Дін

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
Ақмола облысындағы дiни ахуал
туралы ақпарат

Облыста 188 тiркелген дiни бiрлестiк (бұдан әрi — ДБ) әрекет етедi:

89 ислам, 44 — православ, 11 — католик, 43 — протестанттық, 1 дәстүрлi емес Бахаи дiнi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк тiркеуден бас тартып отырған евангель христиан-баптистерiнiң 10 қауымдастығы бар (Көкшетау қ., Степногорск қ., Бұланды ауданының Макинск қ., Есiл ауданының Есiл қ., Бурабай ауданының Щучинск қ. және Бурабай к., Жақсы ауданының Запорожье а., Атбасар ауданының Сергеевка а., Астраханка ауданының Астраханка а., Сандықтау ауданының Балкашино а.).

Дiни объектiлер — 151, оның iшiнде: мешiт — 89, православ шiркеуi — 28, католик костелi — 11, протестанттық құлшылық ету үйлерi — 23.

Облыс аумағында жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген дiни ғимараттардан тыс дiни рәсiмдер өткiзуге арналған 19 ғимарат бар (намазхана — 17, православ кiшi ғибадатханасы — 1 және православ дiнiн уағыздауға арналған 1 үй-жай).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 маусымдағы № А-7/303 қаулысына сәйкес, дiни әдебиеттердi таратуға арналған 2 стационарлық үй-жай бекiтiлдi: Щучинск қ., Бурабай ауданы — «Кiтаптар әлемi» кiтап дүкенi және Жақсы ауданы Жақсы а. — «Жақсы» дүкенi.

Ақмола облысының аумағында 85 миссионер бар. Олардың арасында: 24 адам Польша азаматтары, 5 Филиппиннен, 5 адам Ресейден, 51 адам Қазақстан азаматтары.

34 православиенi, 33 миссионер католицизмдi, 17 миссионер протестантизмдi және 1 исламды тұтады.

Жыл басынан берi миссионерлердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы 92 куәлiк берiлдi.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi, келу мерзiмiн қысқарту немесе облыс аумағынан тыс жерлерге миссионерлердi шығару уақиғалары орын алған жоқ.

Мемлекеттiк конфессиялық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамына 214 адам кiретiн дiн мәселелерi жөнiндегi 23 ақпараттық-түсiндiру топтарымен (бұдан әрi — АТТ) кешендi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастырылуда.

Жыл басынан облыста АТТ 3103 iс-шара өткiздi, оған 74 500 адам қатысты. Жалпы алғанда, АТТ мүшелерi өткiзген iс-шаралармен барлық негiзгi нысаналы аудитория қамтылды: жастар (жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушылары, ТжКБ, ЖОО студенттерi, маргиналды жастар), мемлекеттiк және азаматтық қызметшiлер, әскери қызметкерлер, өндiрiстiк және коммерциялық кәсiпорындардың қызметкерлерi, дiншiл жамағат, сотталғандар.

01.01.2019 күнгi жағдай бойынша Ақмола облысының БАҚ-тарында дiни қатынастар саласындағы тақырыптарды жария ететiн 2118 материал жарық көрдi. Олардың iшiнде: баспасөз басылымдарында 580 материал жарияланды; облыстық және аудандық телестудияларда 93 телематериал көрсетiлдi (сюжеттер, бейнероликтер және телебағдарламалар); интернет-ресурстарда 1445 ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Конфессияаралық келiсiм, шиеленiстердiң және дiни негiздегi қайшылықтардың болмауы, жүйелi ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының нәтижесi болып табылады. Облыстағы дiни ахуал тұрақты.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:52
Жаңартылған күні: 24.01.2019 09:28
Қаралым саны: 7140
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng