Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Білім беру

 

Баланы балабақшаға калай кезекке қоюға болады?

Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мектепке дейiнгi ұйымдарында электрондық кезекте тұрған балалардың ата-аналарының назарына

2018 жылғы ақпан айынын бастап «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» жаңа мемлекеттiк стандарты (БжҒМ 2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрығы) және кезектi қалыптастыру мен оның жұмыс iстеу үдерiсiн автоматтандыру және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жолдамалар беру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар енгiзiлдi, осыған байланысты әрбiр ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.

Қазiр қызмет қалай көрсетiледi:

1. Кезек белгiлi бiр балабақшаға арналған;

2. Жеңiлдiктердiң барлық санаты бойынша кезектен тыс жолдамалар берiледi;

3. Өтiнiштегi деректер өзгерген кезде (санаттың өзгеруi) өтiнiш иесi кезектен шығып, жеңiлдiгiн көрсетiп, кезекке қайтадан тұрады;

4. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылған жеке меншiк балабақшаларға жолдама алған кезде өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк балабақшадағы кезегi сақталады;

5. Өтiнiш иесi өз бетiнше өтiнiшiндегi деректердi (санат, байланыс деректерi) өзгертуге, баланы кезектен алуға мүмкiндiгi жоқ;

6. Мектепке дейiнгi ұйымға жолдама алуға мүдделiлiгiн растайтын функциясы жоқ.

Қызмет қалай көрсетiлетiн болады:

«Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi жаңа Стандартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Ақпараттық жүйе (e.akmola.kz) өтiнiш иелерiне кезекке қоюға өтiнiш беруге, берiлген өтiнiштi өзгертуге (байланыс деректерiне түзету енгiзу қосу), өтiнiштi кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттiк немесе жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымға орналастыру үшiн жолдама алуға, жолдама алуға мүдделiлiктi көрсетуге мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта балабақшаға жолдама алу үшiн ата-аналардың өтiнiшiнде көрсетiлген баланың туылған жылы бойынша бiрыңғай қалалық кезек қалыптастырылады (белгiлi бiр балабақшаға арналған кезектер жоқ).

Қараша және желтоқсан айларында туылған балалар келесi жылы туылған балалармен бiрге бiр кезекке орналастырылады. Кезектегi өтiнiштер кезекке қойылған күнiнен бастап басымдылық бойынша орналасады.

Жүйедегi жеңiлдiк санаттары екiге бөлiнедi:

Кезектен тыстағылар (әскери қызметшiлердiң балалары). Осы санат бойынша өтiнiш берушiлер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама алады.

Бiрiншi кезектегiлер (заңды өкiлдерi мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетiм балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балалар). Жеңiлдiктердiң осы санатындағылар жолдаманы «1/3» қатынасы бойынша жолдама алады. (Жеңiлдiк санатындағы бiр өтiнiш берушi және жалпы негiздегi үш өтiнiш берушi).

Жолдама алу үшiн:

1. Кезек келген кезде аталған электронды поштаға және телефон нөмiрiне кезектiң келгенi туралы хабарлама келедi. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және регламенттегi уақытқа (сағ. 9:00-20:00) сәйкес жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына қолжетiмдi болады, тобының және жас шамасына сәйкес. (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтiнiш берушi яғни, ата-ана жалпы кезекте қала бередi);

2. Мектепке дейiнгi ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады (осы орайда өтiнiш берушi кезекке қоюға өтiнiш бере алады, егер ол тiзiмнен алынған және балабақшаға барып жүрген болса);

3. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күнi iшiнде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күнi мерзiмiне стоп-парақ бойынша жiберiледi. Өтiнiштiң стоп-парағында тұрған кезде жолдаманы алу мүмкiндiгi тоқтатылады.

Егер өтiнiш берушi берiлген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткiзiп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;

4. Мына жағдайда мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу қолжетiмдi болады:

егер баланың жасы 3-ке толса және одан асса;
егер бала кезекте тұрса;
балабақшада бос орын болса.

Мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде кезектiң нөмiрi маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруi қажет.

Баланы басқа мектепке қалай ауыстыруға болады?

Баланы басқа мектепке ауыстыру үдерiсi

Жаңа мектепке ауысу үшiн келесiлер қажет:

1. жаңа мектепте келгенi туралы талон алу;

2. талонды бұрынғы оқу орнына тапсырып, шығу талоны мен оқушының жеке құжаттарын алу;

3. мектеп директорының атына баланы қабылдау туралы өтiнiш жазу;

өтiнiшке келесi құжаттарды қоса тiркеу қажет:

2008 жылға дейiн туылған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

денсаулық жағдайы туралы анықтама («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген № 063/у нысан (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекiтiлген № 026/у-3 нысан (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2423 болып тiркелген); баланың 3х4 сантиметр өлшемiндегi 2 дана фотосуретi;

Ескеру: баланы басқа мектепке ауыстыру туралы өтiнiштi жергiлiктi бiлiм басқармасы қарайды.

Баланы басқа сыныпқа ауыстыру

Баланы бiр сыныптан екiншi сыныпқа ауыстыру мәселесiн мектеп директоры шешедi. Сыныптың толуына байланысты оған ауысуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн. Сыныптағы оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиiс.

Туындауы мүмкiн өзге жағдайлар

1. Шетелдiк балалар бiлiм алуға Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты тең құқыққа ие. Шетелдiк баланы мектепке қабылдау үшiн өтiнiшке ықтияр хатты (Алматы қаласы IIД көшi-қон полициясы басқармасының аудандық бөлiмшесiмен берiледi) қоса тiркеу керек.

2. Азаматтығы жоқ тұлғалар өзiмен бiрге азаматтығы жоқ тұлғаға берiлетiн куәлiктi, ал босқындар, тиiсiнше, босқынның куәлiгiн алып жүруi тиiс. Оралмандар оралман куәлiгiн немесе көшi-қон полициясымен берiлген анықтаманы алып жүруi тиiс.

3. Уақытша тұратын тұлғаларда төлқұжаттың көшiрмесi және көшi-қон карточкасының көшiрмесi болғаны жөн.

4. Осы құжаттардың барлығы тiркелген жерiндегi оқу орнына тапсырылады.

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 17:38
Мақаланы жаңартқан күні 26.07.2018 17:43
Қаралым саны: 4687
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;