Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпараты)

2018 жылдың қаңтар-қазан кезеңiнде азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдау бойынша:

2018 жылғы қаңтар-қазанда облыс әкiмiмен, облыс әкiмiнiң орынбасарларымен 174 адам қабылданды. 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (198 адам) қабылданған азаматтардың саны 24 адамға қысқарды.

Қабылданған 174 азаматтың iшiнен 117 адам (68%) — Көкшетау қ. тұрғындары, 8 адамнан (5%-дан) — Бурабай және Зерендi аудандары, 5 (3%) — Целиноград ауданы, 2-ден (1%-дан) — Бiржан сал, Бұланды, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды аудандары және Степногорск қ., 1-ден (0,5%-дан) — Аршалы, Атбасар, Есiл, Ерейментау аудандары және 20 (11%) — басқа өңiрлерден (Астана қ. — 16, Алматы қ. — 2, Өскемен және СҚО — 1).

Жалпы қабылданған азаматтардың iшiнен: 66 — бюджеттiк және бюджеттен тыс сала қызметкерлерi, 41 шағын және орта бизнес өкiлдерi, 33 зейнеткер, 31 адам жұмыссыздар, мүгедектер, көп балалы отбасы, өз-өзiн жұмыспен қамтығандар және үйде отырғандар, 3 қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi.

Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (35), жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамтамасыз ету (22), жер және жер пайдалану (24), мәдениет (13), кәсiпкерлiктi және өнеркәсiптi дамыту (14), құрылыс (14), бiлiм және ғылым (15), ауыл шаруашылығы (8), денсаулық сақтау (9), спорт (4) және басқа да (16) мәселелер көтерiлдi.

Қабылдау барысында берiлген тапсырмалар бойынша келесiдей шаралар қолданылды:

-12 өтiнiш бойынша мәселелер шешiлдi;

-161 өтiнiшке түсiнiктеме берiлдi;

-1 өтiнiш қаралу сатысында (орындалу мерзiмi аяқталған жоқ).

2018 жылғы қаңтар-қазан жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау жағдайы туралы.

2018 жылғы қаңтар-қазанда облыс әкiмiнiң аппаратына 2 312 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде (2017 ж. 10 айда — 2 429), жазбаша — 2 164 (2017 ж. 10 айда — 2 313), электронды (әкiмнiң блогы) — 148 (2017 ж. 10 айда — 116). Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда келiп түскен өтiнiштер саны 5% немесе 117 бiрлiкке кемiдi.

Келiп түскен 2312 өтiнiштiң iшiнен: түсiнiктеме берiлдi — 1961, қанағаттандырылды — 18, басқа меморгандарға қайта жолданды — 258 — («Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚРЗ сәйкес), қаралуы тоқтатылды — 3 (Қарауды тоқтату туралы өтiнiшхаттың келiп түсуiне байланысты, ҚРЗ 14-б., 7-т.) және қаралу сатысында — 72 (орындау мерзiмi аяқталған жоқ). Өтiнiштердi орындау мерзiмдерiн бұзу фактiлерiне жол берiлген жоқ (2017 ж. 10 айда — орындау мерзiмдерiнiң бұзылуымен 2 өтiнiш).

Жазбаша өтiнiштердiң барынша көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (283), жер және жер пайдалану (134), бiлiм (126), тұрғын үй беру (100), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамтамасыз ету (63) мәселелерi бойынша келiп түстi. Бұл жағдайда ағымдағы жылы 2017 жылғы деңгеймен салыстырғанда өтiнiштердiң бiлiм беру (42) мәселесi бойынша барынша көбеюi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (128), жер және жер пайдалану (79) саласындағы мәселелер бойынша айтарлықтай азаю байқалады.

«Электронды үкiмет» порталы арқылы облыс әкiмiнiң аппаратына 248 өтiнiш келiп түстi, ол 2017 жылғы деңгейден 1,6 есеге артық (2017 ж. 10 айда — 154), ол электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтiнiштердi жiберу үшiн жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелердi көп қолдануды көрсетедi.

Бұл жағдайда, ҚР ПМК келiп түсетiн жазбаша өтiнiштер санының 33%-ға (52-ден 35-ке дейiн) «Нұр Отан» париясынан 28%-ға (138-ден 100-ге дейiн), министрлiктер мен ведомстволардан 14%-ға (120-дан 103-ке дейiн) төмендеуi байқалады.

Өңiрлiк бөлiнiсте облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жазбаша өтiнiштердiң барынша көп саны Көкшетау қаласына тиесiлi — 24% (526 өтiнiш), Целиноград — 8,1% (175 бiрлiк), Бурабай — 3,7% (81 бiрлiк). Азаматтардың өтiнiштерiне жүргiзiлген талдау көрсетiлген өңiрлердiң тұрғындары үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының (сумен қамсыздандыру, электрмен қамсыздандыру, электрмен қамсыздандыру, жалпы үй мүлкiн жөндеу, жолдардың жағдайы) мәселелерi барынша өзектi мәселелер болып саналатынын көрсеттi, олардың жиынтық салмағы 22% немесе 168 өтiнiштi құрады.

Жыл басынан берi облыс әкiмiнiң аппаратына 2017 жылғы көрсеткiшке қарағанда 22% өсiмiмен 120 қайта жасалған өтiнiш келiп түстi (2017 ж. 10 айда — 98). Негiзiнен, өткен жолғы өтiнiшi бойынша қабылданған шешiмге шағымдану, өтiнiштердi сапалы қарау бойынша жергiлiктi атқарушы органның жеткiлiксiз жұмысы, қайта жасалған өтiнiштiң себебi болып табылады. Көп жағдайларда өтiнiш иелерiне түсiнiктеме сипатындағы жауаптар берiледi, ондай жауаптар оларды қанағаттандырмайды және алдағы уақытта олар облыс әкiмiнiң аппаратына немесе жоғары тұрған орындарға қайта өтiнiш жасайды.

Сонымен қатар, қайта жасалған өтiнiштердiң барынша көп саны Целиноград (11 өтiнiш), Шортанды (9 өтiнiш), Ерейментау (8 өтiнiш), Атбасар (6 өтiнiш), Аршалы, Бурабай және Сандықтау (5 өтiнiштен) аудандарына тиесiлi. Қайта жасалған өтiнiштердiң көбеюi Атбасар (0-ден 6-ға дейiн), Ерейментау (1-ден 8-ге дейiн), Шортанды (6-дан 9-ға дейiн) аудандарында байқалады.

Құрылған күні: 10.04.2015 13:02
Жаңартылған күні: 02.11.2018 16:41
Қаралым саны: 4886
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng