Ақмола облысы бойынша энергетика және ТҮКШ саласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2018 жылғы қаражаттың игерілуі

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жылу, сумен қамту, су тарту желiлерiн дамыту үшiн 4 жобаны iске асыруға 3 903,3 млн.теңге қаражат бөлiнген, 2 382,8 млн.теңге немесе жылдық жоспардың 55,1% игерiлдi, оның iшiнде жобалар бойынша:

- Есiл ауданының Есiл қаласында орталық қазандықты жылу желiлерiмен қоса құрылысы, тапсырыс берушi — «Есiл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК, мердiгерi — «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. 2015-2017 жылдары 4621,8 млн.теңге игерiлдi. 2018 жылы 2000,0 млн.теңге бөлiндi, ЖАО бойынша игеру 1 673,1 млн.теңгенi немесе жылдық жоспардан 83% құрайды. ТМС бойынша игеру 1 548,4 млн.теңге немесе 77,4% құрады. Объект 2018 жылы iске қосылды;

- Шаңтөбе кентi, Степногорск қаласында қазандық құрылысы, тапсырыс берушi — «Шаңтөбе-энергокомплекс» ЖШС, мердiгерi — «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. 2017 жылы 800 млн.теңге бөлiндi, игеру жылдық жоспардан 100% құрады. 2018 жылы 288,7 млн.теңге бөлiндi, ЖАО бойынша игеру жылдық жоспардан 100% құрады. ТМС бойынша игеру 80,2 млн.теңге немесе 28% құрады. Объект 2018 жылы iске қосылды;

- Жарқайың ауданының Державинск қаласында тазарту құрылғыларымен қоса кәрiз желiлерiн реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Коммунсервис» ШЖҚ МКК, мердiгерi — «Нұр-ХХI» ЖШС. 2017 жылы 1200 млн.теңге бөлiнiп, жылдық жоспардан 100 % игерiлдi. 2018 жылы 888 млн.теңге бөлiндi, ЖАО бойынша игеру 710,4 млн.теңге немесе жылдық жоспардан 80% құрады, ТМС бойынша игеру 710,4 млн.теңге немесе жылдық жоспардан 80% құрайды. Объект 2018 жылы iске қосылды;

- Ақмола облысы Степногорск қаласында Сопки-305 су тазарту құрылғыларын реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Степногорск Су арнасы» ЖШС, мердiгерi — «АП Импекс» ЖШС. 2018 жылы 726,6 млн.теңге бөлiндi, ЖАО бойынша 484,4 млн.теңге немесе жылдық жаспардан 66,6% құрады, ТМС бойынша игеру 43,8 млн.теңге немесе жылдық жоспардан 6% құрайды;

- Ақсу, Заводской кенттерiн, Степногорск қаласын сумен қамту желiлерiн реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Степногорск Су арнасы» ЖШС, мердiгерi — «Бали Строй» ЖШС. 2016 жылы 1526,6 млн.теңге бөлiндi, жылдық жоспарға игеру 100%. 2017 жылы 184,5 млн.теңге бөлiндi, ЖАО бойынша игеру 100%, игеру кезеңi — 2018 жылдың 1 желтоқсаны. Объектi 2018 жылы iске қосылады.

Құрылған күні: 17.07.2018 14:46
Жаңартылған күні: 10.09.2018 09:38
Қаралым саны: 888

Қаз Рус Eng