олимпиада ойындарына қатысқан бiздiң олимпиадашыларды қолдауға арналды. Аталған iс-шараға 5000 астам адам қатысты.

Облыста бұқаралық спортпен қатар жоғары жетiстiктер спорты дамытылады.

Облыста 29 спорт мектебi (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған 1мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады. Көкшетау қаласында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бурабай» спорт сарайының базасында жаңа мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi ашылды.

Спорт мектептерiнде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 43 спорт түрi дамытылуда (олардың iшiнде 22 олимпиадалық), жаттығушылар саны — 14107 адам.

Облыста Қазақстан Республикасы чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар — шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, футболдан «Оқжетпес» ФК (әйелдер мен ерлер футбол командалар), баскетболдан «Синегорье» БК (әйелдер мен ерлер баскетбол) және футзал.

«Арлан» хоккей командасы 2017-2018 жылғы маусымда ҚР чемпионы атанды.

«Синегорье» әйелдер баскетбол командасы ҚР тұрақты чемпионатында 2017-2018 маусымда 2-орын, ерлер баскетбол командасы жоғарғы лига командаларының арасындағы ҚР тұрақты чемпионатында 3-орын алды.

«Оқжетпес» ФК (ерлер) 18 турдан кейiн бiрiншi лига командаларының арасындағы ҚР чемпионатында 2-орында.

Ерлер футзал командасы ҚР Чемпионатында 5-орында.

ҚР ұлттық құрама командалардың құрамына түрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 364 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 200, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 164 адам.

2018 жылдың басынан бастап 1-разрядты 67 спортшы, 136 спорт шеберлiгiне үмiткер, 7 спорт шеберi, 3 халықтық дәрежедегi спорт шеберi даярланды.

Ақмола облысының спортшылары үшiн 2018 жыл 4 жылдықтың басты оқиғасымен басталды.

1)ХХIII қысқы Олимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-25 ақпан аралығында өттi. ҚР құрамасының қатарында ел намысын 6 ақмолалық спортшы қорғады: 3 — шаңғы жарыстары (Волотка Денис, Величко Евгений, Тюленева Валерия) және 3 биатлоншы (Еремин Роман, Хамитгатин Тимур, Райкова Алина).

2)ХII қысқы Паралимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-18 ақпан аралығында өттi, онда шаңғы жарыстарында бiздiң облысымыздың атынан Бурабай ауданының өкiлi, тiрек қимыл аппараты зақымданған спортшы Петренко Денис өнер көрсетiп, эстафетада 6-орынға ие болды.

Республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса отырып, спортшылар 639 медальға ие болды. (2017 жылы — 453 медаль).

Ынталандыру және материалдық көтермелеу үшiн нәтижелерi мен рейтингiне байланысты 38 жетекшi спортшыға 48-192 мың теңге аралығында ай сайынғы ақшалай қаржыландыру төленедi. Халықаралық аренадағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн бiржолғы сыйақы төленедi.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша жұмыс тұрғысында жыл басынан бастап спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша 202 қызмет, спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 2 қызмет және спорт мектептерiне «мамандандырылған» және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру бойынша 2 көрсетiлдi.

2018 жылғы 2-жарты жылдықтың негiзгi мiндеттерi:

1.Халықтың жүйелi түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен қамтылуын 28 %-ға арттыру.

2.Қазiргi спорт алаңдардың желiсiн кеңейту.

3.Астрахан ауданының Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiн, Көкшетау қаласында «Оқжетпес» БЖФМ спорт залы мен футбол алаңын салу.

4.Бұланды ауданының Макинск қаласындағы жүзу бассейнiнiң құрылысын аяқтау.

5.Бурабай ауданында спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрлеу.

6.Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң ЖСҚ әзiрлеу және құрылысты бастау.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:56
Жаңартылған күні: 16.07.2018 17:55
Қаралым саны: 3909

Қаз Рус Eng