Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Дін

2019 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi жағдай бойынша Ақмола облысындағы дiни ахуал туралы
ақпарат

Облыста 188 тiркелген дiни бiрлестiк (бұдан әрi — ДБ) әрекет етедi:

89 ислам, 44 — православ, 11 — католик, 43 — протестанттық, 1 дәстүрлi емес Бахаи дiнi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк тiркеуден бас тартып отырған евангель христиан-баптистерiнiң 10 қауымдастығы бар (Көкшетау қ., Степногорск қ., Бұланды ауданының Макинск қ., Есiл ауданының Есiл қ., Бурабай ауданының Щучинск қ. және Бурабай к., Жақсы ауданының Запорожье а., Атбасар ауданының Сергеевка а., Астраханка ауданының Астраханка а., Сандықтау ауданының Балкашино а.).

Дiни нысандар 150, олардың iшiнде мешiттер — 89, православ шiркеулерi — 28, католик костелдары — 11, протестанттық құлшылық ету үйлерi — 22. Бұланды ауданының Макинск қ. евангель христан-баптистерiнiң ғибадат үйi өртенуiне байланысты ғибадат үйлерiнiң саны 1 бiрлiкке кемiдi.

Ақмола облысының аумағында 77 миссионер бар. Олардың арасында:

23 адам Польшадан, 5 адам Филиппиннен, 5 адам Ресейден, 48 адам Қазақстаннан.

29 миссионер католицизмдi, 34 миссионер — православиенi, 1 миссионер — исламдi, 13 миссионер протестантизмдi тұтады.

Есептi кезеңде миссионердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы 6 куәлiк берiлдi.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi, келу мерзiмiн қысқарту немесе облыс аумағынан тыс жерлерге миссионерлердi шығару жағдайлары орын алған жоқ.

Мемлекеттiк конфессияаралық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 214 адам бар 23 дiн мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру топтарымен (АТТ) кешендi ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жалғастырылуда.

2019 ж. басынан берi облыста АТТ 547 iс-шара өткiздi, оған 14 014 адам қатысты.

01.04.2019 ж. дейiнгi жағдай бойынша Ақмола облысының БАҚ дiни қатынастар саласындағы ағарту тақырыптарында 480 материал жарық көрдi. Олардың iшiнде: баспасөз басылымдарында 84 материал жарияланды; облыстық және аудандық телестудияларда 12 телематериал көрсетiлдi (сюжеттер, бейнероликтер және телебағдарламалар); интернет-ресурстарында 384 ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Жүйелi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының нәтижесi конфессияаралық келiсiм, шиеленiстердiң және дiни негiздегi қайшылықтардың жоқтығы болып табылады. Облыстағы дiни ахуал тұрақты.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:52
Жаңартылған күні: 19.04.2019 09:32
Қаралым саны: 7983
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75