Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Құқықтық ағарту

2018 жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне меншiк құқығын қорғауды күшейту, төрелiк, сот жүктемесiн оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына қол қойды.

Заңмен 42 заңнамалық актiге, оның iшiнде 11 кодекске меншiк құқығын қорғауды күшейтуге, төрелiктi дамытуға, сот жүктемесiн оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды iзгiлендiруге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.

Заң жалпы түзетулердiң бес тобын қарастырады.

Түзетулердiң бiрiншi тобы меншiк құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Банктiк қарыз шарттары бойынша тараптардың мүлiктiк құқықтарын қамтамасыз ету үшiн «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Заңындада: банктiк шотты жүргiзгенi үшiн және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергенi үшiн қос комиссияларды ; ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны алуға тыйым салынатындығы көзделдi.

Салық кодексiнде, Неке және отбасы туралы Кодексте және «Төлемдер және төлем жүйелерi туралы» Заңында алименттiк төлемдер үшiн ашылатын арнайы шоттардан балаларды ұстауға арналған алименттiк төлемдердi өндiрiп алуға тыйым салу белгiленген.

Заң қарыз алушы-борышкердiң банктiк шотынан ақшаны оның берешегiн төлеу есебiне алуға шектеу енгiзедi, оған сәйкес оның шотында айлық ең төменгi күнкөрiс деңгейiне тең сома қалуға тиiс. Бұл норма қиын қаржылық жағдайға түскен қарыз алушы жеке тұлғаларды әлеуметтiк қорғауға бағытталған.

«Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Заңында борышкердiң кепiлге салынған жылжымайтын мүлiктi өз бетiмен сатуы үшiн үш ай мерзiм белгiленген, оның мүмкiндiгi бұрын болмаған.

Сондай-ақ, түзетулер Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алып қою кезiнде тең құнды өтеудi қамтамасыз ету үшiн жағдай жасайды.

Мысалы, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» заңда өтем мөлшерi нарықтық құн бойынша анықталатын болады деп белгiленедi. Қазiр алып қойылатын учаскенiң құны кадастрлық баға немесе азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешiмiнде көзделген құн бойынша анықталады.

Бұдан басқа, мәжбүрлеп алып қою жүзеге асырылатын елдi мекен шегiнде құны тең өзге жер учаскесiн беру мәселесi рәсiмдiк реттелдi. Қазiргi уақытта алып қойылатын жер учаскесiнiң орнына басқа жер учаскесiн беру мүмкiндiгi қарастырылған, алайда мұндай беру тәртiбiнiң өзi реттелмеген.

Бұл ретте, мемлекет пайдасына одан алынған учаскенiң орнына меншiк иесiне құны тең жер учаскесiн беруге байланысты шығыстарды әкiмдiктер көтередi деп белгiленедi. Сондай — ақ Конституциялық Кеңестiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi №4 нормативтiк қаулысына сәйкес «ерекше жағдайлар» және «мемлекеттiк қажеттiлiктер» ұғымдарына анықтамалар берiлдi.

Сондай-ақ, түзетулер мүлiктi тәркiлеу кезiнде тұлғалардың мүлiктiк құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы мақсатта қылмыстық Iс жүргiзу кодексiнде қылмыстық процестiң (сотқа дейiнгi және сот) әрбiр сатысында мүлiктi тәркiлеу туралы шешiм қабылдағанға дейiн оның қылмыстық шығу фактiсiн анықтау қажеттiгi нақтыланады.

Бұдан басқа, ҚIЖК-де қылмыстық қудалау органы бұрын салған тыйым салуды және үкiмдi орындауға байланысты тәркiленген мүлiктен өзге де ауыртпалықтарды алып тастау жөнiндегi соттың құзыретi белгiленедi.

Түзетулердiң екiншi тобы заңнаманы халықаралық актiлердiң ережелерiне сәйкес одан әрi келтiру ұсынылатын «Төрелiк туралы» Заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге бағытталған.

Атап айтқанда, мемлекеттiк органның не квазигоссектор субъектiлерiнiң қатысуымен дауларды төрелiк қарау кезiнде шетелдiк құқықты қолдану мүмкiндiгi берiледi. Бұл түзету квазигосектор субъектiлерiне сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының арбитражына жүгiнуге мүмкiндiк бередi.

Бұдан басқа, түзетулермен тиiстi саланың уәкiлеттi органының тарабы квазигоссектор субъектiсi болып табылатын төрелiк келiсiмдi жасасуға келiсiмi қайтарып алынбайтын сипатта болады.

Сондай-ақ заң төрелiк шешiмдi орындаудан бас тартудың негiзi төрелiк құрамының заң талаптарына сәйкес келмеуi ғана емес, сондай-ақ осы құрамның тараптардың келiсiмiне сәйкес келмеуi болып табылатындығы туралы нормамен толықтырылады.

Үшiншi топ сот жүктемесiн оңтайландыруға бағытталған түзетулердi құрайды.

Мәселен, Азаматтық iс жүргiзу кодексiне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерiстер енгiзiлдi, оған сәйкес соттар бұрын қарайтын 9 даусыз талаптар нотариустарға берiледi. Бұл, мысалы, жалақыны өндiрiп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы және т. б. талаптар.

Сонымен қатар, тараптардың келiсiмдерiне негiзделген 10 талап жеңiлдетiлген (жазбаша) iс жүргiзуден соттың бұйрықтық iс жүргiзуiне берiлдi.

Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға берiледi. Бұл сот орындаушылардың банк шоттарының нөмiрлерi және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы; борышкердiң мүлкiне, сондай-ақ жосықсыз жеке немесе заңды тұлғаның банктердегi ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкердi мәжбүрлеп алып келу соттарда қалады.

Түзетулердiң төртiншi топ экономикалық және салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды iзгiлендiруге және осыған байланысты салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкiмшiлiк айыппұлдардың мөлшерiн ұлғайтуға бағытталған.

Атап айтқанда, шетелден ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты қайтармағаны үшiн және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтарғаны үшiн Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғатын залалдың шегi тиiсiнше ұйымдардан 15 мың АЕК-тен 45 мың АЕК-ке дейiн және iрi залалды 20 мың АЕК-тен 50 мың АЕК-ке дейiн, сондай-ақ аса iрi залалды 50 мың АЕК-тен 75 мың АЕК-ке дейiн артты.

Кедендiк декларацияны жасау кезiнде ойсыз қателiктер үшiн кәсiпкерлердiң қылмыстық жауапкершiлiгiн болдырмау мақсатында тауарларды шығару туралы мәлiметтердi көрiнеу дұрыс емес декларациялау қылмыстық жазаланатын әрекет болып саналады.

Сондай-ақ, кеден төлемдерiн төлемегенi үшiн есептелген iрi мөлшердегi өсiмақы мен пайыздарды төлеуден жалтарғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк алынып тасталады. Қылмыстық жауапкершiлiк төлемдердi төлеуден жалтарғаны үшiн ғана басталады. Өсiмпұл мен пайыздар өз кезегiнде мiндеттеменi орындауға бағытталған әкiмшiлiк ықпал ету шарасы болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы бұзғаны және банк ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшiн залалды өз еркiмен өтеген тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

Сондай-ақ, осы баптарға ескертулерден "бiрiншi рет" деген сөздердi алып тастау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн ҚК баптары iзгiлендiруге ұшырады, бұл кәсiпкерлердiң бюджет алдындағы қарыздарын ерiктi төлеген жағдайда қылмыстық процесс орбитасына тартпауға мүмкiндiк бередi. Ендi салықтар бойынша берешектi өз еркiмен төлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады. Қазiр салық төлемегенi үшiн жауапкершiлiкке алғаш рет тартылған адамдар ғана жауапқа тартылады.

Салық заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке келетiн болсақ, салық салу объектiлерiн және өзге де мүлiктi жасырғаны үшiн санкция бiрiншi бұзғаны үшiн 150% — дан 200% — ға дейiн, қайта бұзғаны үшiн -200% — дан 300% — ға дейiн,асырылған салық салу объектiсi бойынша төлеуге жататын салықтар мен өзге де төлемдер сомасынан артады.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төмендеткенi үшiн санкция шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн — 15% — дан 20% — ға дейiн, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн-30% — дан 50% — ға дейiн және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн-50% — дан 80% — ға дейiн есептелген салықтар сомасынан ұлғайтылады.

Жалған шот-фактура жазғаны үшiн санкция шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн — 35% — дан 100% — ға дейiн, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн-120% — дан 200% — ға дейiн және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн-200% — дан 300% — ға есептелген салықтар сомасынан ұлғайтылады.

Бұл ретте Салық кодексiнде декларацияны дербес түзету кезiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қыркүйегiне дейiн корпоративтiк және жеке табыс салығы бойынша өсiм еселiгiнiң мөлшерi екi есе (1,25-тен 0,65-ке дейiн) төмендейдi.

Бесiншi топ өзге де түзетулердi қарастырады.

Атап айтқанда, Азаматтық кодексте нотариус депозитi арқылы мәмiлелер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанын қолдану мүмкiндiгi қарастырылған.

Сондай-ақ, мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауындағылар бiрiншi кезек бойынша мұрагерлермен тең мұра қалдырушының ата-аналары, жұбайлары мен балалары кiретiн мұрагерлiк массаға үмiткер болуға құқығы бар.

«Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңда серiктестiктегi үлеске меншiк құқығының пайда болу сәтi құрылтай құжаттарын түзету кезiнде серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу болып табылатыны нақтыланады.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекске түзетулер арқылы шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Республикадан тыс шығарып жiберу сияқты жаза түрi қылмыстық терiс қылықтар үшiн тағайындалатын жазаның негiзгi түрiне жатқызылған. Бұл шетелдiктердi соттағаннан кейiн бiрден шығарып жiберуге мүмкiндiк бередi. Қазiргi уақытта мұндай мүмкiндiк жоқ.

Сонымен қатар, заңда тиiстi аумақта карантин режимiн енгiзе отырып, карантин аймағын белгiлеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантиндi және (немесе) шектеу iс-шараларын белгiлеу (алып тастау) туралы шешiмдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларына қойылатын талаптарды жоюды көздейтiн заңнамалық актiлерге, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсiпкерлер палатасы мен жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестердiң сараптамалық қорытындыларын, сондай-ақ Қоғамдық кеңестiң ұсынымдарын алу қажеттiлiгi бөлiгiнде тиiстi түзетулер енгiзiлдi.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және оларды кейiннен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу кезiнде осы талаптарды алып тастау халық пен жануарлардың денсаулығына қауiп төндiретiн аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шараларды уақтылы қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Бұдан басқа, Кылмыстық кодекске ұрлықтың қайталануы үшiн жауапкершiлiктi күшейтудi көздейтiн тиiстi түзетулер енгiзiлдi. Атап айтқанда, «орташа ауырлықтағы» санатынан бiрнеше рет ұрлық жасау «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылады, бұл өз кезегiнде айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен босату мүмкiндiгiн болдырмайды.

Заң жарияланған күнiнен кейiн 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, келесiнi қоспағанда:

Заң жарияланғаннан кейiн 1 ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн банктiк қарыздар бойынша кейбiр комиссияларды алуға тыйым салу бөлiгiнде түзетулер;

заң жарияланғаннан кейiн 3 ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн прокурорларға сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялауды сот жүргiзуiнен беру бөлiгiнде түзетулер енгiзу;

банктердiң қарыз алушы-борышкердiң шотынан ақша алуын шектеу бөлiгiнде, оның шотында ең төменгi күнкөрiс деңгейiне тең соманы сақтау мiндеттiлiгiн көздейтiн, заң жарияланғаннан кейiн 8 ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.

Заң ресми түрде 2019 жылдың 23 қаңтарында жарияланды және кейбiр нормаларды қоспағанда, 2019 жылдың 2 ақпанынан бастап күшiне енедi.

__________________________________________________________

Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сатып алу заңы бойынша заң бұзушылықтар азаймауда.Мамандардың пайымдауынша құжаттарды дайындау кезiнде көбiрек заң бұзушылықтар орын алуда.2016 жылы 12 лауазымды жауапты тұлға тәртiптiк жауапкершiлiкке тарттыды

Қазiргi уақытта актуалдық сұрақтардың бiрi осы салада қызмет атқаратын мамандардың бiлiктiлiгi арттыру болып отыр

Облыстық әкiмдiктiк, мемлекеттiк мекемелердiң бiлiктiрлiгiн арттыру мақсатында жиын-кеңес өткiздi

Жиналыстың мақсатты, мемлекеттiк сатып алу бағыттында жұмыс атқаратын мамандарға практикалық көмек көрсету

Соттар, облыстық прокуратура,қаржыны бақылау мамандары, бiлiктiлiктi арттыру орталығының мамандары өздерiнiң ұсынымдары мен ұсынастарын айтты

Бiлiктiлiктi арттыру орталығының маманы жемқорлыққа қарсы күрестiң бiр бағытты электрондық шот фактуралардың еңгiзу туралы, веб-порталдардың мүмкiндiктерi туралы түсiндiрдi

Жиналыс кезiнде бюджеттi жоспарлаудан бастап, шарттардың соңына дейiн iс жүргiзуi туралы түсiндiрiлдi

Жиналыстың мақсатты, жемқорлыққа жол бермей, түбегейлi жою болатын

      

Құрылған күні: 29.05.2017 17:45
Жаңартылған күні: 06.02.2019 12:09
Қаралым саны: 6859
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75