Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Білім беру

Ақмола облысының бiлiм беру жүйесiнiң
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат
2019 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

Облыста 614 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы жұмыс iстейдi (2018 жылы — 615 мектепке дейiнгi ұйым), оның iшiнде 238 балабақша және 376 мектепке дейiнгi шағын орталық (2018 жылы — 241 балабақша және 374 шағын орталық), 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту — 37675 бала (2018 жылы — 37675 бала) немесе 67,4% (2018 жылы — 67,4%), оның iшiнде 3-6 жас — 32270 бала (2018 жылы — 32270 бала) немесе 99,0% (2018 жылы — 99,0%). Мектепалды даярлық сыныптарында 5-6 (7) жастағы 9086 бала оқиды.

Жалпы орта бiлiм беру

Облыста 579 мектеп жұмыс iстейдi (2017-2018 оқу жылында — 584), оның iшiнде 560 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп (2017-2018 оқу жылында — 565), 10 кешкi, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс,

1 мемлекеттiк емес, 1 Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Контингентi 124028 оқушыны құрайды (2017-2018 оқу жылында — 120590), оның iшiнде күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беру мектептерiнде 121521 оқушы (2017-2018 оқу жылында — 117830 оқушы).

Аз қамтылған отбасынан 13150 оқушы, 100% тегiн ыстық тамақпен қамтылған.

Облыс бойынша 2018 жылғы ҰБТ орташа балы 79,0 балды құрады (2017 жылы — 79,9 балл).

ЖОО-на түсу үшiн шектi деңгейден 2990 оқушы өттi, бұл 88,6% құрады.

264 түлек «Алтын белгi» аттестатын және 133 түлек үздiк аттестатты (100%) растады.

Материалдық-техникалық базаны нығайту және қалыптастыру

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 50,4% (2018 жылы — 50,4%), барлығы — 999 кабинет.

2019-2020 оқу жылына оқулықтар сатып алуға қаражат қажеттiлiгi 1 541,7 млн. теңгенi құрайды, аудандар мен қалалардың бюджеттерiнде алдын ала 791,5 млн. теңге қарастырылған (776,8 млн. теңге — сатып алуға, 14,7 млн. теңге — жеткiзуге).

2019 жылы 14 бiлiм беру нысанын (10 ауыспалы) салуға және қайта жаңартуға 5,8 млрд. теңге бөлiндi (РБ — 4,3 млрд. теңге және ЖБ — 1,5 млрд. теңге), оның iшiнде:

Құрылыс:

- 4112 орындық 6 мектеп (Бурабай ауданының Щучье қаласында 800 орындық; Көкшетау қаласында ОТК 312 орындық; Максимовка және Қажымұқан ауылында 300 орындық, Целиноград ауданының Қоянды және Қосшы ауылында 1200 орындық);

- Көкшетау қаласының мектептерiне 1320 орындық 3 қосымша оқу ғимараты (№1 ОМГ 600 орындық, №6 ОМЛ 300 орындық, №13 ЭМГ 420 орындық);

- 420 орындық 2 балабақша (Көкшетау қаласында 280 орындық, Шортанды ауданы Төңкерiс ауылында 140 орындық);

- Көкшетау қаласы Ақан серi атындығы жоғары мәдениет колледжi МКҚК қосымша құрылысы.

Реконструкциялау:

- Көкшетау қаласы Ақан серi атындығы жоғары мәдениет колледжi МКҚК оқу корпусына жапсаржайдың жылумен жабдықтау желiлерi;

- Бұланды ауданы Алтынды ауылының ОМ.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желiсi жалпы контингентi 21,6 мың адамнан астам 33 оқу орнынан құрылған. 33 колледждiң iшiнде: 26 — мемлекеттiк және 7 — жеке меншiк. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылына 5954 адамға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жоспарлануда, оның iшiнде 4534 студент — жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, 230 — «Серпiн» бағдарламасы шеңберiнде, 1190 — Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында. Оқыту 94 кәсiп (мамандық) және 139 бiлiктiлiк бойынша жүргiзiледi: ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен iсi, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлiктi пайдалану және т.б. Облыс өңiрлерiн индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшiн мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады.

Дуальдi жүйенi енгiзетiн колледждер саны экономиканың 7 саласы бойынша 26 колледжге дейiн артты (металлургия және машина жасау, сервис, көлiк (салалар бойынша), құрылыс, тау-кен өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы).

Бағдарлама аясында 2018 жылы 1,7 мың адам қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтылған. Осы мақсатта 25 колледж және 7 оқу орталығы анықталды. Таңдау жұмысшы бiлiктiлiгi бойынша мамандарды даярлау критерийлерi бойынша жүзеге асырылды.

Бiлiм беру ұйымдары еңбек нарығында сұранысқа ие 57 мамандық және 117 бiлiктiлiк бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк даярлықты жүзеге асырды.

WorldSkills қозғалысын дамыту мақсатында аграрлық бағыттағы базалық республикалық құзыреттiлiк орталығы болып Зерендi ауданы Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжi белгiлендi, аймақтық деңгейде құзыреттiлiк орталықтары болып 14 колледж анықталды.

Тәрбие жұмысы және балаларды әлеуметтiк қорғау

Облыста 1755 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде:

- 232 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында;

- 25 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында;

- 1498 қамқорлықта, қамқоршылықта және патронатта, қабылдаушы отбасында.

Облыста 99 қосымша бiлiм беру ұйымдары, оның iшiнде БЖСМ жұмыс iстейдi, сондай-ақ көркем-эстетикалық және спорт бағытына дейiнгi мектептерде 4423 үйiрме жұмыс iстейдi. Осылайша, балаларды қосымша бiлiммен қамту 90336 адамды немесе 74,3% құрайды. Сонымен қатар, 2993 спорт секциясында 59801 оқушы шұғылданады, бұл 49,2% құрайды.

Кадр жұмысы туралы

2018-2019 оқу жылында облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 14841 педагог қызметкер жұмыс iстейдi. Оның iшiнде жоғары бiлiмдi 12401 (83,6%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмдi — 2440 (16,4%).

Барлығы 13472 пән мұғалiмi. Бiлiктiлiк санаттары бойынша жоғары санатты — 2005, бiрiншi санатты — 4152, екiншi санатты — 2903 және санаты жоқ — 2854. Педагог-шебер — 25, педагог-зерттеушi — 377, педагог-сарапшы — 645, педагог-модератор — 511. Жоғары және бiрiншi санатты пән мұғалiмдерiнiң үлесi (оның iшiнде педагог-шебер, педагог-зерттеушi, педагог-сарапшы) — 53,5%.

Бюджеттiң орындалуы

Бiлiм басқармасы 67 ведомствоға қарасты ұйымдардың, 22 бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлiгi болып табылады, оның iшiнде 9 трансферттер түрi.

2019 жылғы 1 сәуiрге қаржыландыру жоспары 3 млрд. 881 млн. 246 мың теңгенi құрады. 3 млрд. 874 млн. 909 мың теңге немесе 99,8% игерiлдi.

6 млн. 337 мың теңге игерiлмедi, оның iшiнде:

3820,4 мың теңге — үнемдеу (еңбекақы төлеу, әлеуметтiк салық, әлеуметтiк медициналық сақтандыру, шәкiрақы, коммуналдық және байланыс қызметтерi, басқа да ағымдағы шығындар және жабдықтарды мемлекеттiк сатып алу бойынша);

1391,0 мың теңге-қазынашылық органдарына төлем құжаттарын ұсыну (Атбасар қаласы № 1 МППК КММ, Степногорск қаласы № 17 ППТК КММ);

517,2 мың теңге — ЖЖМ бойынша мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлиедi («Егiндiкөл ауылы, №12 агротехникалық колледжi» КММ);

300,0 мың теңге — тауарды 15.04.2019ж. дейiн жеткiзу фактiсi бойынша төлеу («Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы №3 агротехникалық колледжi» КММ);

168,0 мың теңге — көрсетiлген қызмет бойынша төлем (Есiл қаласы № 3 ППТК КММ коммуналдық қызметтерi);

80,5 мың теңге — көрсетiлген қызмет фактiсi бойынша төлем (олимпиада қатысушыларының тұруы және тамақтануы);

60,0 мың теңге — тауарды жеткiзу фактiсi бойынша төлем (шкаф) (Степногорск қаласы, № 2 МППК КММ).

Құрылған күні: 11.05.2017 12:28
Жаңартылған күні: 19.04.2019 12:28
Қаралым саны: 6348
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75