Тарихи-мәдени мұраны қорғау

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметi «Киелi география» арнайы жобасын жүзеге асыру және тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған. Нәтижесiнде облыс бойынша 200-ден аса киелi объектiлер анықталып, оның 10-ы жалпыұлттық маңызы (республикалық) бар картаға, 33 облыстық объект өңiрлiк деңгейдегi киелi картаға енген, 43 объектiге QR-коды орнатылды.

Атқарылған жұмыс нәтижесiнде Ақмола облысында анықталған тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң саны — 1793, оның iшiнде 4 ескерткiш республикалық маңызы бар, 1032 жергiлiктi маңызы бар, алдын ала есеп тiзiмiне 757 объект енгiзiлдi. Ақмола облысында жаңадан анықталған ескерткiштер саны жыл сайын артып отырады.

12 шiлдеде Көкшетау-Нұр-Сұлтан тас жолы бойында орналасқан 5 ескерткiштiң: Бiржан сал, Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, Балуан шолақ, Абылай ханның немересi Кенесары Қасымұлы ескерткiштерiнiң бейнетұсаукесерi өттi.

Бурабай ауданы Жаңаталап ауылында жоғалу қаупi төнiп тұрған Ақмола облысының қорғандарын, ежелгi қоныстарын қорғау-құтқару мақсатында өткен «Қазыналық қазба — ұлт құндылығы» археологиялық экспедициясына Ш.Уәлиханов ат. КМУ, А.Мырзахметов ат. Көкшетау университетiнiң, ҚР IIМ ТЖ комитетi Көкшетау техникалық институтының студенттерi және Көкшетау қаласы мен Зерендi ауылы мектептерiнiң оқушылары қатысты. Табылған жәдiгерлер облыстық тарихи-өлкетану музейiне тапсырылатын болады.

Құрылған күні: 25.07.2019 14:57
Жаңартылған күні: 25.07.2019 14:57
Қаралым саны: 316
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус