Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмдi оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясындатехникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлануда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адам қамтылады;

- қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.05.2019 қорытындысы бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 674 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2676 адам, оның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адам қамтылады. 01.05.2019 қорытындысы бойынша 1047 адам оқудан өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында

450 грант беру. 01.05.2019 қорытындысы бойынша 163 адам грант алды.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2779 адамды белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарлануда. 01.05.2019 қорытындысы бойынша 1765 адам қамтылдыi оның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1060 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 424 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 281 адам (жоспар 496) жiберiлдi.

2019 жылғы 4 ай бойынша облыста 2906 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардан 28,3 % (10 260) ашылды, оның iшiнде 2047 тұрақты жұмыс орны, оның iшiнде ауылдық жерлерде 978 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласына тиесiлi (440).

Құрылған күні: 01.02.2019 14:39
Жаңартылған күні: 20.05.2019 09:28
Қаралым саны: 739
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75