«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 маусымдағы
№ А-7/295 қаулысымен
бекітілді

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi облыс әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.

4. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз құзыреттiлiгiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте басшының бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы ереже «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер де, «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда ондай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Миссиясы: облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшiн қолайлы өмiрлiк жағдай құруда мемлекеттiк саясатты жүргiзуге ықпал ететiн облыс әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалы, ұйымдық-құқықтық, материалды-техникалық қамтамасыз ету.

14. Мiндеттерi:

1) Ақмола облысы әкiмiнiң қызметiн ұйымдық қамтамасыз ету;

2) Ақмола облысы әкiмiнiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;

3) Ақмола облысы әкiмiнiң қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;

4) Ақмола облысы әкiмiнiң қызметiн талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету;

5) Ақмола облысы әкiмiнiң қызметiн материалды-техникалық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

облыс әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен, орталық атқарушы органдарымен, облыстық мәслихатпен, облыстың мемлекеттiк органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуiн қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Премьер-Министрiнiң қатысуымен iс-шараларды ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң қатысуымен iс-шараларды, облыс әкiмдiгiнiң мәжiлiстерiн ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзудi ұйымдастыру;

облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау;

жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;

сайлауға дайындалуды ұйымдастыру;

өңiрлiк және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргiзу жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру;

қызметтiк құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауды, жоғарғы және төменгi тұрған мемлекеттiк органдармен және облыс ұйымдарымен құжат айналымын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi тапсырмаларының, облыс әкiмдiгi қаулыларының, облыс әкiмi шешiмдерiнiң, өкiмдерi мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

облыста кадр саясатын ұйымдастыру, сондай-ақ облыс әкiмiне тиiстi лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу;

облыстың әлеуметтiк саласы және iшкi саясат саласындағы қызметтi үйлестiру;

индустрия және инвестицияларды тарту саласындағы қызметтi үйлестiру;

ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтi үйлестiру;

экономика және қаржы саласындағы қызметтi үйлестiру;

әкiмнiң аппаратын, әкiм мен әкiмдiктiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;

әкiмнiң ақпараттық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету;

мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын iшкi бақылауды жүргiзу;

мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыну жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

облыс әкiмiнiң аппаратын матреиалды-техникалық жарақтандыру;

алқа мәжiлiсiне үмiткерлердiң тiзiмiн құрастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

ведомствоаралық мәселелер, сондай-ақ облыс аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, терроризмнiң алдын алу, сонымен қатар облыс аумағында терроризмнiң салдарын минимализациялау және (немесе) жою саласында құқық қорғау органдарымен өзара әрекет етудi ұйымдастыру және үйлестiру;

сыбайлас жемқорлықа қарсы әрекет ету саласында жұмысты ұйымдастыру;

жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысу;

әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

iшкi аудиттi өткiзу.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды сұратуына және алуына;

2) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтерiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруына;

3) облыс, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң және активтерiнiң, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттiк органдарымен өткiзiлетiн iс-шараларға қатысуына;

4) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi аппараттарының қызметшiлерiн облыс әкiмдiгiмен және әкiмiмен қаралатын құжаттарды дайындауға тартуына;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де уәкiлеттiлiктердi жүзеге асыруына құқығы бар.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi басқару жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын Ақмола облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiлiгi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

2) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ұйымдарда ұсынады;

3) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

4) өз құзыреттiлiгiнiң аясында «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiне демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау, қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру, марапаттау, үстемеақы белгiлеу, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн шешедi;

6) облыс әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

7) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

8) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң тәртiптiк және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

9) қызметтiк тәртiптiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттiлiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңiнде оның уәкiлеттiлiгiн орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

21. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшiн дербес жауапты болады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң жедел басқару құқығындағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда негiзделген мүлкiн болады.

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi меншiк иесiмен берiлген мүлiктiң, сондай-ақ өзiндiк қызметiнiң нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлiктiң (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) есебiнен құрастырылады.

23. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

24. Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң

тiзбесi

1) Ақмола облысы әкiмi аппаратының жанындағы «Облыс әкiмiнiң iс басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2) Ақмола облысы әкiмi аппаратының жанындағы «Қоғамдық келiсiм» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

3) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң «Ақмола облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

4) Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Құрылған күні: 17.04.2015 16:12
Жаңартылған күні: 07.09.2018 10:23
Қаралым саны: 7976
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng