Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпараты)

2018 жылдың қаңтар-маусым кезеңiнде азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдау бойынша:

2018 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейiнгi аралықта облыс әкiмiмен және оның орынбасарларымен барлығы 110 адам қабылданды (2017 жылғы қаңтардан маусымға дейiнгi аралықта — 124).

Қабылданған 110 азаматтың 72-сi (65%) — Көкшетау қ. тұрғындары, 6 (5%) — Бурабай, 5 (4,5%) — Зерендi, 4 (3,5%) — Целиноград аудандарынан, 2-еуден (2%-дан) — Қорғалжын ауданынан және Степногорск қ., 1-еуден (1%-дан) — Атбасар, Бұланды, Есiл, Ерейментау, Сандықтау, Бiржан сал аудандарынан және 13-i (12%) — басқа өңiрлерден (Астана қ. — 12, Солтүстiк Қазақстан облысы — 1).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 49-ы — бюджеттiк және бюджеттiк емес сала қызметкерлерi, 29-ы — шағын және орта бизнес өкiлдерi, 18-i — зейнеткер, 11-i — жұмыссыздар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, үй шаруасындағылар, 3-еуi — қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi.

Қабылдау барысында негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (14), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (13), жер және жерге орналастыру (13), мәдениет (12), кәсiпкерлiк пен өнеркәсiптi дамыту (11), құрылыс (10), бiлiм және ғылым (9), ауыл шаруашылығы (7), денсаулық сақтау (5), спорт (4) және басқа да (12) мәселелер көтерiлдi.

Қабылдау барысында берiлген тапсырмалар бойынша, келесi шаралар қоланылды:

-7 өтiнiш бойынша мәселелер шешiлдi;

-94 өтiнiш иесiне түсiнiктемелер берiлдi;

-9 өтiнiш қаралуда (орындалу мерзiмi өткен жоқ).

Талдау жеке қабылдау барсында айтылған өтiнiштердiң iшiнде «Бiлiм беру» санаты бойынша мәселелер көбiне оң шешiм тапқанын көрсеттi.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау барысында тұрғын үй және жер учаскелерiн бөлу мәселелерiн шешу проблемалы болып қалып отыр. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана және жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерi кезек тәртiбiмен берiледi.

2018 жылғы қаңтар-мамырда
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
қарау жағдайы туралы

2018 жылғы қаңтар-мамырда облыс әкiмiнiң аппаратына 1121 жазбаша өтiнiш түстi (2017 жылғы қаңтар-мамырда — 1083), соның iшiнде жеке тұлғалардан — 494 (2017 жылғы қаңтар-мамырда — 511), заңды тұлғалардан — 627 (2017 жылғы қаңтар-мамырда — 572).

2017 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда жазбаша өтiнiштердiң саны 38-ғе өскенi байқалады.

Есептiк кезеңде түскен 1121 өтiнiштiң 1015-i өтiнiш, 52-i арыз, 54-i сауал. 13 өтiнiш бойынша мәселелер оң шешiлдi, 867 өтiнiш бойынша жазбаша түсiнiктемелер берiлдi, 3 өтiнiштi қарау Заңның 147-бабындағы 7-тармағына сәйкес (автордан өтiнiштi қарауды тоқтату туралы өтiнiш түскен жағдайда) тоқтатылды, 121 өтiнiш жоғарғы және төменгi тұрған органдарға, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жолданды, 117 өтiнiш қарауда.

Өтiнiштердiң ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (178), жер және жерге орналастыру (89), бiлiм (69), тұрғын үй бөлу (66), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (37), ауыл шаруашылығы (29), құрылыс (27) мәселелерi бойынша түстi. Сонымен қатар, 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда бiлiм (32-ке) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (6-ға) мәселелерi бойынша өтiнiштер саны өскенi байқалады. Жер және жердi пайдалану (33-ке), ауыл шаруашылығы (31-ге), еңбек, жұмыспен қамту және зейнетақымен қамтамасыз ету (34-ке) мәселелерi бойынша өтiнiштер саны азайғаны байқалады.

«Электрондық үкiмет» порталы арқылы облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiнiң саны 1,6 есе өстi (2017 жылғы қаңтар-мамырда — 66, 2018 жылғы қаңтар-мамырда — 103). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба қойылған өтiнiштерiн жолдау үшiн қол жетiмдi ақпараттық жүйелердi жиi қолдана бастады.

Өңiрлiк бөлуде облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен өтiнiштердiң көбi Көкшетау қаласына — 27% (303 өтiнiш), Целиноград — 7% (81 өтiнiш), Бурабай — 4% (46 өтiнiш), Аршалы — 3% (29 өтiнiш), Зерендi — 2% (20 өтiнiш) аудандарына тиесiлi, басқа өңiрлерден — 26% (286 өтiнiш).

Азаматтардың өтiнiштерiн талдау Көкшетау қаласының, Целиноград және Бурабай аудандарының тұрғындары үшiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi өзектi болып отырғанын көрсеттi (сумен, жылумен, электрмен қамсыздандыру, ортақ үй мүлкiн жөндеу, жолдардың жағдайы) — 55% немесе 98 өтiнiш.

Есеп беру кезеңiнде облыс әкiмiнiң аппаратына 26 қайталанған өтiнiштер түстi (Шортанды ауданы және Көкшетау қ. бойынша — 4-тен, Аршалы ауданынан — 3, Атбасар және Сандықтау аудандарынан 2-ден, Бурабай және Ерейментау аудандарынан 2-ден, басқа өңiрлерден — 9). Негiзiнен қайталанған өтiнiштердiң себебi алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағымдану болып табылады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда
облыс әкiмiнiң блогына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың
электрондық өтiнiштерi бойынша ақпарат

2018 жылғы қаңтар-мамырда Ақмола облысы әкiмiнiң блогына жеке және заңды тұлғалардан 76 электрондық өтiнiш келiп түстi (2017 жылғы қаңтар-мамырда — 72), соның iшiнде 73-i — жеке тұлғалардан және 3-еуi заңды тұлғалардан.

Азаматтардың электрондық өтiнiштерiнiң өзектi тақырыптары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi болып табылады, оған жалпы өтiнiш санының 38% тиесiлi (29 өтiнiш). Осы өтiнiштерде негiзiнен сумен жабдықтауға, үйдiң ортақ мүлкiн жөндеуге және үйлердiң аумақтарын абаттандыруға, электрмен жабдықтауға, жолдарды жөндеуге, қоқысты шығарып төгуге қолдау көрсету туралы айтылған.

Лауазымды тұлғалардың әрекеттерi мен әрекетсiздiгi мәселелерi жалпы өтiнiш санының 9%-ын (7 өтiнiш) құрайды.

Азаматтарды толғандыратын өзге мәселелердiң арасында: мәдениет (5% немесе 4 өтiнiш), бiлiм беру (3% немесе 2 өтiнiш), еңбек және жұмыспен қамту (3% немесе 2 өтiнiш), тағы басқа да (37% немесе 28 өтiнiш) мәселелер бар.

Өңiрлiк бөлiнiсте ең көп өтiнiш Көкшетау қаласына тиесiлi — 28% (21 өтiнiш), Целиноград ауданы — 25% (19 өтiнiш), Бурабай және Шортанды аудандары –5%-дан (4 өтiнiштен) және басқа өңiрлерден — 25% (19 өтiнiш, соның iшiнде Астана қ. — 18 өтiнiш, Алматы қ. — 1 өтiнiш).

2018 жылдың қаңтар-мамыр кезеңiнде азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдау бойынша:

2018 жылдың қаңтар-мамыр кезеңiнде облыс әкiмiмен, облыс әкiмiнiң орынбасарларымен барлығы 97 адам қабылданды (2017 жылдың қаңтар-мамыр кезеңiнде — 108).

Қабылданған 97 азаматтың 65-i (67%) — Көкшетау қ. тұрғындары, 5 (5%) — Бурабай, 4 (4%) — Зерендi, 3 (3%) — Целиноград аудандарынан және 2 (2%) — Степногорск қ., 1-еуден (1%-дан) — Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Есiл, Сандықтау және Бiржан сал аудандарынан, 12-сi (12%) — басқа өңiрлерден (Астана қ. — 11, Солтүстiк Қазақстан облысы — 1).

Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 47-сi — бюджеттiк және бюджеттiк емес сала қызметкерлерi, 21-i — шағын және орта бизнес өкiлдерi, 16-сы — зейнеткер, 10-ы — жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, 3-еуi — қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi.

Қабылдау барысында негiзiнен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (14), мәдениет (12), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (10), бiлiм және ғылым (9), жер және жерге орналастыру (9), құрылыс (9), кәсiпкерлiк пен өнеркәсiптi дамыту (7), ауыл шаруашылығы (7), спорт (4), денсаулық сақтау (4) және басқа да (12) мәселелер көтерiлдi.

Құрылған күні: 10.04.2015 13:02
Жаңартылған күні: 04.07.2018 09:07
Қаралым саны: 3388

Қаз Рус Eng