Өңірдің өнеркәсібі

2019 жылғы қаңтар-наурыздағы Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 162,7 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 102,8%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,9% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар қойыртпалар 20,0%-ға, мыс қойыртпалары 30,8%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 102,6% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 118,3%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 95,5%, сүт 19,9%, сары майы 62,4%, өсiмдiк майы 19,7% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ — 76,3%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 30,5% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ — 69,5%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 37,6% төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ — 149,4%) қаптар мен полиэтиленнен жасалған пакеттер өндiрiсi 15,5 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ — 107,6%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсiм «ЕПК Степногорск» АҚ кәсiпорны бойынша байқалды (подшипниктер, 29,1% — ға).

Есептi кезеңде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және мамандандырылған автомобильдер өндiрiсi 35,5%-ға төмендеп, 78 бiрлiктi құрады (2017ж. қаңтар-наурыз — 121 бiрлiк).

Металлургия саласының (НКИ — 102,4%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 1,3%, төмендеуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiмен байланысты.

«СТХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу көлемi «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ шикiзаттарын жеткiзу көлемiне сәйкес 700 тоннаны құрады (11,9% — ға төмендеу).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 2 аймақта жол берiлген — Көкшетау қ. (88,0%), Зерендi (96,7%).

Құрылған күні: 16.04.2015 15:49
Жаңартылған күні: 19.04.2019 17:21
Қаралым саны: 8901
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус