Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысындағы экологиялық ахуал туралы

Ақмола облысында - І санаттағы 221 кәсіпорын. Жылу энергетика секторының кәсіпорындары - 16 (7,2 %), тау-кен өндіру және тау – кен өңдеу саласы – 78 (35,3 %), коммуналдық сектор – 32 (14,5 %), құрылыс секторы – 30 (13,6 %), агроөнеркәсіп секторы – 46 (20,8 %), химия өндірісі – 11 (5 %), басқалары - 8 (3,6 %).

Экологиялық реттеу

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

«І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»:

2019 жылдың 3 айында көрсетілді – 31 бірл. (келісілді – 21 бірл., бас тартылды – 10 бірл.)

«Экологиялық рұқсат беру І санат объектілері үшін»:

2019 жылдың 3 айында көрсетілген - 17 бірлік (келісілді – 11 бірлік, бас тартылды – 6 бірлік). 

Облыс бойынша рұқсат етілген эмиссиялар бойынша динамика:

Эмиссия түрлері 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
шығарындылар 160,845 мың тонна 165мың тонна 163,71 мың тонна
төгінділер 94,745 мың тонна 88,793718 мың тонна 78,62514763 мың тонна
қалдықтар 65 308,7 мың тонна 172 864,79 мың тонна 171 763,5749 мың тонна

 Облыс бойынша нақты эмиссиялар бойынша динамика:

Эмиссия түрлері 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл
шығарындылар 91,55 мың тонна 89,7 мың тонна 102,856мың тонна
төгінділер 38,4216 мың тонна 37,342 мың тонна 33,879794мың тонна
қалдықтар 41226,713 мың тонна 41 343,3268 мың тонна 32 188,39мың тонна

Ескертпе: Деректер нақты эмиссиялар бойынша 2018 жылға беріледі, өйткені табиғат пайдалану шарттарына сәйкес, 2019 жылдың 1 тоқсаны үшін есептер 10 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынылады.

Қалаларда ауа сапасын жақсарту

Ақмола облысының қалаларында ВЗ және ЭВЗ фактілері тіркелген жоқ. Жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу шеңберінде шығарындылардың нормативін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 1-ші тоқсанында шығарындылардың нормативтерінің төмендеуі жылына 1254,2 т құрады. 2018 жылы шығарындылардың нормативтерінің төмендеуі жылына 3442,836 т. құрады.

Тазарту құрылыстарының және қалалардағы сапасын жақсарту

Щучинск қаласындағы «Луцк» ЖШС кәсіпорнында қазандықта шаң тазарту жабдығы орнатылды. Сондай-ақ, «Гефест» ЖШС кәсіпорнында қолданыстағы батареялық циклондарды жаңа ЦН-15-ке ауыстыру жоспарлануда. «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қазандығында электр сүзгілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «RG Gold» ЖШС-мен (Бурабай ауданы) шаң-газ тазарту қондырғыларын пайдалануға беру, жөндеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. «СГХК» ЖШС (Степногорск қ.) кен дайындау учаскесінің шаң жұтқыш қондырғыларына жөндеу жүргізді. «Степногорская ТЭЦ» ЖШС кәсіпорнында (Степногорск қ.) энергетикалық қазандық агрегаттарындағы шаң-газ тазарту қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, су жылытатын қазандық агрегатының күл ұстағыш қондырғысына, вакуумды-аспирациялық қондырғылардың жабдықтарына жөндеу жүргізілді. Ақмола облысының кәсіпорындарындағы барлық жерде шаң-газ ұстағыш жабдықтарға тұрақты жөндеу жүргізіледі. «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК биологиялық тазарту станциясындағы технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізді. 

Қалдықтарды басқару

Бүгінгі күні облыс аумағында 130 ҚТҚ үйіндісі бар (жер актісі бар), оның ішінде рұқсат құжаттары 25 ҚТҚ полигондарында бар. Облыста 5 аудан бар, онда бірде-бір заңдастырылған полигон жоқ. Сондай-ақ облыстың 10 аудан орталықтарында ҚТҚ полигондары жоқ.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін қолданыстағы ҚТҚ полигондарын қамтудың аз пайызына байланысты, өңірдегі полигондарда қалдықтарды орналастыру бойынша шиеленіскен жағдай қалыптасуда. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату жүйесі нашар дамыған.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсатсыз орналастыру тұрғысынан ғарыш мониторингі жерін қашықтықтан зондтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде. Зеренді, Целиноград және Көкшетау қалаларының әкімдіктері рұқсат етілмеген орындарды жою үшін хаттар жіберілді. Бүгінгі күні Департаментпен 346 рұқсат етілмеген орын тексерілді, оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 47 орын, Зеренді ауданында – 3 орын, Целиноград ауданында - 31 орын жойылды. Қоқысты рұқсатсыз орналастырған жағдайда полиция басқармасына хабарланады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бүгінгі күні Ақмола облысының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуді және бөлек жинауды жүзеге асыратын 4 кәсіпорын жұмыс істейді.

«LS Kokshetau» ЖШС, Көкшетау қ. «Экопромбурабай» ЖШС, Бурабай ауданы, Щучинск қ. «ЭкоСервисБурабай» ЖШС, Бурабай ауданы, Щучинск қ. «Баян» ЖК, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы.

Әкімдік ҚТҚ-ды бөлек жинауға (жиналыстар, брошюралар, үндеухаттар, бейне-роликтер, оқу орындарында дәрістер, акциялар және т.б.) халықты үгіттеу жұмыстарын жүргізеді.

Көкшетау қаласы, Щучинск қаласы бойынша қайталама шикізатты қабылдау пункттері ашылды.

Қоқыс жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылды (Көкшетау қ., Степногорск қ., Бурабай ауданында, Целиноград ауданында)

Қазіргі уақытта Щучинск қаласында «Экопромбурабай» ЖШС коммуналдық қалдықтарды сұрыптау желісі жұмыс істейді, қуаты - 30 мың/жылына.

Түскен жобаларға сәйкес полигондарда коммуналдық қалдықтардың сұрыпталған желісін іске қосу жұмыстары жүргізілуде:

«ЭКО Dump» ЖШС, Көкшетау қ. «Акан Курманов» ЖШС, Атбасар ауданы, Октябрьское а.

3.«МЖД Атбасарсервис коммунальные услуги» ЖШС, Атбасар ауданы, Атбасар қ.

ЖК «Орехова», Жарқайың ауданы, Валиханов а. «Эко-Жардем» ШЖҚ МКК «ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ «Коммунсервис» МКК», Жарқайың ауданы, Державинск қ. «Шортанды су» ШЖҚ МКК, Шортанды ауданы, Шортанды а.

 Қоршаған ортаның сапасын жақсарту

Табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес тиісті экологиялық тиімділікті қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, санитарлық-қорғау аймақтары мен кәсіпорындардың аумақтарын көгалдандыру, қауіпті және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, мамандандырылған кәсіпорындардың қалдықтарды кәдеге жаратуы сияқты, су, ауа, топырақ мониторингі, радиациялық мониторинг жүргізіледі, шаң-газ ұстайтын жабдықтарды жөндеу және ауыстыру, су-тозаңдандыру және т. б. 2019 жылдың 1-ші тоқсанында шығарындылар нормативтерінің төмендеуі 1254,2 т/ жылына, төгінділер нормативтерінің төмендеуі 2025,7 т./жылына құрады.

Табиғат қорғау іс-шараларының жоспары

Ақмола облысының кәсіпорындарымен 2018 жылға табиғатты қорғау іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес 2 015 518,30 мың теңге жоспарлады, 2 512 562,49 мың теңге жұмсалды.

2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы қаржыландырудың өсуі келесі факторлар есебінен болды:

1) «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК 2018 жылы 559 289 600 теңге сомасына ЭГБМ 1-36-12-6-4 к/а КВТК 100-500 № 8,9,10 электр сүзгілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы іс-шараға 168 890 000 теңге жұмсалған.

2) «RG Gold» ЖШС 2018 жылы 38 526 483 теңге сомаға технологиялық жабдықтар мен аспирациялық жүйелерден шығатын зиянды заттарды ұстауға арналған шаң-газ тазарту қондырғыларын пайдалануға беру, жөндеу және қайта құру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

3) «Көкшетау Су Арнасы» МКК биологиялық тазарту станциясындағы технологиялық жабдықтарға 31 512 600 теңге сомасына жөндеу жүргізді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аталған іс-шараға 553 519 теңге жұмсалды.

4) «Altyntau Kokshetau» АҚ 2018 жылы кәсіпорын аумағына қауіпті қалдықтарды (улы) көму немесе кәдеге жарату үшін 19 147 500 теңге жұмсаған, 2017 жылы 16 371 220 теңге жұмсалды.

5) «СГХК» ЖШС 2018 жылы кен дайындау учаскесінің МВГ шаң ұстау қондырғыларын жөндеуге 5 942 000 теңге жұмсаған. 2017 жылы № 2 карта ТКМК учаскесіндегі пульпөткізгішті, сорғы станциясын жөндеуге 56 070 000 теңге жұмсалды, өткен жылы аталған іс-шараға 29 640 000 теңге игерілді.

Ақмола облысының экологиялық проблемаларының тізбесі
(04.04.2019 ж. жағдай бойынша белсендірілген)

Мәселенің сипаттамасы Шешу жолдары
1. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардан ластаушы заттардың шығарындысымен ЩБКА атмосфералық ауасының ластануы. Ағымдағыжағдай Қазіргіуақытт Бурабай ауданының аумағында 52 қазандық жұмыс істейді, оның 39-ы қатты отынмен жұмыс істейді.Қабылданған шаралар2018 жылдың қазан айынан бастап, Бурабай ауданының «Термо-транзит» ШЖҚ МКК баламалы отынды (сулы-мазут эмульсиясын) пайдалануға көшті, бұл атмосфералық ауаның ластану көлемінің төмендеуіне және отынды 20% үнемдеуге мүмкіндік береді.2019 жылы Бурабай ауданының «Оқжетпес» ЛОК қазандықты экологиялық таза газ отынына ауыстыруды жоспарлап отыр.
2. 1. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша дамыған инфрақұрылымның болмауы. Ағымдағы жағдай 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пластмасса, пластика, полиэтилен және полиэтилентерфталатты орам; қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында макулатура, картон және қағаз қалдықтарын көмуге тыйым салу бойынша Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 9, 10, 12-тармақшаларында көзделген Экологиялық кодекстің нормасы күшіне енуіне байланысты, облыста қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша проблема туындады, өйткені осы жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылым жоқ.Бүгінгі күні Ақмола облысының аумағында мүдделі тұлғаларға одан әрі жүзеге асыру үшін қайталама шикізатты жинауды, сұрыптауды жүзеге асыратын 4 кәсіпорын жұмыс істейді:1. «LS Kokshetau» ЖШС, Көкшетау қ.2. «Экопромбурабай» ЖШС, Бурабай ауданы, Щучинск қ.3. «ЭкоСервисБурабай» ЖШС, Бурабай ауданы, Щучинск қ.4. «Баян» ЖК, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы.Ауылдық округтер мен аудандардың елді мекендерінде қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарын ұйымдастыру қажет. Халықты жоғарыда көрсетілген қалдықтардың фракциялары бойынша сұрыптауға ынталандыру үшін, осы алаңдарда қайталама шикізатты сатып алу пункттерін орнату. Осы іс-шараларға қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарын жайластыру шығындарымен салыстырғанда үлкен қаржыландыру талап етілмейді.Облыста Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті құжаттары бар 25 қолданыстағы ҚТҚ полигондары бар.Қабылданған шаралар:Облыс әкімдігі ҚТҚ-ды бөлек жинауға халықты үгіттеу жұмыстарын (жиналыстар, брошюралар, үндеухаттар, бейне-роликтер, оқу орындарында дәрістер, акциялар және т.б.) жүргізеді.Көкшетау, Щучинск қалаларында қайталама шикізатты қабылдау пункттері ашылды.Қоқыс жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылды (Көкшетау қаласында, Степногорск қаласында, Бурабай ауданында, Целиноград ауданында).Қазіргі уақытта «Экопромбурабай» ЖШС Щучинск қаласында қуаты - жылына 30 мың тонна коммуналдық қалдықтарды сұрыптау желісі жұмыс істейді.Мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен жобаларға сәйкес, қалдықтарды сұрыптау жұмыстары келесі полигондарда жүргізілуде:1. «ЭКО Dump» ЖШС, Көкшетау қ.2. «Акан Курманов» ЖШС, Атбасар ауданы, Октябрьское а.3.«МЖД Атбасарсервис коммунальные услуги» ЖШС, Атбасар ауданы, Атбасар қ.4. ЖК «Орехова», Жарқайың ауданы, Валиханов а.5. «Эко-Жардем» ШЖҚ МКК6. «ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ «Коммунсервис» МКК», Жарқайың ауданы, Державинск қ.7. «Шортанды су» ШЖҚ МКК, Шортанды ауданы, Шортанды а.
3. Ақмола облысының 17 аудан орталығының 9-да (немесе 53%) кәріздік тазарту құрылыстарының жоқтығы (ҚОҚ) (Астрахан, Біржан Сал, Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау). Ағымдағы жағдай Ақмола облысының 9 аудан орталығында ҚОҚ-ның болмауы нәтижесінде қоршаған ортаның сарқынды сулармен ластануы орын алады.Қабылданған шараларОблыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына сәйкес, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен 4 жобаны іске асыруға 3 903,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде жобалар бойынша:- «Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы тазарту құрылыстарымен кәріз желілерін қайта жаңарту», сметалық құны 2 337,2 млн. теңге, мердігер «Нұр-XXI» ЖШС. 2018 жылы құрылысты аяқтауға 888 млн. теңге қаражат бөлінді, 710,4 млн. теңге игерілді;– «Ақмола облысы Степногорск қаласының Ақсу, Заводской кенттерінің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту», РБ-дан 2017 жылы 184,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.Ақмола облысының табиғатты қорғау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, ТРжТПРБ әкімшілігімен, 10 968,0 мың теңге сомасына Шортанды ауданының Жолымбет ауылындағы кәріз коллекторын қайта құруға ЖСҚ әзірленді.
Құрылған күні: 29.08.2017 17:43
Жаңартылған күні: 20.04.2019 14:00
Қаралым саны: 10442
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75