ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, балаларды әлеуметтік қорғау

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 821 барлық топтағы мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1-топтағы — 2 751 адам,2-топтағы — 11 297 адам, 3-топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу жұмыстары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың теңге сомасына 27 жол белгiсiн және 1 жаяу жүргiншi өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015 — 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiн өткiзу жоспарлануда. Бүгiнгi таңда республикалық жоспар негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайың — 2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

 — санаториялы-курорттық емделумен 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адам, соның iшiнде 20 мүгедек-бала;

- тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құрал; 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектер 154 данасымен қамтылды;

- сурдотехникалық құралдармен 11,6 млн. теңге сомасына 215 құрал; 2018 ж.01.06. жағдайына мүгедектер 112 бiрлiкпен қамтылды;

- кресло-арбалармен 38 млн. теңге сомасына 448 құрал; 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектер 406 данасымен қамтылды;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамту жоспарланған, 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша 205 мүгедек 297 данасымен қамтылды;

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге қарастырылды (РБ — 2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражат есебiнен сөйлеу процессорымен 16,8 млн.теңгеге 4 мүгедектi қамту жоспарлануда.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдармен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамту жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 591 әлеуметтiк қызметкер 2 864 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 119, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 152, ҚҚК бұзушылығы бар — 145, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 134, қарттар — 2 314). 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша 190,1 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 маманымен есту кемiстiгi бар 145 мүгедек үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша игеру сомасы 9,5 млн. теңгенi құрады. 635 жеке көмекшiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 648 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша игерудiң сомасы 30,2 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 122,6 млн. теңге сомасына 2 653 мүгедек қамтылды.

Құрылған күні: 15.04.2015 17:13
Жаңартылған күні: 12.07.2018 11:56
Қаралым саны: 5169

Қаз Рус Eng