Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2903 адам, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адам қамтылды;

- қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 1713 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты аясында жұмыспен қамту шараларымен 2995 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 2072 адам қамтылды.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 923 азаматқа 3,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 4359 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 2817 адам немесе 125,9% (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 809 адам немесе 138,1% (жоспар 586);

- жастар тәжiрибесiне 733 адам немесе 127% (жоспар 577) жолданды.

Құрылған күні: 01.02.2019 14:39
Жаңартылған күні: 01.02.2019 14:53
Қаралым саны: 121
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng