Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің жаңа 2018 жылмен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Санаулы уақыттан кейiн бiз Жаңа 2018 жылды қарсы алғалы отырмыз. Өтiп бара жатқан жыл бiз үшiн ерекше оқиғаларға толы табысты жыл болды. Қазақстан БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi құқығына ие болды, әлем назарын аударған Дүниежүзiлiк қысқы Универсиада мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiздi.

Өтiп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi де жақсы. Аймақта егiн орағы науқаны табысты аяқталды, инвестициялық белсендiлiк жоғарылап, шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң саны артты.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа кәсiпорындар iске қосылып, 1200 жұмыс орны құрылды. Елбасының тапсырмасы аясында 35 ауыл шаруашылығы кооперативi өз жұмысын бастады. Астананың азық-түлiк белдеуiн дамытудың жаңа бiр жолы ретiнде «AQMOL» сауда желiлерi ашылды.

Тұрғын үй құрылысы одан әрi жанданды. Жыл басынан берi 411 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берiлдi. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткiш 25 пайызға көбiрек. Бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 94 нысан бой көтерiп, күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Туристiк кластердi дамыту аясында да қомақты жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңiрде кең ауқымды iстер қолға алынуда.

Келесi жылдағы айтулы оқиғалардың бiрi — Астананың 20 жылдығын мерекелеу тәуелсiз Қазақстанның келешекте одан әрi кемелденiп, дами түсуiне жол ашады. Мемлекетiмiз үшiн маңызы зор мерейлi жылды ақмолалықтар жаңа еңбек жетiстiктерiмен қарсы алып, елiмiз бен облысымыздың әрi қарай дамуына лайықты үлестерiн қосады деген сенiмдемiн.

Қымбатты жерлестер!

Сiздердi келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! 2018 жыл сiздер үшiн толайым табыстар мен жақсы оқиғаларға, игiлiктi iстерге толы болсын. Шын жүректен әр шаңыраққа, әр отбасына береке-бiрлiк, амандық-саулық, бақ-дәулет тiлеймiн!

Құрылған күні: 08.01.2018 18:13
Жаңартылған күні: 08.01.2018 18:13
Қаралым саны: 1335
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75