Облыс әкімінің Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Сiздердi елiмiздiң ең ұлық мерекелерiнiң бiрi — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiмен құттықтаймын!

Бүгiнгi Ата Заңымыз 1995 жылы барша қазақстандықтардың дауыс беруi арқылы өткiзiлген референдум негiзiнде қабылданып, жас мемлекетiмiздiң демократиялық, әлеуметтiк, құқықтық және экономикалық принциптерiн орнықтыруға және тәуелсiздiгiмiздi бекiтуге қызмет етiп келедi. Елiмiздiң негiзгi заңы iшкi және сыртқы саясаттағы басым бағыттарды айқындап, ұлттық құндылықтарымыздың бағдары Отанға деген сүйiспеншiлiк, азаматтық парыз, толеранттылық пен татулық деп белгiлеп бердi.

Қазiргi күнгi елiмiздiң қол жеткен айтулы жетiстiктерiнiң бәрi Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен, барша халықтың қолдап, табандылықпен жүзеге асыруымен болған Конституциядан бастау алғандығы белгiлi. Конституция Қазақстанды мекен етiп, өз тағдырларын осы елмен байланыстырған барлық ұлттар мен ұлыстарды бiрiктiрдi және ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманы болған бостандық пен өз тағдырын өзi шешу құқығын, ел тәуелсiздiгiн, билiктiң халыққа қызмет етуiн нақты жүзеге асырды.

Сөйтiп, елiмiз әлемнiң бәсекелестiкке қабiлеттi озық елу мемлекетiнiң қатарына ендi және «Қазақстан -2050» Стратегиясы алға қойған дамыған отыз елдiң санатына қосылу мiндетiн орындау жолында дамудың биiктерiне бағдар ұстауда.

Елiмiздiң ұлық мерекесi баршаңызға игiлiк пен табыс әкелiп, Отанымыз — Қазақстан Республикасын гүлдендiру жолындағы еңбектерiңiз жемiстi бола берсiн! Сiздерге мықты денсаулық, мол бақыт, еңбекте табыс және бейбiтшiлiк пен игiлiк тiлеймiн!

Iзгi ниетпен,
Мәлiк Мырзалин, Ақмола облысының әкiмi.

Құрылған күні: 04.09.2017 12:52
Жаңартылған күні: 04.09.2017 12:54
Қаралым саны: 1221

Қаз Рус Eng