Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
жанындағы адамдарды заңсыз
әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы
күрес мәселелерi
жөнiндегi комиссия құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 — 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда бекiтiлсiн.

2.Қоса ұсынылып отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

3. «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № А-12/557 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

4. Комиссияның жеке құрамы Ақмола облыстық мәслихатының бекiтуiне енгiзiлсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.Е. Мысырәлiмоваға жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                         Е. Маржықпаев

 

«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Ақмола облысы бойынша
департаментiнiң бастығы
____________ С. Қасенов
2019 жылғы «__»____________

 

Ақмола облысы
полиция департаментiнiң бастығы
_____________ Е. Сәденов
2019 жылғы «__»____________

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 4 сәуiрдегi
№А-4/145 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы
адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына
қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы

Мысырәлімова Айна Ермекқызы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Әленов Бауыржан Төлегенұлы Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, төраға орынбасары(келісім бойынша);
Татиев Арман Амангелдыұлы Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел өкілі, комиссия хатшысы(келісім бойынша).
Комиссия мүшелері
Хван Владимир Михайлович ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басқарма бастығы(келісім бойынша);
Асылбеков Талғат Қасенұлы Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқарма бастығы(келісім бойынша);
Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;
Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы;
Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
Ахметжанова Дина Қамидоллақызы Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.
Құрылған күні: 21.06.2019 12:45
Жаңартылған күні: 21.06.2019 12:45
Қаралым саны: 213
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75