Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2017–2021 жылдарға арналған бағдарлама

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде 2017 жылдың қорытындылары бойынша Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша индикативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi анықтама

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Ақмола облысында маңызды нысаналы индикаторлардың 2017 жылғы орындалуына талдау жүргiзiлдi.

Мембағдарламаның шеңберiнде 45 көрсеткiштiң 4 нысаналы индикаторына қол жеткiзу қарастырылды, оның iшiнде:

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 39 көрсеткiш нәтижелерiнiң 2 нысаналы индикаторына қол жеткiзу көзделдi;

Нысаналы индикаторлар:

2015 жылға қарағанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгiнiң индексi:

2017 жылғы 12 айда (ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң алдын ала деректерi бойынша) 2015 жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда 134,9%-ды құрады (жоспар 110%). Орындалды.

2015 жылға қарағанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң (қызметтердiң) нақтылы көлем индексi:

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 2015 жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда 131,6%-ды құрады (жоспар 112,1%). Орындалды.

Мiндеттер:

1-мiндет: шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту;

Нәтиже көрсеткiштерi:

Ауыл шаруашылығы кооперативтерiне тартылғандар саны (шаруа мен үй шаруашылықтары);

Бұл көрсеткiш орындалды және 9 мың бiрлiктi құрады (жоспар — 9 мың бiрлiк);

Қолданыстағы ауыл шаруашылығы кооперативтердiң саны

Бұл көрсеткiш орындалды және 35 бiрлiктi құрады (жоспар — 32 бiрлiк), оның iшiнде:

сүт қабылдау пункттерi бойынша.

Бұл көрсеткiш орындалды және 30 бiрлiк құрады (жоспар — 30 бiрлiк).

мал сою пункттерi бойынша (сонымен қатар, мал сою алаңдарын толықтай жарақтандыру жолымен).

Бұл көрсеткiш орындалды және 2 бiрлiктi құрады (жоспар — 1 бiрлiк).

Кооперативтермен дайындаған еттiң көлемi

Бұл көрсеткiш 0,4 мың тоннаны құрады (жоспар — 0,4 мың тонна), көрсеткiшке қол жеткiзiлдi.

Кооперативтермен дайындаған сүттiң көлемi

Бұл көрсеткiш орындалды және 8,8 мың тоннаны құрады (жоспар — 7,0 мың тонна).

2-мiндет: iшкi нарықты қанықтыру және отандық өнiмнiң экспорттық әлеуетiн дамыту;

Нәтиже көрсеткiштерi:

Арпаның өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 658,7 мың тоннаны құрады (жоспар — 504,3 мың тонна).

Сұлының өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 55,8 мың тонна құрады (жоспар — 47,2 мың тонна).

Майлы тұқымның өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 206,1 мың тоннаны (жоспар — 164,2 мың тонна).

Мал азығы дақылдардың өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 569,0 мың тоннаны құрады (жоспар — 569,0 мың тонна).

Картоптың өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 281,0 мың тоннаны құрады (жоспар — 266,0 мың тонна).

Көкөнiстердiң өндiрiлген көлемi.

Қолайсыз табиғи-ауа райы жағдайына байланысты (құрғақшылық) 2017 жылы көкөнiс дақылдары өндiрiсiнiң азаюына жол берiлдi. Сонымен қатар, 2017 жылғы тасқын суларына байланысты (су басулар) Атбасар, Целиноград, Астрахан және Сандықтау аудандарында 2016 жылмен салыстырғанда егiстiк алқаптары қысқартылды, өйткенi ол жерлердi су басты және 60,4 мың тоннаны құрады (жоспар — 76 мың тонна). Қол жеткiзiлген жоқ.

Жемiс-жидек пен жүзiмнiң өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалған жоқ және 1,8 мың тоннаны құрады (жоспар — 3,0 мың тонна).

Құс етiнiң өндiрiлген көлемi.

2017 жылы бұл көрсеткiш 18,1 мың тоннаны құрады (жоспар — 19 мың тонна). Көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ.

Целиноград ауданы «Капитал Прожект» ЖШС бастапқы көлемнiң орындалмауына байланысты көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ. Атап айтқанда, жоспарланған 15 мың тонна еттiң орнына 13,5 мың тонна өндiрiлдi немесе 2017 жылғы жоспарға 1,5 мың тонна көрсеткiшке қол жеткiзiлмедi.

Сиыр етiнiң өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш 22,3 мың тоннаны құрады (жоспар — 22,5 мың тонна). Көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ.

Өндiрiс 33%-ға немесе 423 тоннаға төмендеген Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС-да айналым қаражатының болмауына байланысты, көрсеткiшке қол жеткiзiлмедi.

Қой етiнiң өндiрiлген көлемi

2017 жылы бұл көрсеткiш 4,2 мың тоннаны құрады (жоспар — 4,2 мың тонна).

Шошқа етiнiң өндiрiлген көлемi.

2017 жылы бұл көрсеткiш 9,4 мың тоннаны құрады (жоспар — 10,4 мың тонна).

Жыл сайынғы өндiрiс көлемi 9,5 мың тоннадан аспайтынына қарамастан, ҚР АШМ көрсеткiштiң асыра көтерiлiп көрсетiлуiне байланысты, көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ. Осыған байланысты, қол жеткiзiлмеген көлем 1000 тоннаны құрады. Сонымен қатар, Целиноград ауданының жеке қосалқы шаруашылықтарында өндiрiстiң 48 тоннаға, Зерендi ауданында 25 тоннаға, Жақсы ауданында 27 тоннаға, Ерейментау ауданында 32 тоннаға және Ақкөл ауданында 72 тоннаға төмендеуiне жол берiлдi. Негiзгi себебi: тұрғылықты халық шошқа өсiрумен айналысқысы келмейдi.

Сүттiң өндiрiлген көлемi.

2017 жылы сүттiң өндiрiлген көлемi 385,3 мың тоннаны құрады (жоспар — 389,0 мың тонна). Бұл көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ.

Жобалық қуатына шығуы 2018 жылға жоспарланған Астрахан ауданының «Терлой» ЖШС, Ерейментау ауданының «Хамзе» ШҚ, Ақкөл ауданының «МММ» ШҚ, Шортанды ауданының «Әлинұр» ЖШС, «Пюр Продукт» ЖШС сияқты кәсiпорындардың жобалық қуатына шықпауына байланысты, көрсеткiшке қол жеткiзiлген жоқ. Астрахан ауданының «Гранит Петровка» ЖШС-да сауын табынында бруцеллез анықталды және 405 бас сиыр жойылды.

Өсiмдiк майының өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 22,3 мың тоннаны құрады (жоспар — 14 мың тонна).

Қоспалы мал азығының өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 190 мың тоннаны құрады (жоспар — 190 мың тонна).

Шұжық өнiмдерiнiң өндiрiлген көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 1,8 мың тоннаны құрады (жоспар — 1,1 мың тонна).

Сары майдың өндiрiлген көлемi

Бұл көрсеткiш 0,7 мың тоннаны құрады (жоспар — 0,6 мың тонна).

Қатты iрiмшiктiң өндiрiлген көлемi

Бұл көрсеткiш орындалды және 0,152 мың тоннаны құрады (жоспар — 0,07 мың тонна).

Сүттi қайта өңдеу үлесi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 26% құрады (жоспар — 26%).

Еттi қайта өңдеу үлесi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 28% құрады (жоспар — 24%).

Сүттi қайта өңдеу кәсiпорындары жүктелуiнiң деңгейi. Бұл көрсеткiш орындалды және 48,9% құрады (жоспар 45%).

Еттi қайта өңдеу кәсiпорындары жүктелуiнiң деңгейi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 70,6% құрады (жоспар — 60%).

Майлы дақылдарды өңдеу кәсiпорындары жүктелуiнiң деңгейi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 46,9% құрады (жоспар — 36%).

Қоспалы мал азығын дайындайтын кәсiпорындары жүктелуiнiң деңгейi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 51,5% құрады (жоспар — 50%).

3-мiндет: Мемлекеттiк қолдаудың қаржылық шараларын тиiмдi қолдану.

Нәтиже көрсеткiштерi.

2015 жылға қарағанда ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестициялардың НКИ.

2017 жылы бұл көрсеткiш 2015 жылға қарағанда (2015 жылға жоспар — 175%) 143,2% құрады. Қол жеткiзiлген.

2016 жылы ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестиция 51679,6 млн.теңгенi құрады.

Ақмола облысының аумағында «Әлiби» компания топтарының шаруашылықтарымен 11741,6 млн.теңге жалпы сомасына 74 John Deere маркалы астық жинау комбайны сатып алынды (оның iшiнде «Запорожье» ЖШС 952,0 млн теңге сомасына 6 бiрлiк; «Жаркаинская Нива» ЖШС 1904 млн.теңге сомасына 12 бiрлiк; «Бауменское» ЖШС 1904 млн.теңге сомасына 12 бiрлiк; «Атбасарская Нива» ЖШС 5394,8 млн.теңге сомасына 34 бiрлiк; «Сочинское» ЖШС 1586,7 млн.теңге сомасына 10 бiрлiк).

2016 жылы негiзгi капиталға салынған инвестициялардың НКИ 2015 жылғы деңгейден 198%-ға жоғары болды (ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлермен осы көрсеткiш жыл сайын қолдау таппайды).

Осы себеп бойынша 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексi» нысаналы индикатор бойынша 143,2%-ға дейiн төмендеуге жол берiлдi (жоспар — 175%). Аршалы ауданында 83,1% (жоспар 100%), Астрахан ауданында 79,6% (97%), Атбасар ауданында 35% (60%), Бұланды ауданында 31,2% (100%), Егiндiкөл ауданында 53,7% (100%), Еңбекшiлдер ауданында 39,2% (100%), Есiл ауданында 54,3% (100,0%), Жақсы ауданында 54,6% (100%) Жаркайың ауданында 44,0% (100%), Қорғалжын ауданында 74,6% (100%), Целиноград ауданында 76,6% (100%), Шортанды ауданында ауданында 31,1%-ға (95,0%) төмендеу, осы көрсеткiшке қол жеткiзбеуге ықпал еттi.

Мақұлданған инвестициялық жобалардың саны.

Астана қ. төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2017 жылы 10,9 млрд. теңге (жоспар 10,1 млрд.теңге) сомасына 12 (жоспар — 8 бiрлiк) жоба iске асырылды, оның iшiнде:

6,2 млрд. теңге сомасына астық қоймалары — 5;

0,8 млрд. теңге сомасына жылыжай кешенi — 2;

1,4 млрд. теңге сомасына диiрмен кешенi — 3;

2,5 млрд. теңге сомасына сүт өндiрiсi — 2;

Бұл көрсеткiш орындалды.

5-мiндет: Жер ресурстарын тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау.

Нәтиже көрсеткiштерi.

Сумен қамсыздандырылған тұрақты суландыру жерлерiнiң ауданы.

Бұл көрсеткiш орындалды және 4 мың га-ны құрады (жоспар — 4 мың га).

Сумен қамсыздандырылған көлдете суармалау жерлерiнiң ауданы. Бұл көрсеткiш орындалды және 33 мың га-ны құрады (жоспар — 33 мың га).

Суландырылған жайылымдар ауданы. Бұл көрсеткiш орындалды және 282 мың га-ны құрады (жоспар — 282 мың га).

Жаңадан салынған және жаңғыртылған суат құрылыстарының саны (шахталы, құбырлы құдықтар).

Бұл көрсеткiш орындалды және 94 бiрлiктi құрады (жоспар — 94 бiрлiк).

6-мiндет. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң техникамен және химизациялау құралдарымен қамтамасыз етiлуiн арттыру.

Машино-трактор паркiн жаңартудың орташа деңгейi (трактор, комбайн, тұқым сепкiш, аспалы жабдық).

Бұл көрсеткiш орындалды және 2,6% құрады (жоспар — 1,9%).

Тұқымдар және көшеттер бойынша нәтиже көрсеткiштерi.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының себiлген бiрегей тұқымдар көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 2562 тоннаны құрады (жоспар — 2562 тонна).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының себiлген элиталық тұқымдар көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 22644 тоннаны құрады (жоспар — 22644 тонна).

Өнеркәсiп саласы, сауда мен тауарлар бойынша 7 нәтиже көрсеткiшiнiң 2 нысаналы индикаторына қол жеткiзу көзделдi;

Нысаналы көрсеткiштер:

Азық-түлiк тауарлары экспортының көлемi:

2017 жылы 254,5 млн. АҚШ долларын құрады (жоспар — 260 млн. АҚШ доллары). Қол жеткiзiлген жоқ.

2015 жылға қарағанда азық-түлiк тауарлары көтерме саудасының нақтылы көлем индексi:

2015 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 2017 жылы 103,4% құрады (жоспар — 106%). Ағымдағы жылы азық-түлiк тауарларының көтерме саудалаудың НКИ төмендеуi, Атбасар адуанының «Атбасар ҰН» ЖШС, Зерендi ауданының «Молочный завод» ЖШС, Көкшетау қ. «МОЛОКО СИНЕГОРЬЯ» «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС, Шортанды ауданының «Белая ЛИЛИЯ» ЖШС, Жарқайың ауданының «AGRO NOOR ASIA 2014» ЖШС, Целиноград ауданының «ABDIS-GEO» ЖШС, Аршалы ауданының «АНАР» НҚП» ЖШС-да азық-түлiк тауарлары бойынша төмендеудiң орын алуымен түсiндiрiледi.

Азық-түлiк тауарларының экспорты, оның iшiнде:

Ұн. 2017 жылы бұл көрсеткiш 36,1 млн. АҚШ долларын құрады (жоспар 41 млн. АҚШ доллары). Орындалған жоқ.

Астық. 2017 жылы бұл көрсеткiш 164,7 млн. АҚШ долларын құрады (жоспар — 141 млн. АҚШ доллары). Орындалды.

Майлы тұқымдар. 2017 жылы бұл көрсеткiш 42,4 млн. АҚШ долларын құрады (жоспар — 30 млн.АҚШ доллары). Орындалды.

Сиыр етi. 2017 жылы бұл көрсеткiш 0,061 млн. АҚШ долларын құрады (жоспар — 3,3 млн. АҚШ доллары). Орындалған жоқ.

Ақмола облысының тауар өндiрушiлерi азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында, көбiнесе сиыр етiн Астана қаласына жеткiзуге бағдарланған және елорданың азық-түлiк нарығына сиыр етiн негiзгi жеткiзушiлерi болып табылады.

Сонымен қатар, ағымдағы сәтте өндiрiлген өнiмiнiң негiзгi импорттаушысы Ресей Федерациясының азық-түлiк нарықтарында iрi қара мал етiне қолайсыз баға конъюнктурасы енгiзiлген, ол сиыр етiн экспорттаудың жоспарлы көрсеткiштерiн iске асыруға керi ықпал етедi.

3-мiндет: Мемлекеттiк қолдаудың қаржылық шараларын тиiмдi қолдану.

Нәтиже көрсеткiштерi.

2015 жылға қарағанда тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң негiзгi капиталына инвестициялардың НКИ.

2017 жылы бұл көрсеткiш орындалды және 2015 жылға қарағанда 263,4%-ды құрады (2015 жылғы 188 мың тонна жоспарында).

Табиғатты пайдалануды реттеу саласы бойынша 2 көрсеткiш нәтижесiне қол жеткiзу қарастырылды.

Оның iшiнде, балықтың сиг түрлерiн өсiру көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 2 тоннаны құрады (жоспар — 2 тонна).

Балықтың тұқы түрлерiн өсiру көлемi.

Бұл көрсеткiш орындалды және 23 тоннаны құрады (жоспар — 23 тонна).

Құрылған күні: 14.04.2015 12:35
Жаңартылған күні: 12.07.2018 11:02
Қаралым саны: 5612
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng