Облыс әкімінің орынбасары

                                  Қанат Мұратұлы Ыдырысов

                                  телефон: 8 (7162) 29-72-50

                                  

 

  

Қанат Мұратұлы Ыдырысов, 1967 жылы туған, жоғары бiлiмдi, ғалым-агроном бiлiктiлiгi бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын, 1997 жылы бухгалтер-экономист бiлiктiлiгi бойынша Республикалық салааралық есеп және статистика институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау облысы «Садовый» кеңшарында агроном болып бастады. 1992-1999 жылдар аралығында Көкшетау және Ақмола облысы бойынша салық басқармасында түрлi лауазымдарда жұмыс iстедi. 2000-2006 жылдары Атбасар ауданы бойынша салық комитетi төрағасының, 2006-2008 жылдары «Бурабай» МҰТП» директоры орынбасарының лауазымдарын атқарды. 2008-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасында жауапты лауазымдарды атқарды.

2018 жылғы қаңтарда Ақмола облысы әкiмi орынбасарының лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары
Қанат Мұратұлы Ыдырысов

• Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын, Елiмiздi аумақтық-кеңiстiктiк дамытудың 2020 жылға дейiнгi болжау схемасын, Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын, Нәтижелi жмұыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған болжамын, Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамытудың тұжырымдамасын, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру.

• Экономикалық жоспарлауды қамтамасыз ету, қаржылық және салық жүйелерiн дамыту мәселелерi.

• «Жасыл экономиканы» дамыту мәселелерi.

• «Көлеңкелi» экономиканың мәселелерi.

• Облыстағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды болжау және талдау, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру.

• Жергiлiктi атқарушы органдар штат саны лимитiнiң мәселелерi.

• Облыс аумағын дамыту мәселелерi.

• Мемлекеттiк сатып алу мәселелерi.

• Бюджеттiң атқарылуы мен игерiлуiнiң мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Жобалық басқару мәселелерi.

• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiк мәселелерi.

• Мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн бағалау мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Мемлекеттiк қызмет көрсету және автоматтандыру, соның iшiнде рұхсат беру қызметiнiң мәселелерi.

• «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң қызметiн үйлестiру.

• Әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыру мәселелерi.

• Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыру мәселелерi.

• Өңiраралық сәйкессiздiк мәселелерi.

• Мемлекеттiк мүлiктi және коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру мәселелерi.

• Квазимемлекеттiк саланы дамыту мәселелерi.

• Облыстық бюджеттiк комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

• Жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.

• Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру, сондай-ақ тиiстi аударымдар бөлiгiнде мемлекеттiк қолдауды талап ететiн халықты персоналды есепке алуға байланысты болатын жұмысты ұйымдастыру мәселелерi.

• Адам құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Сотталған және қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Халықтың көшi-қон саласындағы мәселелерi.

• Еңбек қатынастары мәселелерi.

• Жалақыны уақытында төлеу және жалақы бойынша берешектi өтеу мәселелерi.

• Мүгедектердiң құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметi үйлестiру мәселелерi.

• Астана агломерациясын дамытудың 2020 жылға дейiнгi өңiраралық жоспары бойынша жинақтау және талдау.

• Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерiн жинақтау және талдау.

• Инвестицияларды тартуды жинақтау және талдау.

• Қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қорғау мәселелерi.

• Құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар құқық бұзушылықтар субъектiлерiнiң өзара әрекет етуiн ұйымдастыру жөнiндегi жедел жұмыстың мәселелерi.

• Стратегиялық объектiлердi қорғау мәселелерi.

• Адам саудасының мәселелерi.

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелерi.

• Сотқа дейiнгi медиация мәселелерi.

• Еңбек медиациясының мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларда облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағалайтын салалардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстердi қарау.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында шағын кредиттеу мәселелерi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:17
Жаңартылған күні: 04.07.2019 12:26
Қаралым саны: 31732
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус