Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Дін

2018 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша
Ақмола облысындағы дiни ахуал
туралы ақпарат

Облыста 196 тiркелген дiни бiрлестiк (бұдан әрi — ДБ) әрекет етедi: 97 ислам, 44 — православ, 11 — католик, 43 — протестанттық, 1 дәстүрлi емес Бахаи дiнi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк тiркеуден бас тартып отырған евангель христиан-баптистерiнiң 10 қауымдастығы бар (Көкшетау қ., Степногорск қ., Бұланды ауданының Макинск қ., Есiл ауданының Есiл қ., Бурабай ауданының Щучинск қ. және Бурабай к., Жақсы ауданының Запорожье а., Атбасар ауданының Сергеевка а., Астраханка ауданының Астраханка а., Сандықтау ауданының Балкашино а.).

Дiни объектiлер –159, оның iшiнде: мешiт — 97, православ шiркеуi — 28, католик костелi — 11, протестанттық құлшылық ету үйлерi — 23.

Облыс аумағында жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген дiни ғимараттардан тыс дiни рәсiмдер өткiзуге арналған 19 ғимарат бар (намазхана — 17, православ кiшi ғибадатханасы — 1 және православ дiнiн уағыздауға арналған 1 үй-жай).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 маусымдағы № А-7/303 қаулысына сәйкес, дiни әдебиеттердi таратуға арналған 2 стационарлық үй-жай бекiтiлдi: Щучинск қ., Бурабай ауданы — «Кiтаптар әлемi» кiтап дүкенi және Жақсы ауданы Жақсы а. — «Жақсы» дүкенi.

Ақмола облысының аумағында 98 миссионер бар. Олардың арасында: 19 адам Польша азаматтары, 5 адам Филиппиннен, 1 адам Украинадан, 5 адам Ресейден, 68 адам Қазақстан азаматтары.

19 миссионер исламды, 31 православиенi, 30 миссионер католицизмдi, 17 миссионер протестантизмдi уағыздайды.

Жыл басынан берi миссионерлердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы 26 куәлiк берiлдi.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi, келу мерзiмiн қысқарту немесе облыс аумағынан тыс жерлерге миссионерлердi шығару уақиғалары орын алған жоқ.

Мемлекеттiк конфессиялық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамына 214 адам кiретiн дiн мәселелерi жөнiндегi 23 ақпараттық-түсiндiру топтарымен (бұдан әрi — АТТ) кешендi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастырылуда.

Жыл басынан берi облыста АТТ 1447 iс-шара өткiздi, оған 37 255 адам қатысты. Жалпы алғанда, АТТ мүшелерi өткiзген iс-шаралармен барлық негiзгi нысаналы аудитория қамтылды: жастар (жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушылары, ТжКБ, ЖОО студенттерi, маргиналды жастар), мемлекеттiк және азаматтық қызметшiлер, әскери қызметкерлер, өндiрiстiк және коммерциялық кәсiпорындардың қызметкерлерi, дiншiл жамағат, сотталғандар.

01.07.2018 күнгi жағдай бойынша Ақмола облысының БАҚ-тарында дiни қатынастар саласындағы тақырыптарды жария ететiн 1163 материал жарық көрдi. Олардың iшiнде: баспасөз басылымдарында 315 материал жарияланды; облыстық және аудандық телестудияларда 52 телематериал көрсетiлдi (сюжеттер, бейнероликтер және телебағдарламалар); интернет-ресурстарда 796 ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Ақмола облысының ДIБ ғаламтор-ресурсы (udr.akmo.gov.kz) өз жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан басқарманың сайтында әр түрлi сипаттағы 99 материал орналастырылды (басылымдар, фотосуреттер, бейнероликтер және т.б.).

Конфессияаралық келiсiм, шиеленiстердiң және дiни негiздегi қайшылықтардың болмауы, жүйелi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының нәтижесi болып табылады. Облыстағы дiни ахуал тұрақты.

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 17:52
Мақаланы жаңартқан күні 17.07.2018 15:03
Қаралым саны: 4181
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;