Білім беру

Ақмола облысы бiлiм беру жүйесiнiң
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
ақпарат
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

Облыста 611 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы (2017 жылы — 600 мектепке дейiнгi ұйым), оның iшiнде 237 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталық (2017 жылы — 227 балабақша және 373 шағын орталық) жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1-6 жас аралығында 37923 бала (2017 жылы — 36955 бала) немесе 66,4% (2017 жылы — 66,4%) қамтылған, оның iшiнде 3-6 жас аралығында 31445 бала (2017 жылы — 31445 бала) немесе 97,7% (2017 жылы — 97,7%). Мектеп алды даярлық сыныптарында 5-6 (7) жастағы 9722 бала бiлiм алады.

Жалпы орта бiлiм беру

Облыста 579 мектеп (2017-2018 оқу жылында — 584) жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 560 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп (2017-2018 оқу жылында — 565), 10 кешкi, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттiк емес, 1 Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Оқушылардың құрамы — 123 мыңнан астам (2017-2018 оқу жылында — 120590), оның iшiнде күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептерде — 121 мыңнан астам оқушы (2017-2018 оқу жылында — 117830 бала).

11673 оқушы аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар, тегiн ыстық тамақтанумен 100% қамтамасыз етiлген.

Облыс бойынша 2018 жылғы ҰБТ-ның орташа көрсеткiшi 79,0 балды құрады (2017 жылы — 77,9 балл).

ЖОО-ларға түсу үшiн шектi деңгейден 2990 оқушы өттi, бұл 88,6% құрады.

264 түлек Алтын белгi аттестатын растады, 133 түлек үздiк аттестат алды (100%).

Материалдық-техникалық базасын нығайту және қалыптастыру

Жаңа үлгiдегi кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 49,8% құрайды (2017 жылы — 49,3%), барлығы — 991 кабинет.

2018-2019 оқу жылына облыстың мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн (ОӘК) сатып алуға 1 325,5 млн. теңге бөлiндi.

2018 жылы 18 бiлiм беру объектiсiнiң (12 ауыспалы) құрылысы мен реконструкциялауы үшiн 6,3 млрд. теңге бөлiнген болатын (РБ — 2,5 млрд. теңге және ЖБ — 3,8 млрд. теңге), оның iшiнде:

Құрылыс:

– 4212 оқушы орнына арналған 9 мектеп (800 орынға — Бурабай ауданы, Щучинск қ., 80 орынға — Бiржан сал ауданы, Невский а. (аяқталды), 200 орынға — Сандықтау ауданы Балкашино а. (аяқталды), 300 орынға — Максимовка а., 120 орыннан Целиноград ауданы Қаражар а.(аяқталды), 900 орынға — Көкшетау қ. (аяқталды), Красный Яр жолының бойында 312 орынды ОӘК; Целиноград ауданы Қажымұқан а. 300 орынды және Целиноград ауданының Қоянды ауылында 1200 орынды мектептiң құрылысы басталды);

– 700 орынды 3 балабақша (Көкшетау қ., Бурабай ш.а. және Әуезов к-сi 119 мекенжайы бойынша; Шортанды ауданының Төңкерiс а. 140 орынды балабақша құрылысының басталуы);

– Көкшетау қ., № 18 ОМ-ге 420 орынға қосымша оқу ғимараты (аяқталды);

– Көкшетау қ., Ақан серi атындағы мәдениет колледжiне жапсаржай құрылысы.

Реконструкциялау:

– Зерендi ауданы, Зерендi а. Мәлiк Ғабдуллин атындағы ОМ-де спорт зал мен оқу корпусы ғимаратының құрылысы;

– Бұланды ауданы Алтынды а. Алтынды ОМ қазандықтың және С блогының құрылысы;

– Қорғалжын ауданы, Арықты а. мектеп-интернат;

– Сандықтау ауданы, Сандықтау а. балалар үйi.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желiсiн 21,3 мың астам адамнан бiлiм алушылардың жалпы құрамымен 37 оқу мекемесi құрайды. 37 колледжден: 30 — мемлекеттiк және 7 — жеке меншiк. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында 4699 адамды құрайтын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырды, оның iшiнде 4534 студент — ЖБ қаражатының есебiнен, «Серпiн» бағдарламасы аясында РБ қаражатының есебiнен — 165. Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 32 жұмысшы мамандығы бойынша облыстың 17 колледжiне 1190 студент қабылданады.

Оқыту 94 кәсiп (мамандық) және 139 бiлiктiлiк, атап айтқанда: ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кенiсi, қызмет көрсету аясы, өнер және мәдениет мамандықтары, энергетика, машина жасау технологиясы, көлiктi пайдалану және т.б. бойынша жүргiзiледi. Облыстың өңiрлерiн индустриалды-инновациялық дамыту жобалары үшiн мамандарды дайындау басымдылыққа ие болады.

Дуалды жүйенi енгiзетiн колледждердiң саны экономиканың 7 саласы бойынша (металлургия және машина құрылысы, сервис, көлiк (салалар бойынша), құрылыс, тау кен өндiру өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы) 26-ға дейiн өстi және 78,8% құрайды.

Оқытудан кейiн бiрiншi жылы жұмысқа орналасқан, мемлекеттiк тапсырыс бойынша дәрiс алған техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу мекемелерi түлектерiнiң үлесi 95,2% құрайды.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм мен типтiк жастағы (14-24 жас аралығы) жастарды қамту үлесi» нысаналы индикаторы 17,2% құрайды.

Қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту бағдарламасы шеңберiнде 1,6 мыңнан астам адам қамтылатын болады. Осы мақсаттарға 25 колледж бен 7 оқыту орталықтары анықталды. Таңдау жұмысшы бiлiктiлiктерi бойынша мамандарды дайындау критерийлерi бойынша жүргiзiледi.

Бiлiм беру ұйымдары еңбек нарығына қажеттi 117 бiлiктiлiк пен 57 мамандық бойынша қысқа мерзiмдi кәсiби дайындықты жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысы және балалық шақты әлеуметтiк қорғау

Облыста 1771 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оның iшiнде:

– 226 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында;

– 28 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында;

– 1517 қорғаншылық, қамқоршылықта (1353) патронатта (139), бала асыраушы отбасыларында (25).

Облыста қосымша бiлiм берудiң 100 ұйымы жұмыс iстейдi, оның iшiнде 38918 баланы қамтитын БЖСМ, бұл 33% құрайды. Сонымен қатар, бiлiм беру ұйымдарындағы үйiрмелер мен секцияларда 107291 оқушы қамтылған, бұл 91% құрайды.

Кадр жұмысы туралы

Есеп беру мәлiметтерi бойынша 2017-2018 оқу жылында облыстың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 15010 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оның iшiнде: жоғары бiлiмiмен — 12577 (83,8%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмiмен — 2433 (16,2%).

Барлығы 13604 пән мұғалiмдерi бар. Бiлiктiлiк санаттары бойынша: жоғары санатты — 2143 (15,8%), бiрiншi санатты — 4772 (35,1%), екiншi санатты — 3475 (25,5%) және санатсыз — 3214 (23,6%).

Бюджеттiң орындалуы

Бiлiм басқармасы ведомствоға бағынысты 69 ұйымның, 22 бюджеттiк бағдарламаның, оның iшiнде трансферттердiң 5 түрi бойынша әкiмшiсi болып табылады.

2018 жылғы 1 қазанға қаржыландыру жоспары 12 355 436,5 мың теңгенi құрайды, игерiлгенi — 12 348 911,1 мың теңге немесе 99,9%.

Игерiлмегенi — 6 525,4 мың теңге, оның iшiнде:

4 779,6 мың теңге — мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi, еңбекақы төлеу қоры, демалыс кестесiнiң өзгеруi есебiнен, медициналық сақтандыру, байланыс қызметтерi бойынша, iссапарлар кестесiнiң өзгеруi есебiнен, өзге де ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу (соның iшiнде республикалық бюджет — 16,0 мың теңге);

915,0 мың теңге — компьютерлердi жеткiзу бойынша жеткiзушiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындамауы (сот талқылауы жүргiзiлуде);

427,3 мың теңге — құжаттарды орындаусыз қайтару (деректемелердiң өзгеруiне байланысты);

403,5 мың теңге — тауарды жеткiзу фактiсi бойынша төлем 05.10.2018 дейiн («Дарынды балалармен жұмыс жүргiзу бойынша облыстық оқу-әдiстемелiк орталығы» КММ).

Құрылған күні: 11.05.2017 12:28
Жаңартылған күні: 11.10.2018 11:45
Қаралым саны: 5109
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng