Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

Ақмола облысы бойынша
Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясын жүзеге асыру
және көлеңкелi экономикаға
қарсы iс-қимыл жөнiндегi
2018-2020 жылдарға арналған
iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлген Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жәнекөлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — Жоспар) бекiтiлсiн.

2. Жоспардың орындалуына жауапты аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкiмдiктерi, облыстық басқармалар, сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша):

1) Жоспарды жүзеге асыру бойынша қажеттi шаралар қолдансын;

2) белгiленген мерзiмдерге сәйкес «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысы
әкiмiнiң мiндетiн атқарушы                                                                                                      В. Крылов

 

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгiнiң
Ақмола облысының
iшкi iстер департаментi»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
__________________ Е. Саденов
2018 жылғы «___» ___________

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
iс-қимыл ұлттық бюросының
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Ақмола облысы бойынша департаментi»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
__________________Қ. Бекбасов
2018 жылғы «___» ___________

«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
қызмет iстерi және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң
Ақмола облысы бойынша департаментi»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
__________________Б. Беспалинов
2018 жылғы «___» ___________

Ақмола облысы
кәсiпкерлер палатасының
директоры
________________ Т. Нахипбеков
2018 жылғы «___» ___________

«Ақмола облысының
кәсiподақтар орталығы»
аумақтық кәсiподақтар
бiрлестiгiнiң төрағасы
________________ Қ. Рахметов
2018 жылғы «___» ___________

Құрылған күні: 30.03.2017 16:05
Жаңартылған күні: 20.08.2018 15:45
Қаралым саны: 4693
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng