Өңірдің өнеркәсібі

Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбалардың келiсiмшарттары бойынша ақпарат
(2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша)

Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге арналған 179 келiсiмшарт жасалды.

Аудандар бөлiнiсiнде қолданылатындары: Целиноград ауданы — 57 (саз, ұсақ тас, әктас, құм, құрылыс тас, қиыршықтас), Аршалы — 39 (саз, ұсақ тас, құрылыс тас, қиыршықтас, құм), Зерендi — 19 (балшық, құм, құрылыс тас, қиыршықтас, каолин), Шортанды — 12 (саз, құрылыс тас, қиыршықтас), Бурабай — 9 (саз, құрылыс тас, құм), Ерейментау — 8 (кварцит, құм, құрылыс тас), Астрахан — 6 (құрылыс тас, қиыршықтас), Бiржан сал — 5 (әктас, қаптама тас, құрылыс тас, қызыл түстi құмдақ, құрылыс құм), Көкшетау қ. — 5 (қиыршық тас-құм қоспасы, құм, саз), Ақкөл — 4 (граниттер, саз, құм, атқылаудан кейiнгi жыныстар), Қорғалжын — 4 (кварц құм, құрылыс құм), Сандықтау — 3 (балшық, қаптама тас, құрылыс тас), Жарқайың — 3 (құрылыс тас, құм), Есiл — 2 (қиыршық тас-құм қоспасы), Атбасар — 2 (қиыршықтас, саз), Егiндiкөл — 1 (құм).

Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтiк-
экономикалық дамуының қорытындысы жөнiндегi анықтама

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 244,8 млрд. теңгенi құрады. Тауар өнiмiнiң НКИ — 102,8%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,9% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 11,3%-ға, мыс кендер 13,9%-ға артуымен байланысты болды.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 102,1% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 119,4%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 18,7%, өсiмдiк майы 25,2%, ұн 33,1%, сүт 12,3% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ — 91,4%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 8,9% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ — 70,3%) пестицидтер өндiрiсi 38,8%-ға төмендеу орын алды.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ — 81,5%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 33,2% төмендедi.

Машина жасау саласында (НКИ — 122,7%) жетекшi кәсiпорындары: «ЕПК Степногорск» (темiр жол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоз жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу).

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша а.ж. қаңтар-мамыр айларында тауарлық өнiм көлемi 3,5 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 112,2% құрады;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 72,4%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» а.ж. қаңтар-мамыр айларында жүк және мамандырылған автомобильдер өндiрiсi 208 дананы құрады (2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейiнде).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ — 125,8%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерi 30,9%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ — 98,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 4,2% төмендеуi байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 995 тоннаны құрады (2017 жылы салыстырғанда, 14,4%-ға өстi).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 7 өңiрiнде жол берiлдi: Бұланды (80,9%), Егiндiкөл (96,7%), Ерейментау (74,8%), Есiл (98,4%), Жарқайың (82,6%), Зерендi (91,7%), Қорғалжын (74,4%).

Құрылған күні: 16.04.2015 15:49
Жаңартылған күні: 26.06.2018 16:23
Қаралым саны: 3869

Қаз Рус Eng