Заң жобаларын талқылау

«Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданын қайта атау туралы»
Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына
Т Ү С I Н Д I Р М Е Ж А З Б А

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
1. Жобаны әзірлеушімемлекеттік орган Ақмола облысының әкімдігі
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы, 4) тармақшасына сәйкес,«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 91-құжат),Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) 5 873 286 теңге – аудандық бюджет.1. 001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»;2. 001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;3. 001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;4. 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;5. 009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету»;6. 003 «Жалпы білім беру, Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;7. 006 «Балаларға қосымша білім беру»;8. 018 «Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру»;9. 001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;10. 001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;11. 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау»;12. 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;13. 006 «Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi»;14. 007 «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту»;15. 001 «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;16. 001 «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;17. 001 «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;18. 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;19. 001 «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;20. 001 «Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;21. 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту».
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық оң нәтиже береді. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ономастикалық кеңістіктегі жұмысты ретке келтіруге мүмкіндік береді. Мұндағы мақсат - аса көрнекті мәдениет қайраткері Біржан сал Қожағұлұлының есімін беру.Әлеуметтік салдардың мәні – тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданын қайта атау мәселесін шешу. Осы арқылы тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысына қанағаттанушылық білдіруіне қол жеткізу.Жобаны қабылдағанда ауданның жергілікті бюджетінен әкімшілік-аумақтық құрылыс пен ономастикалық жұмыс қажеттілігі үшін қаражат шығындалады.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы алдында еңбек сіңірген аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және басқа да жеке адамдардың есімдерін беру
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер Жоқ
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы Талап етілмейді
8. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса) Қажет етілмейді
9. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі Жоқ
10. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері Жоқ
11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі Рұқсат етіледі
12 Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) Ақмола облысының әкімі сайтында ақпарат орналасқан.Қаулы жобасы – 28,6 KB;Жобаға берілетін түсіндірме жазба - 59,4 KB.
13. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады Баспасөз парағы жарияланады
14. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат Қажет етілмейді

Ақмола облысының әкiмi                                                                                                М. Мырзалин

2017 жылғы « ___ » _____________

Жоба (DOCX 29 Kb)

қосымша (DOCX 56 Kb)

«Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз парағы

Құрылған күні: 25.08.2015 17:10
Жаңартылған күні: 06.09.2017 09:47
Қаралым саны: 2043

Қаз Рус Eng