Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға және жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

Облыста жастар санатынан 148 996 адам тұрады, бұл жалпы облыс халық санынан 20,2 % құрайды.

2018 жылы облыста жастар саясаты саласын қаржыландыру сомасы 436,9 млн теңгенi құрайды.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (20 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға жәрдем жасалынады.

Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2018 жылдың 2-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,7 % төмен.

2018 жылдың 2-тоқсанында NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 6,1 % құрады, бұл республикалық деңгейден 1,6 % төмен.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 4557 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 2197 ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 159 адам, ал жастар iс-тәжiрибесiне — 529 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 4093 адам жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдайын жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.

2018 жылғы 1 қыркүйек күнiне қарай 248 адам 41,7 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде мамандар: бiлiм — 187 адам; денсаулық сақтау — 46 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету — 2; мәдениет — 4; спорт — 4; агроөнеркәсiптiк кешенде — 5 адам.

Бюджеттiк несиелердi 1425,8 млн теңге сомасына 417 адам алды, оның iшiнде мамандар: бiлiм — 315 адам, денсаулық сақтау — 70, әлеуметтiк қамтамасыз ету — 4, мәдениет — 16: спорт — 5; агроөнеркәсiптiк кешенде — 7 адам.

Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).

Облыста 65 жастар бiрлестiгi тiркелген. Оның iшiнде 45 жұмыс iстейдi. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.

2018 жылы жастар саясаты мәселелерi басқармасымен маңызды әлеуметтiк жобалардың конкурстарын өткiзу үшiн 11 лотқа 54388,0 мың теңге бөлiндi.

Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2017-2018 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлер саны 276 адамға жеттi. 2018 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.

Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 39 ұйымында және облыстың 5 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.

Құрылған күні: 06.04.2017 18:34
Жаңартылған күні: 12.10.2018 11:04
Қаралым саны: 4297
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng