Тілдерді дамыту бойынша

Ақмола облысында «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» iске асыру жөнiндегi 2017-2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк бағдарламаның 3-кезеңiне, яғни 2017-2019 жылдарға арналған облыстық iс-шаралар жоспары облыс әкiмдiгiнiң 10.03.2017 жылғы №А-3/78 қаулысымен бекiтiлдi. Аталмыш жоспарда белгiленген 4 негiзгi бағыт бойынша 2018 жылдың 9 айында төмендегiдей iстер атқарылды:

I бағыт. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру

Нысаналы индикатор:

Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 78%.

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2018 жылдың 9 айы бойынша бұл көрсеткiш 73,7 % құрады.

Бiлiм саласы

Мектепке дейiнгi мекемелер. Бүгiнде облыста 608 мектепке дейiнгi мекеме бар (236 балабақша, 372 шағын орталық). 236 балабақшаның 89-ы қазақ тiлдi, 120-сы аралас тiлдi, 27-i орыс тiлдi балабақшалар. Шағын орталықтардың 176-сi қазақ тiлiнде, 40-ы аралас тiлде, 156-сы орыс тiлiнде бiлiм бередi. Оларда жалпы саны 37796 бүлдiршiн оқиды, оның 23247-i (61,5%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.

Орта мектептер. Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 158, аралас мектептер — 218, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 117830, оның 56451-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-18 жылдары — 48%;

Колледждер. Қазiр облыста 37 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 27, орыс тiлдi — 8). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6250-i, яғни 29,3%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.

Тiлдердi оқыту орталықтары. Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны — 5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда.

II бағыт. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту

Нысаналы индикатор:

мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 75%, 2019 жылы — 80%;

БАҚ мониторингi

Облыста 94 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Оның 15-i таза қазақ тiлдi, 28-i аралас тiлдi, 31-i орыс тiлдi, 20-сы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде. Тұрақты түрде ашылған 35 айдар мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған. 2018 жылдың 9 айы бойынша тiл саясатына қатысты 524 мақала жарияланды. Оның 363-i қазақ тiлiнде, 161-i орыс тiлiнде. Облыстық телеарнада берiлетiн барлық хабарлардың 65%-ы мемлекеттiк тiлде.

Iс-шаралар

2018 жылдың 9 айы бойынша облыс аумағында 70 билборд орнатылды (11 билборд облыс орталығында, 59 билборд аудандарда).

Мемлекеттiк тiлдi оқыту мәселесi бойынша 2018 жылы Аршалы, Бурабай аудандарында және Степногорск қаласында көшпелi семинарлар, өңiрлiк орталықтардың қатысуымен онлайн режимiнде 8 семинар өткiзiлдi. Жалпы қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшу бойынша мыңға тарта ақпараттық- түсiндiру шаралары өткiзiлдi.

2018 жылдың 9 айы бойынша тiлдердi дамыту басқармасымен «Рухани жаңғырған ел болудың өзегi — мемлекеттiк тiл» атты облыстық мәжiлiсi, «Ақмола облысындағы мемлекеттiк тiл саясатының даму барысы» атты зиялы қауым өкiлдерiмен кездесу, «Көкшетауминводы» кәсiпорынында «Қазақ тiлiн жаңғыртудың жолы — латын әлiпбиiне көшу» атты кiтаптар мен архивтiк құжаттардың көрмесi, «Аудармашы тұлғасы және аудармашылық құзыреттiлiктi қалыптастыру» атты аудармашылардың бiлiктiлiгiн арттыру семинары, Мемлекеттiк тiлдi дамыту қорымен бiрлесiп «Латын әрпiне көшу — қазақ тiлiн дамыту мен жаңғырту жолы» атты семинарлар, Зерендi ауданында «Мемлекеттiк тiл — ұлт мәртебесi» атты мәжiлiс, Ахмет Байтұрсынов атындағы оқытушылар арасындағы облыстық байқау, Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерiнiң байқауы, Ақмола облыстық сотының конференц-залында сот саласында қызмет атқаратын қызметкерлер үшiн «Латын графикасындағы мемлекеттiк тiл» атты онлайн режимiндегi семинар, Облыс әкiмдiгiнiң жанындағы мемлекеттiк тiл саясатын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыс тобының екi отырысында 12 мекеме басшысы тыңдалып, Славян жазбалары және мәдениетi күнiне орай «Инновационные методы преподавания русского языка» атты дөңгелек үстел, «Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсы, Ақмола облысында қазақ тiлiнiң латын графикасына негiзделген жаңа емле ережелерi жобасының бастапқы сынамасы, «ENKI» ЖШС-нiң қызметкерлерiмен «Латын графикасындағы мемлекеттiк тiл» атты тақырыпта кездесу, Көкшетау қаласында, Ерейментау және Қорғалжын аудандарында «Қазақстанның болашағы — қазақ тiлiнде» тақырыбында республикалық семинарлар ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы тiлдерi күнi мерекесi аясындағы онкүндiкте (5-18 қыркүйек) облыс көлемiнде барлығы мыңнан астам тақырыптық iс-шаралар өткiзiлдi.

III бағыт. Қазақстандықтардың тiлдiк мәдениетiн көтеру

Нысаналы индикаторлар:

Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi жоспар бойынша 2017 жылы — 83%, 2018 жылы — 85%, 2019 жылы — 87%.

Көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi жоспар бойынша 2017 жылы — 60%, 2018 жылы — 75%, 2019 жылы — 90%.

Ономастика және көрнекi ақпарат құралдары

Ақмола облысындағы ономастикалық жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң берген тапсырмасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескiрген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлi атаулармен өзгертiп, кiсi есiмдерiмен атау мәселесiне мейлiнше шектеу қойылуда.

Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасы облыстың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi, олардың құрамдас бөлiктерiнiң атауларына мониторинг жүргiздi.

Қазiргi уақытта Ақмола облысындағы 199 ауылдық округтiң 104-i (52%) мемлекеттiк тiлде, 609 елдi мекен атауының 337-сi (55,3%) мемлекеттiк тiлде болып табылады. 5968 көше атауының 2741-i (45,9%) мемлекеттiк тiлде аталады.

Мониторинг жүргiзу барысында 83 ауылдық округ, 242 елдi мекен және 623 көшенiң идеологиялық тұрғыдан ескiрген атаулар екендiгi анықталды.

Ағымдағы жылы облыс көлемiнде 8 елдi мекен мен 160 көше және Көкшетау қаласының 68 көшесi мен 1 шағын ауданы қайта аталды. Идеологиялық тұрғыдан ескiрген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен олардың құрамдас бөлiктерiн қайта атаудың маңыздылығы туралы БАҚ, әлеуметтiк желiлер арқылы облыс тұрғындарымен ақпараттық-түсiндiру жұмыстары белсендi жүргiзiлуде.

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк қызметтi реттеудi жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VI Қазақстан Республикасы Заңның негiзiнде облыстық атқарушы органдардың құзыретiнен деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесi алынып тасталды.

Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасымен бiрге қалалық, аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерi «Жедел желi» арқылы тегiн консультациялық көмек көрсетедi, облыстағы жарнама агенттiгi өкiлдерiне «Қазақстан Республикасының Тiл туралы» Заңының сақталуына байланысты түсiндiру жұмыстарын жүйелi түрде жүргiзедi. Соның нәтижесiнде облыс аумағында iлiнген 357 сыртқы жарнама мен көрнекi ақпараттардың эскиздерiне келiсу жұмыстары жүргiзiлдi.

2018 жылдың басында Facebook, Instagram және WhatsApp әлеуметтiк желiлерiнде «Жарнамаға жайбарақат қарама!» атты акция жариялады. Акция мақсаты — «Қазақстан Республикасының Тiл туралы» Заңының талаптарын бұзған және мемлекеттiк тiлде сауатсыз жазылған жарнамалар мен көрнекi ақпараттарды түзетуге қалың көпшiлiктi жұмылдыру.

Аталмыш акция аясында WhatsApp мессенджерiне көрнекi ақпараттардағы емлелiк қателер мен заңға қайшы бұзушылықтар туралы келiп түскен 16 өтiнiш бойынша жұмыс жүргiзiлiп, қателер түзетiлдi.Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Iс жүргiзу

Мемлекеттiк органдардан қазақ тiлiнде шығатын iс қағаздардың үлесi: 2018 жылдың 9 айы бойынша 98,5%-ды құрады;

Тексерiс мәселесi. Ақмола облысы тiлдердi дамыту басқармасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қадағалауға бағытталған тексерiс жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 28 қаңтардағы №20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы» бiрлескен бұйрықтарына түзетулер енгiзiлуiне байланысты 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап тоқтап тұр.

IV бағыт. Қазақстандағы лингвистикалық капиталды дамыту

Нысаналы индикаторлар:

Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.

Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.

Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.

этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi 2018 жылдың 9 айы бойынша 5% құрады, ал облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi 7,9% құрады.

Ана тiлдерiн оқыту. Облысымызда 53 этно-мәдени бiрлестiк бар, әрбiр ұлт өкiлiнiң өз туған тiлiн оқуы үшiн барлық жағдай жасалған. «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебiнде 9 тiл, яғни қазақ, орыс, поляк, немiс, кәрiс, татар, армян, чуваш, ингуш тiлдерiнен мектеп оқушыларына дәрiс берiледi. Әрбiр топқа ана тiлi, қазақ тiлi және елтану пәндерiнен сабақ берiледi. 2018-2019 оқу жылына 9 топқа 200 оқушы қабылданды. Сондай-ақ, Бурабай ауданында немiс тiлi, Сандықтау ауданында немiс және шешен тiлдерi үйретiлсе, Степногорск қаласы, Қорғалжын және Жарқайың аудандарында этнос өкiлдерiне қазақ тiлiнен дәрiс берiледi.

Құрылған күні: 19.10.2015 12:59
Жаңартылған күні: 11.10.2018 14:09
Қаралым саны: 4649
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng