Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:

1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
С. Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 30 наурыздағы

№ А-4/123 қаулысына

қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдетіп қайта өңдеу өнімдерінің атауы Субсидия нормативтері, теңге/литр
 
Шикі сүт сары май 16,0
Шикі сүт қатты ірімшік 20,0
Құрылған күні: 05.06.2015 12:48
Жаңартылған күні: 05.06.2015 12:48
Қаралым саны: 1226

Қаз Рус Eng