Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 003 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1-топтағы — 2 779 адам, 2-топтағы — 11 191 адам, 3-топтағы — 12 272 адам, мүгедек-балалар — 2 761 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлер қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiн жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда.

2018 жылы 595 мың теңге сомасына 27 жол белгiсi орнатылды және 1 жаяу жүргiншiлер өткелi қайта жабдықталды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында, «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрме өткiзiлдi.

Конкурсқа халықтың әлеуметтiк-осал топтарына жататын санаттағыларды, оның iшiнде өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларды қолдау бойынша жобалар ұсынылды.

Қатысушылардың баяндамаларын құрамына облыстық басқармалардың, «Нұр Отан» партиясының, облыстық мәслихаттың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiретiн өңiрлiк конкурстық комиссиясы бағалады. Iс-шараға 16 әлеуметтiк жоба қатысты.

Өңiрлiк конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша «Прометей» қоғамдық қорының «Сотталғандарды әлеуметтендiру және қалыпты әлеуметтiк бейiмделуге даярлау» әлеуметтiк жобасы жеңiмпаз деп танылып, диплом және жүлде ретiнде теледидармен марапатталды.

2018 жылдың 28 қыркүйегiнде Астана қаласында «Қазақстанның үздiк әлеуметтiк жобалары» атты республикалық көрме өттi. Облыстан 4 жоба ұсынылды. Байқау қорытындысы негiзiнде республика бойынша 52 жоба iшiнен бiреуi жеңiмпаз аталды, екеуi екiншi және үшiншi орынға ие болды. Сонымен қатар, Комиссияның шешiмiмен 5 арнайы сыйлық белгiлендi, оның екеуiн Ақмола облысынан «Сотталғандарды әлеуметтендiру және қоғамдағы қалыпты әлеуметтiк бейiмделуге дайындық», «Индекс души» жобалары иелендi.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Атап айтқанда, 2018 жылы 326,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

- шипажайлық-курорттық емделумен 159,3 млн. теңге сомасына 1 449 адам, оның iшiнде 14 мүгедек-бала бар;

- тифлотехникалық құралдармен 31,2 млн. теңге сомасына — 257 құрал;

- сурдотехникалық құралдармен 19,3 млн. теңге сомасына — 326 құрал;

- кресло-арбалармен 36,2 млн. теңге сомасына — 471 құрал;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен 80,1 млн.теңге сомасына — 1 740,5 құралдармен қамтылды;

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ — 2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен сөйлеу процессорымен 16,8 млн.теңгеге 4 мүгедек қамтылды.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 540 адамды қамту жоспарланды (жартылай стационар — 254, үй жағдайы арқылы — 223, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 63).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсетумен 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 561 әлеуметтiк қызметкермен 2 840 адамға қызмет көрсетiледi (оның iшiнде, мүгедектер — 114, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 126, ҚҚК бұзушылығы бар — 138, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 141, қарттар — 2 321). 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес 586,7 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 маманымен 152 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша игеру сомасы 35,7 млн. теңгенi құрады. 689 жеке көмекшiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 703 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша игерудiң сомасы 121,3 млн. теңгенi құрады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 354,9 млн. теңге сомасына 3 944 мүгедек қамтылды.

Құрылған күні: 01.02.2019 14:45
Жаңартылған күні: 01.02.2019 14:50
Қаралым саны: 127
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng