ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, балаларды әлеуметтік қорғау

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 003 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1-топтағы — 2 779 адам, 2-топтағы — 11 191 адам, 3-топтағы — 12 272 адам, мүгедек-балалар — 2 761 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықтап орнату жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 -2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жылсайынғы облыстық көрме өткiзiлдi.

Конкурсқа халықтың әлеуметтiк-осал топтарына жататын санаттағыларды, соның iшiнде өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларды қолдау бойынша жобалар ұсынылды.

Құрамына облыстық басқармалардың, «Нұр Отан» партиясының, облыстық мәслихаттың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiрген өңiрлiк конкурстық комиссия қатысушылардың баяндамаларын бағалады. Iс-шараға 16 әлеуметтiк жоба қатысты.

Өңiрлiк конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша «Прометей» қоғамдық қорының «Сотталғандарды әлеуметтендiру және қалыпты әлеуметтiк бейiмделуге даярлау» әлеуметтiк жобасы жеңiмпаз деп танылып, диплом және жүлде ретiнде теледидармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегiнде Астана қаласында «Қазақстанның үздiк әлеуметтiк жобалары» атты республикалық көрме өттi. Облыстан 4 жоба ұсынылды. Байқау қорытындысы негiзiнде республика бойынша 52 жоба iшiнен бiреуi жеңiпаз аталды, екеуi екiншi және үшiншi орынға ие болды. Сонымен қатар, Комиссияның шешiмiмен 5 арнайы сыйлық бегiлендi, оның екеуiн Ақмола облысынан «Сотталғандарды әлеуметтендiру және қоғамдағы қалыпты әлеуметтiк бейiмделуге дайындық», «Индекс души» жобалары иелендi.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Атап айтқанда, 2018 жылы 326,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

-санаториялы-курорттық емделумен 159,3 млн. теңге сомасына 1 446 адам, оның iшiнде 20 мүгедек-бала бар. 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 1 226 мүгедек қамтылды;

-тифлотехникалық құралдармен 31,2 млн. теңге сомасына — 191 құрал; 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 173 мүгедек қамтылды;

-сурдотехникалық құралдармен 19,3 млн. теңге сомасына — 326 құрал; 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша мүгедектер 132 бiрлiкпен қамтылды;

-кресло-арбалармен 36,2 млн. теңге сомасына — 471 құрал; 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 471 мүгедек қамтылды;

-протездiк-ортопедиялық құралдармен 80,1 млн.теңге сомасына — 1 742 құралмен қамту жоспарланды, 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша мүгедектер 1 035 бiрлiкпен қамтылды;

-«Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ — 2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен сөйлеу процессорымен 16,8 млн.тенгеге 4 мүгедек қамтылды.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамту жоспарланды (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 568 әлеуметтiк қызметкермен 2 839 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде, мүгедектер — 117, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 136, ҚҚК бұзушылығы бар — 137, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 130, қарттар — 2 319). 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 436,7 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 маманымен 148 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша игеру сомасы 29,5 млн. теңгенi құрады. 671 жеке көмекшiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 685 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша игерудiң сомасы 82,2 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 289,9 млн. теңге сомасына 3 563 мүгедек қамтылды.

Құрылған күні: 15.04.2015 17:13
Жаңартылған күні: 15.10.2018 16:34
Қаралым саны: 6352
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng