Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға және жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

Облыста 148996 жастар тұрады, бұл жалпы облыс халқының 20,2% құрайды.

2018 жылы облыста жастар саясаты саласын қаржыландыру сомасы 485,3 млн теңгенi құрады.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (20 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адамға тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетiледi.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2018 жылғы II тоқсанда жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 % төмен.

2018 жылдың II тоқсанында NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 6,1 % құрады, бұл республикалық деңгейден 1,6 % төмен.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 3872 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 1842 ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 139 адам, ал жастар практикасына 448 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 3749 адам жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.

2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 241 адам 40,6 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде мамандар: бiлiм — 183 адам; денсаулық сақтау — 43 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету — 2; мәдениет — 4; спорт — 4; агроөнеркәсiптiк кешенде — 5 адам.

Бюджеттiк несиелердi 1044,3 млн теңге сомасына 308 адам алды, оның iшiнде мамандар: бiлiм — 228 адам, денсаулық сақтау — 53, әлеуметтiк қамтамасыз ету — 4; мәдениет — 13: спорт — 3; агроөнеркәсiптiк кешенде — 7 адам.

Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).

Облыста 65 жастар бiрлестiгi тiркелген. Оның iшiнде 45 жұмыс iстейдi. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.

2018 жылы жастар саясаты мәселелерi басқармасымен маңызды әлеуметтiк жобалардың конкурстарын өткiзу үшiн 11 лотқа 54388,0 мың теңге бөлiндi. Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2017-2018 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлер саны 276 адамға жеттi. 2018 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.

Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 39 ұйымында және облыстың 4 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.

Мақаланы құрған күні 06.04.2017 18:34
Мақаланы жаңартқан күні 10.09.2018 11:46
Қаралым саны: 3896
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;