Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Ақмола облысында
барлық құқық бұзушылық
түрлерiне қатысты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетiн
және «мүлдем төзбеушiлiк»
қағидатын қалыптастыру жөнiндегi
2017 жылға арналған iс-шаралар
жоспарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлерiне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетiн және «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2017 жылға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — Жоспар) бекiтiлсiн.

2.Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкiмдiктерi, облыстық басқармалар, сонымен қатар Жоспардың орындалуына жауапты мүдделi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша):

1)Жоспарды орындау бойынша кажеттi шараларды қолдансын;

2)«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне тоқсан сайын, есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей, Жоспарды орындау бойынша ақпарат жолдап отырсын.

3.Күшi жойылды деп танылсын:

1) «Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлерiне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 ақпандағы № А-3/90 қаулысы;

2) «Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлерiне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 ақпандағы № А-3/90 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № А-13/563 қаулысы.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Д.З. Әдiлбековке жүктелсiн.

5.Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысы әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы                                                                                                              Д. Әдiлбеков

Құрылған күні: 30.03.2017 16:05
Жаңартылған күні: 31.05.2017 14:44
Қаралым саны: 3197

Қаз Рус Eng