Еңбекті қорғау

2019 жылғы 1тоқсанның қорытындысы бойынша
жүргiзiлген жұмыстар туралы
анықтама

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының жұмыс берушiлермен сақталуы бойынша, 2019 жылдың 1тоқсандамемлекеттiк еңбек инспекторларымен облыстың 134 кәсiпорны мен ұйымдары тексерiлдi.

Тексерiс барысында 123 бұзушылық анықталды, оның 112 — еңбек қатынастары, 11 — қауiпсiздiк және еңбектi қорғау. Тексерiс қорытындысы бойынша мерзiмдерi көрсетiлiп, жұмыс берушiлерге 67 ұйғарым берiлдi, оның iшiнде еңбек қатынастары бойынша 62, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау –5.

Еңбек заңнамасын, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптарын көп бұзған 49 лауазымды және заңды тұлғаларға 2019 жылдың есептiк кезеңiнде 6293,6 мың теңге сомасында әкiмшiлiк шаралар қолданылды, сондай-ақ 3 ұйғарым берiлдi.

Ақмола облысы бойынша әлеуметтiк шиеленiс және еңбек жанжалдарының, сол сияқты өндiрiстiк жарақаттардың алдын алу мақсатында, еңбек заңнамасы негiздерi, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптары бойынша, Басқармамен кең ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

2019 жылдың 1тоқсандамемлекеттiк еңбек инспекторларымен кәсiпорындар және ұйымдардың жұмыс берушiлерi және лауазымды тұлғалары үшiн, 30 семинар өткiзiлiп, 477 тыңдаушы қамтылды.

Бассөз бен телеарналарда Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексiн түсiндiру бойынша 7материал ұйымдастырылды.

Астана, Көкшетау және Степногорск қалаларында ашылған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдердi тексерудi және оқытуды қамтамасыз ететiн оқыту-консультациялық орталықтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша 652 басшы мен мамандар оқытылды және аттестациядан өттi.

Әлеуметтiк-еңбек жанжалдарының туындауына жол бермеу және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында, Басқарма әлеуметтiк шиеленiстiң ошағы болуы мүмкiн кәсiпорындармен жұмыстар жүргiзедi. Бұл кәсiпорындар дағдарысқа қарсы штабтың отырыстарында қаралады.

2019 жылдың есептiк кезеңiнде дағдарысқа қарсы штабтың 1 отырысы өткiзiлдi, онда еңбекақы төлемiнiң берешегiнiң мәселесi бойынша 13 кәсiпорын тыңдалды.

Сонымен қатар, 1әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия шеңберiнде қарау үшiн, 2 кәсiпорынға қатысты материалдар дайындалды.

Сол сияқты, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттiк еңбек инспекциясының бастамасымен 50-ден астам адам жұмыс iстейтiн кәсiпорындарда еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметiнiң босатылған бiрлiгiн енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта облыстың 465 кәсiпорнында техникалық қауiпсiздiк бойынша босатылған инженерлер бар.

Еңбек инспекциясының қабылдап жатқан шараларына қарамастан, облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғауды сақтамау нәтижесiнде, 2019 жылдың есептiк кезеңiнде 11 жазатайым оқиға болды, 8 адам зардап шектi, 3 адам қайтыс болды.

Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеу-тексерiстер жүргiзiлдi, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы актiлер жасалды.

Iшкi iстер органдарына процессуалдық шешiмдер қабылдау үшiн, 11 материал жiберiлдi.

Жұмыскерлерге еңбекақы төлемiнiң мерзiмiнде жүргiзiлмеуi маңызды проблема болып қала бередi, осы бағытта мемлекеттiк еңбек инспекциясы оларды жабу бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзедi.

2019 жылдың есептiк кезеңiнде облыстың 25 кәсiпорыны мен ұйымдарында 2541 жұмыскер алдында 242,0 млн. теңге сомасында жалақы берешектерi анықталды.

Мемлекеттiк еңбек инспекторларымен қабылдаған шаралардың нәтижесiнде, кәсiпорындармен жалпы сомасы 115,2млн. теңге еңбекақы төлемiнiң берешектерi толық өтелдi, 1849 жұмыскердiң құқықтары қорғалды.

Еңбекақы төлемiн мерзiмiнде және толық көлемде өтемегенi үшiн, ҚР ӘҚБтК 87-бабының 1, 2-тармақшаларына сәйкес, 25 заңды тұлғаға 3,4 млн. теңге жалпы сомасында әкiмшiлiк ықпал ету шаралары қолданылды.

Еңбекақы төлемi бойынша қарыздардың қалдығы Басқарманың бақылауына алынған.

Бұл бағыттағы, еңбекақы қарыздарын жабу бойынша жұмыстар бiзбен жалғастырылып келедi.

Сондай-ақ, тексерiс барысында кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарында, семинарлар, оқыту курстарында ұжымдық еңбек келiсiмдерiн жасаудың мақсаттылығы жөнiнде, сол сияқты ұжымдық еңбек келiсiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу және жасасу мәселелерi бойынша дәрiстiк түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда, кәсiпорындар мен ұйымдардың өкiлдерi ұжымдық келiсiмнiң үлгiлiк макетiмен қамтамасыз етiледi.

2019 жылғы 1 сәуiрге дейiн облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарында 6099 ұжымдық шарттар жасалып, қолданысқа енгiзiлген, бұл облыстағы барлық белсендi6251 (жылдың басына) кәсiпорындар мен ұйымдардың 97,6% құрайды.

Жасалған және қолданыстағы ұжымдық еңбек шарттары санынан 1828 ұжымдық шарт мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелерде жасалған, оның iрi кәсiпорындарда жасалғаны — 49, орта –120, шағын — 1659, жеке кәсiпорындарда барлығы –4271, оның iшiнде iрi кәсiпорындарда –40, орта — 116, шағын –4115 ұжымдық келiсiмдер.

Әлеуметтiк шиеленiстер мен еңбек даулары туындау тәуекелiнiң мониторингiне байланысты, Ақмола облысында әлеуметтiк шиеленiстiң орташа аясы сақталуда.

2019 жылдың есептiк кезеңiнде Ақмола облысы бойынша әлеуметтiк-еңбек даулары тiркелген жоқ.

Қазiргi уақытта, мемлекеттiк еңбек инспекциясы облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарында еңбек қатынастары, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау аясында жүйелi мемлекеттiк бақылауды iске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Құрылған күні: 25.04.2017 14:15
Жаңартылған күні: 19.04.2019 15:42
Қаралым саны: 8269
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус