Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпараты)

2019 жылдың қаңтар-наурызында
облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарастыру қорытындысы туралы
ақпарат

2019 жылдың 1 тоқсанында облыс әкiмiнiң аппаратына 649 жазбаша өтiнiш түстi (2018 жылдың 1 тоқсанында — 624), соның iшiнде жеке тұлғалардан — 319 (2018 жылдың 1 тоқсанында — 263), заңды тұлғалардан — 330 (2018 жылдың 1 тоқсанында — 361).

2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда жазбаша өтiнiштердiң саны 25-ке өскенi байқалады.

Есептiк кезеңде түскен 649 өтiнiштiң 648-i өтiнiш, 1 ұсыныс. 1 өтiнiш бойынша мәселе оң шешiлдi, 387 өтiнiш бойынша жазбаша түсiнiктемелер берiлдi,

5 өтiнiштi қарау Заңның 14-бабы 7-тармағына сәйкес (автордан өтiнiштi қарауды тоқтату туралы өтiнiш түскен жағдайда) тоқтатылды, 186 өтiнiш жоғары және төмен органдарға және ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жолданды, 70 өтiнiш қарауда. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталған.

Өтiнiштердiң ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (35), тұрғын үй бөлу (28), жер және жерге орналастыру (18), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (10), ауыл шаруашылығы (9) және басқа (533) мәселелерi бойынша түстi. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (71-ге), жер және жерге орналастыру (30-ға) мәселелерi бойынша өтiнiштер саны төмендегенi байқалады.

«Электрондық үкiмет» порталы арқылы облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiнiң саны 2 есе өстi (2018 жылдың 1 тоқсанында — 62, 2019 жылдың 1 тоқсанында — 125). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба қойылған өтiнiштерiн жолдау үшiн қол жетiмдi ақпараттық жүйелердi жиi қолдана бастады.

Есептi кезеңде ҚР ПӘ-нен келiп түскен өтiнiштер саны 35% (2018 жылдың

1 тоқсанында — 29, 2019 жылдың 1 тоқсанында — 44) және ҚР ПМК-дан келiп тсүкен өтiнiштер саны 58% (2018 жылдың 1 тоқсанында — 9, 2019 жылдың 1 тоқсанында — 21) өскенi байқалады. Ал министрлiктер мен ведомстволар арқылы келiп түскен өтiнiштер саны 32% төмендегенi байқалады. (2018 жылдың 1 тоқсанында — 48, 2019 жылдың 1 тоқсанында — 33).

Өңiрлiк бөлуде облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен өтiнiштердiң көбi Көкшетау қаласына — 26% (166 өтiнiш), Целиноград — 9% (57 өтiнiш), Бурабай — 3,5% (23 өтiнiш), Ерейментау — 2,5% (16 өтiнiш) аудандарына тиесiлi, басқа өңiрлерден — 46% (300 өтiнiш). 2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырған Целиноград — 42-ден 57-ге дейiн, Ерейментау — 5-тен 16-ға дейiн, Сандықтау — 4-тен 11-ге дейiн аудандары бойынша өтiнiштер саны көп өскендегi байқалады.

Азаматтардың өтiнiштерiн талдау Көкшетау қаласының, Целиноград ауданының тұрғындары үшiн тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi өзектi болып отырғанын көрсеттi (сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, ортақ үй мүлкiн жөндеу, жолдардың жағдайы) — олардың үлестiк салмағы 3% немесе 20 өтiнiш (2018 жылдың 1 тоқсанында — 9% немесе 58 өтiнiш).

Қайталанған өтiнiштер саны 2018 жылдың 1 тоқсанындағы 6-дан 19-ға дейiн өскенi байқалады (6 — Сандықтау ауданынан, 3 — Көкшетау қ. бойынша, 2, Есiл, 1 — Целиноград аудандарынан және басқа өңiрлерден — 7). Негiзiнен қайталанған өтiнiштердiң себебi алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым болып табылады.

2019 жылдың қаңтар-наурызында
Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында азаматтарды қабылдау қорытындысы туралы ақпарат

2019 жылдың I тоқсанында облыс әкiмiмен және оның орынбасарларымен барлығы 66 адам қабылданды (2018 жылдың 1 тоқсанында — 61).

Қабылданған 66 азаматтың 33-i (50%) — Көкшетау қ. тұрғындары, 15-сi (23%) — Целиноград, 4- еуi (6%) — Зерендi, 2-еуден (3%-дан) — Бурабай, Ерейментау аудандарынан және Степногорск қ., 1-еуден (1,5%-дан) — Аққол, Аршалы, Жарқайын, Шортанды аудандарынан және 4-еуi (6%) — басқа өңiрлерден (Астана қ. — 3, Алматы қ. — 1).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 21-i — бюджеттiк және бюджеттiк емес сала қызметкерлерi, 15-i — шағын және орта бизнес өкiлдерi, 12-сi — зейнеткер, 10-ы — жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, мүгедектер, үй шаруасындағылар, қамқоршылар, 8-i — көп балалы отбасылар.

Қабылдау барысында негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (28), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыр (14), ауыл шаруашылығы (4), мәдениет және туризм (3), жер және жерге орналастыру (3), құрылыс (3), спорт (2) және басқа да (9) мәселелер көтерiлдi.

Қабылдау барысында берiлген тапсырмалар бойынша, келесi шаралар қоланылды:

-6 өтiнiш бойынша мәселелер шешiлдi;

-60 өтiнiш иесiне түсiнiктемелер берiлдi.

2019 жылдың 1 тоқсанында
облыс әкiмiнiң блогына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың
электрондық өтiнiштерi бойынша ақпарат

2019 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы әкiмiнiң блогына жеке және заңды тұлғалардан 50 электрондық өтiнiш келiп түстi (2018 жылдың 1 тоқсанында — 49), соның iшiнде 42-i — жеке тұлғалардан және 8-i заңды тұлғалардан.

Азаматтардың электрондық өтiнiштерiнiң өзектi тақырыптары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi болып табылады, оған жалпы өтiнiш санының 20% тиесiлi (10 өтiнiш). Осы өтiнiштерде негiзiнен сумен жабдықтауға, үйдiң ортақ мүлкiн жөндеуге және үйлердiң аумақтарын абаттандыруға, электрмен жабдықтауға, жолдарды жөндеуге, қоқысты шығарып төгу проблемаларын шешуге қолдау көрсету туралы айтылған.

Лауазымды тұлғалардың әрекеттерi мен әрекетсiздiгi мәселелерi жалпы өтiнiш санының 6%-ын (3 өтiнiш) құрайды.

Азаматтарды толғандыратын өзге мәселелердiң арасында: ауыл шаруашылығы (6% немесе 3 өтiнiш), жер қатынастары (4% немесе 2 өтiнiш), тағы басқа да (64% немесе 32 өтiнiш) мәселелерi бар.

Сонымен қатар, аудан әкiмдерiнiң блогтарына жеке және заңды тұлғалардан 102 өтiнiш түстi.

Өңiрлiк бөлiнiсте ең көп өтiнiш Көкшетау қаласына– 36% (37), Степногорск қаласына — 14% (14), Целиноград ауданына — 10% (10 өтiнiш), Буланды ауданына — 7% (7), Бурабай ауданына — 7% (7), Егiндiкөл ауданына — 5% (5) тиесiлi.

2019 жылдың 1 тоқсанында
облыс әкімінің блогына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың
электрондық өтініштері бойынша ақпарат

Ақмола облысы әкімінің блогына 2019 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 50 электронды өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 42 және заңды тұлғалардан – 8, ол 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 өтінішке артып отыр.

  келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны 2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны айырмашылығы +/- 2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны айырмаш ылығы+/-
барлығы 49 50 +1 47 42 -5 2 8 +6
о.і. ҚР ПМК 0 0 0 0 0 0 0 0 0
Ақмола облысы әкімінің блогына 49 50 +1 47 42 -5 2 8 +6
Қайталанған өтініштер 2 0 -2 2 0 -2 0 0 0

 

мәселенің мәні келіп түскен барлық өтініштер айырмашылығы +/- оның ішінде
жеке тұлғалардан заңды тұлғалардан
2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны 2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны айырмашылығы +/- 2018 жылдың 1 тоқсаны 2019 жылдың 1 тоқсаны айырмаш ылығы+/-
барлығы 49 50 +1 47 42 -5 2 8 +6
тұрғын үй беру 2 1 -1 2 1 -1 0 0 0
ТҮКШ (сумен, электрмен қамсыздандыру, жылу беру, жол, көше жарықтандырылуы, газдандыру) 12 10 -2 12 10 -2 0 0 0
жер және жерді пайдалану 1 2 +1 1 2 -1 0 0 0
құрылыс 0 0 0 0 0 0 0 0 0
ауыл шаруашылығы 2 3 +1 2 3 +1 0 0 0
лауазымды тұлғаларға шағымдану 12 3 -9 11 2 -9 1 1 0
еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және зейнетақымен қамту 2 0 -2 2 0 -2 0 0 0
білім 0 1 +1 0 1 +1 0 0 0
денсаулық сақтау 0 0 0 0 0 0 0 0 0
өзге де 18 30 +12 17 10 -7 1 7 +6

Азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау, халықты барынша толғандыратын проблемалы мәселелерді көрсетті, атап айтқанда:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10 (20%), лауазымды тұлғаларға шағымдану – 3 (6 %), ауылшаруашылығы – 3 (6%), өзге де мәселелер- 30(60%).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 10 өтініштің ішінен айтарлықтай басым бөлігі Целиноград ауданына (5), Көкшетау қ.(1), Шортанды(1), Бұланды(1), Жақсы(1), Бурабай (1) аудандарына тиесілі. Негізгі мәселелер жарықпен қамтамтамасыз ету, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері болып табылады.

Құрылған күні: 10.04.2015 13:02
Жаңартылған күні: 04.04.2019 14:19
Қаралым саны: 6494
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75