AA

Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Ақмола облысының әкiмi М.К.Мырзалиннiң «Ақмола облысының 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы және 2018 жылға арналған негiзгi мiндеттер туралы» ЕСЕБI

Құрметтi Ақмола облысының тұрғындары!

Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауы жүгiзiлiп жатқан жаңғырту үрдiстерiнiң логикалық жалғасы саналады және «Қазақстан — 2050» даму стратегиясын iске асырумен, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен тiкелей өзектес.

Мемлекет басшысы барынша дамыған 30 елдiң қатарына ену үшiн елiмiздiң дамуына қажеттi негiзгi 10 басымдықты белгiледi.

Қорытындысында, алға қойылған мақсаттар нақты тәжiрибелiк нәтижелерге қол жеткiзуге және Қазақстан халқының өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған.

Елбасының жаңа бастамаларының аясында өткен жылдың қорытындылары қазақстандықтардың нақты көрсеткiштерге бейiмделуiнiң және дамудың жаңа шындығына негiзделген реформаларды сәттi iске асыруға дайындығының көрiнiсi болып табылады.

2017 жыл облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы табысты жыл болды.

Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде оң өсiм байқалды.

Салаға 257 миллиард теңге инвестиция тартылды (6,1% өсiммен), мұның iшiнде 14,9 миллиард теңге — сыртқы инвестиция (35,1% өсiммен).

Iске асырылып жатқан үкiметтiк және мемлекеттiк бағдарламалар құрылыс жұмыстарының көлемiн 115,9%-ға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi, осы орайда республика облыстарының iшiнде екiншi орынға ие болдық.

426,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Өсiм 16,9 пайызды құрады.

Орташа айлық жалақы 5,5%-ға өсiп, 110184 теңгенi құрады.

ӨНЕРКӘСIП

Индустрияландырудың мемлекеттiк бағдарламасының екiншi бесжылдығының басымдықтарына сәйкес облыстың өнеркәсiптiк секторын дамыту жалғасуда.

2017 жылы өнеркәсiптiк кәсiпорындар 545,5 млрд. теңге сомасына тауарлық өнiмдер өндiрдi, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 89,9 млрд.теңгеге артық.

Қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң деңгейiн жоғарылату жағына трендтi қосу жүргiзiлдi — 72%-дан 80%-ға дейiн.

Өңдеу саласының артуын қамтамасыз ететiн салалар — машина жасау (өсу 16,7%), тағам өнеркәсiбi (12,9%), химия (10,8%), құрылыс материалдары (20,5%) болды.

«Altyntau Kokshetau» ЖШС жобалық қуаттылығына шығуы тауарлық өнiмдi молайтуға айтарлықтай үлес қосты.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (жүк тасымалдау автомобильдерiн құрастыруды өткен 2016 жылғымен салыстырғанда 33,6%-ға ұлғайтты), «ЕПК-Степногорск» АҚ (подшипниктер 2016 жылғымен салыстырғанда 34,6%-ға артық шығарылды), «Тыныс» АҚ (2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсу 1,7 есеге), «Қамқор- Локоматив» АЭРЗ ЖШС бөлiмшесi (локомотивтердi күрделi жөндеудi 1,5 есеге арттырды), «Агример-Астық» ЖШС (өсiмдiк майын өндiрудi 40,8%), «КазШпал» АҚ (құрылыстық мақсаттар үшiн бетоннан заттар шығаруды 1,4 есеге арттырды) кәсiпорындары өндiрiс қарқынын арттырды.

Тау-кен секторында «Өркен-Атансор» ЖШС темiр рудаларын өндiру көлемiн 11,2%-ға, «Қазақалтын» ТКК АҚ құрамында алтыны бар рудалар шығаруды –25,6%-ға арттырды.

2017 жылы қайта өңдеу өнеркәсiбiне 30 млрд. теңгенiң инвестициясы бағытталған немесе ол 2016 жылғыдан 106,2%. Қайта өңдеу саласының өсуiне Индустриализациялау картасының жобаларын iске асыру ықпалын тигiздi.

Облыста 2010 жылдан берi 254,2 млрд.теңгенiң 79 жобасы iске асырылды, ол 8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бердi. Оның iшiнде 41 жоба жоғары қосымша құнмен өнiм шығаруды қамтамасыз етсе, 26-сы экспортқа шығаруға бағдарланған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 95,4 млрд.теңгенiң 7 жобасы iске асырылып, 1119 жұмыс орны құрылды.

Аса iрi жобалардың бiрi — Бiржан сал ауданындағы цемент шығару зауытының («Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС) iске қосылуы болып табылады, оның жылдық қуаттылығы 2 млн. тонна.

Елбасының қатысуымен өткен Жалпы ұлттық телекөпiр барысында «Қазақалтын» концернiнiң рудниктерiнде техногендiк минералдық заттарды қайта өңдеу бойынша алтын шығарудың үш фабрикасы iске қосылды.

Сондай-ақ, Степногорск қаласында минералдық шикiзатты қайта өңдеу бойынша алтын шығару фабрикасы iске қосылды («Инвест-РТ» ЖШС), Целиноград ауданында күнделiктi пайдаланылатын аяқ киiм өндiру желiсi («SAMHAT» ЖШС), Степногорск қаласында ауыл шаруашылығы малдары үшiн вакциналар өндiру бойынша инновациялық жоба iске асырылды («BIOTRON GROUP») ЖШС).

Жалпы өнеркәсiптiк өндiрiстiң жалпы көлемiнде iске қосылған нысандардың үлесi 50% құрайды (2016 жылы — 39,7%), қайта өңдеу саласында — 57% (2016 жылы — 49,8%).

Индустриаландыру картасына қатысушы кәсiпорындардан мемлекеттiк бюджетке 40,7 млрд. теңге қаржы түстi, ол салықтың жалпы түсiмдердiң 30,4% құрады.

2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қайта өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi 2016 жылдың сәйкес кезеңiнiң 5,2%-ын құрайды (5,5 млн. теңге/адам). 2017 жылы iске асырылған кәсiпорындардың жобалық қуаттылыққа шығуы қайта өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгiн 7%-ға ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

2018 жылы өнеркәсiптiң қайта өңдеу секторын дамыту бағыты жалғастырылатын болады.

Ең алдымен, Бұланды ауданындағы жылына тiрi салмақта 60 мың тонна ет өндiрiлетiн бройлерлердi өсiретiн құс фабрикасының құрылысы («Макинка құс фабрикасы» ЖШС), Астрахан ауданындағы қуаттылығы 5500 тонна еттi қайта өңдейтiн кешен («BavariaProduct АПК» ЖШС), Зерендi ауданындағы құс фабрикасы («BIic Terminal» ЖШС), Көкшетау қаласындағы жылына 300-бiрлiкке дейiн комбайн жинақтау-өндiру ұйымы («Вектор» КЗ» ЖШС) сияқты iрi жобалар iске аспақ.

Елбасының Америка Құрама Штатына ресми сапары аясында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС американдық «AmityTechnology» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды. Аmity егiстiк кешендерi кәсiпорнының өндiрiстiк қуаттылығында жинау туралы лицензиялық қорытындыға қол қойылды. Аталған кешендердi құрастыру 2018 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Ақмола облысына Беларусь Республикасының Өнеркәсiп министрiнiң және беларусь компаниялары өкiлдерiнiң ресми сапары шеңберiнде 2018 жылдың 6 ақпанында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС базасында бiрқатар ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалардың модельдiк қатарын ұлғайту туралы келiсiмдерге қол жеткiзiлдi.

Сонымен қатар, жақын арада «Каик» ЖШС мен «Ростсельмаш» ААҚ (РФ) арасында Buhler маркалы тракторлар құрастыру бойынша лицензиялық келiсiмге қол қойылатын болады.

АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНI

Аграрлық секторды дамыту бойынша барлық iс-шаралар нарықта бәсекелестiкке қабiлеттi және сұранысқа ие өндiрiстi қамтамасыз ету мiндеттерiн қамтамасыз етуге бағытталған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 383 млрд. теңгенi құрады.

Жүргiзiлген iс-шаралардың жиынтығы барлық қажеттi агротехникалық жұмыстарды жүргiзуге мүмкiндiк берiп,

5,3 млн.тонна астық жиналды (орташа алынған өнiм гектарынан 12,2 ц/га құрайды). Осы орайда жалпы жиналған астықтың 80%-дан астамының 3-класты құрайды. 2017 жылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге 8,6 млрд.теңге несиелiк қаражат бөлiндi, бұл 2016 жылдың деңгейiнен 3,1 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарына мұнай терминалдарынан 135 мың тонна құны жеңiлдетiлген дизельдi жанар-жағар май жеткiзiлдi.

Өңiр ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының қажеттi сұрыптарымен толық қамтамасыз етiлдi — 520,4 мың тонна тұқым себiлдi.

1,1 млн. тонна шөп дайындалды (жылдық қажеттiлiктiң 100,7%), сүрлем — 133,4 мың тонна (124,4%), картоп — 281,1 мың тонна (гектарынан 153,6 центнерден өнiм алынды) және көкөнiстер — 60,8 мың тонна (гектарынан 141,5 центнерден).

Азық-түлiкпен iшкi нарықты қамтамасыз ету мақсатында, мал шаруашылығына ерекше назар аударылады.

Есептi жылда мал шаруашылығында өнiм өндiрудiң өсiмi 3,3% құрады.

2016 жылғымен салыстырғанда iрi қара мал басы 1,4%-ға, құстар- 16,4%-ға өстi.

Ет өндiрiсi 6,9%-ға, сүт — 1,8%-ға, жұмыртқа — 8,4%-ға артты.

Елбасы Жолдауында еңбек өнiмдiлiгiн айтарлықтай ұлғайту үшiн шикiзат өңдеудi қамтамасыз ету қажеттiгi және жоғары сапалы өнiммен әлемдiк нарықтарға шығу қажеттiгiне ерекше назар аударылды.

2017 жылы 80,7 млрд.теңге сомасына тағамдық өнiмдерi өндiрiлген немесе ол 2016 жылдың деңгейiне 112,9%. 23 мың тонна ет өнiмдерi өндiрiлген (өсу 22,5%), 22,3 мың тонна өсiмдiк майы (өсу 69,1%), 426,7 мың тонна ұн (өсу 12%).

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiнен экспорттың көлемi 2017 жылдың 11 айында 224,4 млн. АҚШ долларын құрады, өсу 2016 жылдың кезеңiне 25%-ға, оның iшiнде өңделген түрде экспортқа шығаруға арналған өнiмдердiң үлесiнде 16%. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдарды экспортқа шығару 14%, ұн — 9%.

Бұдан басқа, өнiмнiң сапалылығы мен экологиялық тазалылығын сақтау үшiн жұмыстар жүргiзiледi, ол табиғи тағамдардың брендiн жасауға мүмкiндiк бередi. Бүгiнде облыста 80-ге жуық компания тағамдардан өңiрлiк брендтерiмен экспортқа өнiм шығаруда.

Қорғалжын ауданындағы «Астана-Агропродукт» ЖШС, Бурабай ауданындағы «Kaz-Beef» ЖШС еттен жасалған жартылай фабрикаттары, Целиноград ауданындағы «CapitalPrpjectsLTD» ЖШС «Курочка Ряба» құс етi мен құс етiнен жасалған өнiмдерi, Зерендi ауданындағы «MilkProject» ЖШС сүт өнiмдерi, Бiржан сал ауданының «Қазгер құс» компаниясының өнiмдерi, Бурабай ауданындағы «Бота-2015» ЖШС өсiмдiк майлары, Атбасар ауданындағы «InterTrade» ЖШС ұны шет елде (негiзiнен — Ресейде, Орта Азияда, Таяу Шығыста, Қытайда) үлкен сұранысқа ие.

Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн жаңа кәсiпорындар iске қосылуда.

2017 жылдың қыркүйек айында «Аян» ЖШС (Аршалы ауданы) қуаттылығы тәулiгiне 150 тонна макарон және 24 тонна макарон өнiмдерiн шығаратын цехты iске қосты.

«Зерендi» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС жанынан 5 мың басқа арналған, ешкi сүтiнен өнiмдер шығаруға бағытталған асыл тұқымды шаруашылығы құрылды.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша да облыста белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.

Өткен жылы 35 ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылды, оның iшiнде 30 сүт сатып алу бойынша және 5 ет дайындау бойынша, отбасылық бордақылау алаңдарын құру үшiн 3241 бас iрi қара мал басы сатып алынды, екi мал сою алаңының жабдықталуы жетiлдiрiлдi, 10 сүт тасымалдау автокөлiгi, сондай-ақ 2 рефрижератор сатып алынды.

2018 жылдың жоспарында тағы да 28 ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және кооперацияға тартылатын жеке шаруашылықтардың мал санын 25 мыңға дейiн жеткiзу жоспарланған.

2017 жылдың қараша айында Астана қаласында «AQMOL» тауарлық жүйесiн құру бойынша жоба жүзеге асырылды, ол облыстың тауар өндiрушiлерiне бәсекелестiк бағалары бойынша Астана қаласының нарығына делдалдарсыз шығуға мүмкiндiк бередi. Бүгiнгi таңда 3 дүкен қызмет көрсетедi, ағымдағы жылы сауда нүктелерiнiң жүйесiн 10-ға дейiн кеңейту қарастырылған.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Облыстың басым бағыттарының бiрi ол шағын және орта бизнестi дамыту және қолдау.

Бұл салада облыстың белсендi тұрғындарының үштен бiрi жұмыс iстейдi (30% немесе 129,7 мың адам).

Жұмыс iстейтiн орта және шағын бизнес субъектiлерiнiң саны 41,7 мың бiрлiктi құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың бiрлiкке артық.

2017 жылы кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiн арттыру үшiн «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3,2 миллиард теңге бөлiндi, өңiрлiк үйлестiру кеңесi жалпы сомасы 27,2 миллиард теңгенiң 142 жобасын қолдады.

Жалпы екiншi деңгейдегi банктер кәсiпкерлерге 68,8 миллиард теңгенiң несиесiн бердi, ол 2016 жылмен салыстырғанда 67,7% артық.

Облыстың кәсiпкерлер палатасы және «Даму» қорының өңiрлiк бөлiмшесi қолдаудың қаржылық емес түрлi бағыттары бойынша 4446 адамды қамтыды, 16,7 мыңнан астам кеңестер берiлдi.

Бағдарламаның екiншi бағыты — өнiмдi еңбектi дамыту және жалпы кәсiпкерлiк бойынша 464 адам 2,6 миллиард теңгенiң шағын несиесiн алды, оның iшiнде 190 адам бизнесiн кеңейтуге, 274 — жаңа iсiн ашуға.

Шағын несиенiң айтарлықтай үлесi — 86,7% (402 шағын несие) мал шаруашылығын дамытуға берiлдi.

2017 жылы өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен құны 27,2 миллиард теңгенi құрайтын 142 жоба қолдау тапты.

Кәсiпкерлердi жан-жақты қолдау өндiрiлген өнiм көлемiн 20,6% (2017 жылдың 9 айында) ұлғайтуға, мемлекеттiк бюджетке салықтар мен басқа да түсiмдердi 21% ұлғайтуға (35 миллиард теңге түстi) мүмкiндiк бердi, 6338 жаңа жұмыс орны ашылды.

Целиноград ауданының Қосшы ауылында елiмiзде жалғыз арнайы мамандандырылған, әлiмдiк стандарттарға сәйкес салынған жеке орталық мыңдаған терабайт ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және тапсыруға мүмкiндiк бердi (Қазақстанның аса iрi клиенттерiнiң электрондық мәлiметтерi). 4,5 миллиард теңге құнымен жобаның бастамашысы және ұйымдастырушысы елiмiздiң IT-индустриясының көшбасшысы — «Intarget Solutions» ЖШС болып табылады.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2017 жылдың қорытындысы бойынша капитал салуда өсудiң оң нәтижесi байқалады, инвестицияның өсуi 2016 жылғы деңгейдiң 6,1% құрады.

Өңiрдiң экономикасына 257 миллиард теңге инвестиция салынған, оның iшiнде 173,1 миллиард теңгесi экономиканың нақты секторын дамтыруға бағытталған. Сыртқы инвестициялар 14,9 миллиард теңгеге дейiн өстi.

Негiзгi капиталға инвестиция құрылымында шағын үлесi кәсiпорындардың жеке қаражаты — 42,2% немесе 108,6 миллиард теңге, орталықтандырылған қаражат көзiнiң көлемi 40,9% құрады, қарызға алған қаражаттар — 9,8%, банктердiң несиелерi — 7,1%.

2017 жылы кәсiпкерлер институтымен және «Kazakhinvest» НК» АҚ өкiлдiгiмен тығыз әрекеттесетiн инвестицияларды тартатын және инновацияларды қолдайтын орталық ашылды. Облыстың инвестициялық стратегиясы әзiрленуде.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

2017 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемi 800,5 миллион АҚШ долларын құрады, экспорт — 295,2 миллион АҚШ доллар, 31,7%-дан астамы 93,6 миллион АҚШ долларына өңделген тауарлар экспортына келедi.

Экспорттың басты бағыттары — Ресей Федерациясы және басқа да таяу шетелдер.

Бидай экспорты көлемi 4,3%, арпа 82,7%, подшипниктер 46,5% өстi. Облыстың дәстүрлi экспорт өнiмдерi қатарын құраушы өсiмдiк өнiмдерi болып табылады — күнбағыс тұқымының экспорты 2,1 есеге өстi, рапстың тұқымы — 1,3 есеге.

Ақмола облысы кәсiпорындарының азық-түлiк өнiмдерiн тарату мақсатында, Ресей Федерациясының шекаралас орналасқан өңiрлерiнiң дүкендер жүйесiнде оларды сату мәселесi қарастырылуда.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2017 жылы 426,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде 250 мың шаршы метр тұрғын үй жеке меншiк тұрғын үй салушылардың үлесiнде. 3647 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 38,7 миллиард теңге инвестиция жұмсалды. Негiзгi басым бағыттар бойынша кол жетiмдi тұрғын үйлердiң құрылысы аяқталды.

- жалпы алаңы 10,2 мың шаршы метрдi құрайтын кезекте тұрғандарға арналған 4 үй: Макинск (18 пәтерлiк тұрғын үй), Ерейментауда (60 пәтерлiк тұрғын үй), Степнякта (21 пәтерлiк тұрғын үй), Степногорскiде (48 пәтерлiк тұрғын үй) қалаларында;

- жас отбасыларға арналған 3 тұрғын-үй — Көкшетау қаласында 7,8 мың шаршы метр тұрғын үй ( 30 пәтерлi тұрғын үйлер);

- сатып алу құқығынсыз жалға берiлетiн 2 тұрғын үй — Жақсы ауылында (18 пәтерлiк тұрғын үй) және Аршалы кентiнде (45 пәтерлiк тұрғын үй);

- iшкi несиелер есебiнен 2 үй — 5 мың шаршы метр тұрғын үй Көкшетау қаласында (18 пәтерлiк тұрғын үйлер);

- 3 несиелiк үйлер — Көкшетау және Степногорск қалаларында 22,4 мың шаршы метр тұрғын үй Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi жүйесi арқылы;

- 377,0 мың шаршы метр коммерциялық және жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үй құрылысы нысандарына арналып 8,1 шақырым инженерлiк жүйе салынды.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жағдай жасалуда. Облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен он төрт елдi мекенде 8900 жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiне инженерлiк инфрақұрылымды жеткiзуге арналып 40 жоба дайындалды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу қуаты инфрақрылымдарын, жылу-сумен қамту және су бұру саласын дамытуға арналған 7 жобаға 6,1 миллиард теңге қаражат бөлiндi және игерiлдi.

Есiл қаласында, Шаңтөбе кентiнде жылу қазандығының құрылысы жалғасуда.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттен 8,2 миллиард теңге бөлiндi. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Макинка (Ақкөл ауданы), Каменка (Астрахан ауданы), Садовое (Атбасар ауданы), Өркендеу (Қорғалжын ауданы), Шортанды (Шортанды ауданы), Күншалған (Ерейментау ауданы), Первомайка (Бурабай ауданы), Мамай (Бiржан сал ауданы), 96 разъезд, Қабанбай батыр және Мәншүк (Целиноград ауданы) ауылдық елдi-мекендерiнде 11 объектiнiң құрылысы аяқталды.

Нәтижесiнде, 241,2 шақырым су құбырлары жүйелерi реконструкцияланды және құрылысы салынды, 5200 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлдi. Тасымалданатын суды пайдаланатын елдi мекендердiң саны 26-дан 22-ге дейiн қысқарды, селоларды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 58,8% ұлғайды.

КӨЛIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жол-көлiктiк инфрақұрылымды дамытуға 2017 жылы 12,3 миллиард теңге бөлiнiп және игерiлдi, 235,6 шақырым жол жөнделдi (реконструкциялау мен құрылыс — 13,3 шақырым, күрделi және орташа жөндеу — 114,3 шақырым, ағымдағы жөндеу — 108 шақырым).

Целиноград ауданындағы Родина ауылына баратын жолын, облыстық маңызды «Малый Барап-Кордон» автомобиль жолын реконструкциялау, Ақмол ауылына жақын орналасқан көше-жол жүйесiнiң (1,2,3,4 ықшам аудандар) құрылысы жұмыстары аяқталды.

Жалпы пайдаланатын 9 автомобиль жолының учаскелерiнде күрделi және орташа жөндеумен 70,7 шақырым жол қамтылды («Аршалы-Ижевское» 5,1 шақырым, «Новый-Колутон-Ақкөл-Азат-Минское» 8,2 шақырым, «Шучинск-Николаевка» 7,3 шақырым, «Астана қаласын шығыс жағынан айналу Сарыоба стансасы» 6,5 шақырым, «Новочеркасское-Егiндiкөл-Жантеке» 16,5 шақырым, «Бузулук-Алматы» 10,5 шақырым, «Ақмол-Воздвиженка-Талапкер» 5 шақырым, «Балқашын-Шаңтөбе» 11,6 шақырым, «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» ойпаң жерлердi жою).

Көше-жол жүйесiнiң күрделi жөндеуi Көкшетау (Тәшенов көшесi), Степногорск (Парковая көшесi), Щучинск (Пролетарская көшесi) қалаларында, Целиноград ауданында (Кабанбай батыр, Қосшы, Тайтөбе, Максимовка. Софиевка, Шұбары, Қызылсуат ауылдарында) және Шортанды кентiнде (Дзержинский көшесi), Сандықтау ауданы автомобиль жолдарының бес су өткiзу қондырғылары жөнделдi.

Орташа жөндеу жұмыстарымен Щучинск қаласының (Сейфуллин, Зеленая, Октябрьская) 43,6 шақырым автомобиль жолдары қамтылды.

Көше-жол жүйесiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы алаңы 53 шақырым 16 елдi мекенде, 2 қалада жүргiзiлдi. Жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын күтiп ұстау және ағымдағы жөнделумен 55 шақырым қамтылды.

Жүргiзiлген iс-шаралар жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесiн 67,1% ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.

Жолдарды жөндеу және құрылысын салумен қатар жолаушыларды тасымалдау да дамып келедi. Жолаушылар автокөлiгiнiң қатынасымен 100 адамнан астам тұрғындары бар 425 елдi мекен қамтамасыз етiлген (қамту 82,7%).

6 жаңа бағыт ұйымдастырылды, 3-еуi — ұзартылды және бұрын қолданыста болған 1 бағыт жұмысын жаңартты. Қосымша 14 елдi мекенге автобус қатынауы ұйымдастырылған (Ақкөл ауданында аудан iшiнде тұрақты жүретiн автобус бағыты ұзартылды Ақкөл-Новорыбинка — 1 елдi мекен — Құрылыс селосы қамтылған; Астрахан ауданында аудан iшiнде тұрақты жүретiн автобус бағыты ұйымдастырылған «Астраханка-Ұзынкөл» — 1 елдi мекен — Ұзынкөл селосы қамтылған; Бұланды ауданында аудан iшiнде жүретiн автобус бағыты ұйымдастырылды — «Макинск-Қараөзек-Купчановка-Гордеевка-Новокиевка», 2 елдi мекен қамтылған — Гордеевка және Новокиевка ауылдары. Егiндiкөл ауданында аудан iшiнде жүретiн автобус бағыты ұйымдастырылды — «Ұзынкөл-Егiндiкөл», 2 елдi мекен қамтылған — Буревестник және Ұзынкөл. Ерейментау ауданында аудан iшiнде жүретiн автобус бағыты ұйымдастырылды — «Ерейментау-Ақсуат» — 1 елдi мекен — Ақсуат ауылы қамтылған; Целиноград ауданында аудан iшiнде жүретiн автобус бағыты ұйымдастырылды — «Софиевка-Астана-Ақмол-Шалқар» 3 елдi мекендi — Шалқар, Бiрлiк, Отаутүскен ауылдарын қамтиды және «Шұбар-Астана-Ақмол-Жаңа Жол»  — 1 елдi мекен — Жаңа жол ауылын қамтиды. Зерендi ауданында бұрын қолданыста болған бағыт жұмысын жаңартты, ол — «Зерендi-Исаковка»; Шортанды ауданында аудан iшiнде жүретiн автобус бағыты қайта жаңартылды — «Астана-Константиновка», Белоярка ауылына дейiн және Белое озеро ауылы қолданыстағы ауданiшiлiк «Шортанды -Бозайғыр-Пригородное» бағытына қосылды.

ТУРИЗМ

Туристiк саланы дамыту 2017 жылы туризм индустриясының негiзгi көрсеткiштерiнiң тұрақты өсуi байқалады. Туристiк инфрақұрылымның жаңа 10 нысаны құрылды (4 қонақ үй, 4 демалыс аймағы, 1 қонақ қабылдау үйi, 1 балалар ойын-сауық орталығы ), оларда 111 жұмыс орны ашылды.

2017 жылдың 9 айында келушiлер саны 266 мың адамды құрады. Көрсетiлген қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлемi 4,5 миллиард теңгенi құрады. Оның iшiнде Щучинск-Бурабай курортты аймағында-3,3 миллиард теңге, 7 % өсiммен.

Жылдың аса маңызды оқиғасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесi болды, оған 100 мыңнан астам ақмолалықтар барды. Оның өтуi кезiнде ойын-сауық және басқа да қызмет түрлерi көрсетiлген Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 10 мыңнан астам келушiлер болды.

2017-2020 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының 3-кезеңiн iске асыру аясында инженерлiк жүйе, жол және туристiк инфрақұрылымдар құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Үлкен Шабақты көлiнiң жағасында 233 гектар аумақта жаңа курортты аймақтың құрылысын жүргiзу жоспарланған. (отель, демалыс және көңiл көтеру нысандары, инженерлiк желiлер, автожолдар).

Бурабай кентiнде тұрғын үйлерiмен, авто тұрақтарымен және кемпингтiк аймақтарымен курорттық кешен салу жоспарланып отыр.

Щучье көлiнiң жағалауындағы Риксос қонақ үйi аумағынан премиум-класс курортты аймағын құралатын болады. Қазiргi уақытта инвесторлар iздестiрiлуде (инженерлiк ифрақұрылымдар тартылған).

Кiшi Шабақты көлi аумағынан Ақылбай селосындағы 700 гектар жерге шетелдiк инвесторлармен бiрлесе отырып, ат спорты кешенi басталмақшы.

Инвестиция тарту мақсатында iрi отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн 2018 жылдың ақпан айында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жобаларының арнайы түсаукесерi өткiзiлдi.

Iшкi және көшпелi туризмдi дамыту мақсатында «Ақмола облысында туристiк саланы дамытудың жол картасы» жасау аяқталуда.

Оған туризмдi мемлекеттiк жүйесiн, көлiк логистикалық, телекоммуникациялық инфрақұрылым аумағын дамыту, сондай-ақ, инвестиция тарту бағытындағы шаралар енгiзiлген.

Бурабай курортын жыл бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету консепциясы аясында 20 астам бағытты қамтитын «Four seasons» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

АУМАҚТЫҚ ДАМУ

Ауылдық елдi мекендерде тұратын тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн жоғарылатуға бағытталған 2020 жылға дейiнгi Астана қаласы маңында орналасқан елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi iс-шараларын iске асыру жалғасуда.

Жоспарды iске асыруға 2017 жылы 7,4 миллиард теңге бөлiндi. Бозайғыр ауылында электр қуатымен қамтитын жүйенiң құрылысы (Шортанды ауданы), Қабанбай батыр ауылының су жеткiзу құбырларының қосымша жалғаулары (2-кезек), 96-Разъезд ауылын сумен қамту жүйесiнiң тарату желiлерi (Целиноград ауданы) және 42-Разъезд станциясы (Аршалы ауданы), Целиноград ауданының Максимовка, Софиевка, Тайтөбе ауылдарының көше-жол жүйесiнiң күрделi жөндеу жұмыстары аяқталды.

2017 жылы қаржыландыру құны 61,4 миллиард теңге болатын Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының 3-шi кезеңi бекiтiлдi. Бурабай ауданы IIБ-ның атты әскер взводы ғимаратының құрылысы аяқталды.

Астана қаласы маңында азық-түлiк белдеуi аясында 10,9 миллиард теңгенiң 12 инвестициялық жобасы iске асырылды (5 астық қоймасы — 6,2 миллиард теңге; 2 жылыжай кешенi — 0,8 миллиард теңге; 3 үктiру кешендерi — 1,4 миллиард теңге; 2 жоба сүт өндiру бойынша — 2,5 млиллиард теңге).

Шағын қала — Степногорскiнi одан әрi дамыту мақсатында якорлық инвестициялық жобалар iске асырылды:

- «Ақсу кен орнында алтын шығару фабрикасының» құрылысы «Қазақалтын Technology» ЖШС құны 11,8 миллиард теңге болатын 103 жұмыс орны ашылды;

- «Бестөбе кен орнында алтын шығару фабрикасының» құрылысы «Қазақалтын Technology» ЖШС құны 9,8 миллиард теңге болатын 84 жұмыс орны ашылды;

Парковая көшесiнiң күрделi жөндеу , қала көшелерi жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды (автобус павильондары орналастырылды, жол белгiлерi, жарықтандыру, абаттандыру), (4,3 шақырым).

Қалада вокзал маңы алаңына абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi, жасыл желектi парк аумағында маусымаралық түрлi функционалды спорт алаңы ашылды.

2017 жылы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бұрындары бос тұрған 143 пәтерлiк №17 тұрғын үйге күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, тұрғын үй пайдалануға берiлдi (9-ықшам ауданындағы). 143 пәтерлiк №52 тұрғын үйдi қалпына келтiру бойынша құрылыстық-монтаж жұмыстары басталды (7-ықшам ауданындағы).

Облыс орталығының бiрiншi кезектегi мiндеттерi кезең-кезеңмен шешiлуде.

Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берiлдi, 12 үйдiң құрылысы жалғасуда.

Васильковский (5 көпқабатты тұрғын үйдiң аулалары), Центральный (8 көпқабатты тұрғын үйдiң аулалары), Юбилейный (8 көпқабатты тұрғын үйдiң аулалары) ықшам аудандарында аула аумақтарын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

22 балалар ойын алаңдарын орналастыруға облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлiндi.

Қаланы санитарлық тазалау, скверлердi абаттандыру, көгалдандыру және оларды күтiп ұстау жұмыстары жүргiзiлдi.

2017 жылы қаланың лифт шаруашылығын қалпына келтiру үшiн 144,8 миллион теңге бөлiндi, 19 лифт қалпына келтiрiлдi.

Жаңа Неке сарайы салынды, онда салтанатты түрде некеге отыруға барлық қажеттi жағдайлар жасалған.

«Жастар» және «Темiржолшылар» екi жаңа алеясы пайда болып, «Бұқпа» тауындағы қарау алаңдары қайта жаңартылды, жаңа шiркеудiң құрылысы жалғасуда, «Революция күрескерлерi» мәдениет және демалыс паркi қайта жабдықталуда, қаланы сәндендiруге бағытталған басқа да шаралар iске асырылуда.

2017 жылы демеушiлерден түскен 109 миллион теңгеге «Оқжетпес» стадионындағы футбол алаңы және дренажды жүйенiң жабу алаңдары қайта ауыстырылды.

2017 жылы мемлекеттiк — жеке меншiк серiктестiк аясында Көкшетау қаласындағы ТЭЦ құрылысының концепциялық жобасы жасалып, нысан құрылысына байқау жарияланды.

Канализация жүйесi және су құбырларының құрылысын аяқтау үшiн жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

БIЛIМ

Бiлiм саласында мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының жүйесiн кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылды, сапалы орта және кәсiби бiлiм алуға жағдайлар жасалған.

2017 жылы жалпы саны 1896 орындық 23 мектепке дейiнгi мекеме пайдалануға берiлдi (20 балабақша, 3 шағын орталық), бұл 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбие және оқумен қамту көрсеткiшiн 97,7% жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

9 мектепке дейiнгi бiлiм беру нысандарының күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, Көкшетау қаласында 280 орындық екi балабақшаның құрылысы жалғасуда.

2017 жылы мектептердiң 2,5,7 сынып оқушылары жаңартылған үлгiге көштi, облыстың 6 мыңнан астам ұстазы кәсiби шеберлiгiн жоғарылату курстарынан өттi.

Инновациялық «BlimLand» платформасы облыстың барлық мектептерiне қолжетiмдi, интернетке облыстың 533 мектебi немесе ол 94% қосылған, 411 жаңа мультимедиялық қондырғылар орнатылған.

2017 жылы Қызылсуат (Целиноград ауданы) ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берiлдi, Макинка қаласындағы №4 екi қабатты орта мектеп ғимараты балаларға арналған музыкалық мектепке, балалар шығармашылығы үйiне және коррекциялық сыныпқа бейiмделiп қайта жабдықталды. Ағымдағы жылы 8 мектептiң құрылысы және Көкшетау қаласындағы 3432 орындық №18 орта мектепке жапсарлас құрылыс жалғасуда.

Күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары 41 орта бiлiм беру нысандарында жүргiзiлдi.

2017 жылы 1,1 миллиард теңгеге 850 мыңға жуық оқулық пен оқыту-әдiстемелiк кешендерi сатып алынды.

Республикалық және халықаралық деңгейдегi пәндiк олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда облыстың оқушылары жақсы көрсеткiштерге қол жеткiздi, олар 60 медаль жеңiп алды, соның 48-i — республикалық деңгейде және 12-сi халықаралық деңгейде.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жалпы кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 39 жұмысшы мамандығы бойынша 1190 студенттi қабылдау iске асырылды. Қысқа мерзiмдiк оқыту курстарына 5 мыңнан жұмыссыздар мен өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұрғындар жiберiлдi.

Еңбекпен қамтылғандардың және мемлекеттiк тапсырыс бойынша техникалық-кәсiби бiлiм алғандардың үлесi 95,2% құрады.

Бiлiктi кадрларды заманауи құрал-жабдықтар мен жетiлдiрiлген қондырғылармен қамтамасыз ету үшiн колледждердiң 367 оқу-өндiрiстiк шеберханасы, зертханалары және кабинеттерi жетiлдiрiлдi.

2017 жылы алғаш рет облыстық бюджеттен жоғары бiлiмдi оқытушылар дайындау үшiн, оның iшiнде математика және табиғи ғылымдар бойынша 100 жалпы бiлiм беру гранттарын тағайындауға қаражат бөлiндi.

2017 жылы «WorldSkills» Ұлттық чемпионатта облыс колледждерiнен команда республика бойынша үздiк нәтиже көрсетiп, 8 алтын, 1 күмiс және 7 қола медаль жеңiп алды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау саласының негiзгi стратегияларының бiрi салауатты өмiр салтын қалыптастыру арқылы тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады, медициналық көмекке қол жетiмдiлiктi және сапасын жақсарту, өлiм-жiтiм оқиғасының негiзгi себебi болып табылатын сырқаттың диагнозын уақытында анықтау мен емдеу, сондай-ақ, кадрлық әлеуеттi дамыту.

2017 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 16,2 млрд.теңге бағытталды, оның iшiнде 11,7 млрд.теңге кепiлдi тегiн медициналық көмек көлемi немесе 72,1%.

206 медициналық жабдықтар сатып алынды, соның iшiнде эндоскопиялық, цифрлық жылжымалы мамография жүйесi, 33 санитарлық автокөлiгi, 4 бiрлiктен жедел -жәрдем көмек қызметтерiне «АДИС» бағдарламалық кешенi және мобильдiк хирургиялық рентген-диагностикалық жүйесi С-дуга және тағы басқалары.

Нәтижесiнде медицина ұйымдарын жарақтандыру 58,5% дейiн өстi. 2017 жылы 4 денсаулық сақтау нысаны iске қосылды.

Қан айналым жүйесi ауруларын сапалы диагностикалау үшiн Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы мен Ақмола облыстық №2 ауруханасы базаларында 2 инсульт орталығы ашылды, олар 2 компьютерлiк тамографтармен жабдықталған.

Облыс бойынша жаңа пилоттық бағдарламалар және жүйелер, үш нозология бойынша ауруларды басқару (артериалды гипертензия, қант диабетi және созылмалы жүрек жеткiлiксiздiгi) сияқты бағдарлама және кешендi медициналық-ақпараттық жүйесi енгiзiлуде.

Жоғары технологиялы медициналық қызметтi енгiзу аясында облыстық онкологиялық диспансер базасында Астана қаласының жоғары бiлiктi мамандарымен шағын инвазивтi лапороскопиялық орта құру бойынша шеберлiк сыныбы ұйымдастырылды, бiрiншi рет бүйректiң қатерлi iсiгiнде органдарды сақтайтын оталар жүргiзiлдi.

Жүргiзiлген кешендi шаралар нәтижесiнде әлеуметтiк-маңызды аурулар өлiм-жiтiмi төмендетiлдi, соның iшiнде қан айналым жүйесi — 2,8%, онкопоталогия — 2,4 %, туберкулез — 22,2%. Туберкулез ауруының көрсеткiштерi 8% төмендедi, қан айналым жүйесi — 26,5% .

Есептi жылда облысқа 384 медициналық қызметкерлер келдi, оның iшiнде 140 дәрiгер. Дәрiгерлер саны 1,2% көбейдi ( 1793-тен 1815 дәрiгерге дейiн). Республиканың медициналық ЖОО-да облысымыздың шамамен 400 студентi бiлiм алуда.

Келген мамандарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында 55 көтерме жәрдем ақысы (8,7 млн.теңгеге) және тұрғын-үй сатып алуға 65 несие (217,3 млн.теңгеге) берiлдi.Облыста онкологиялық ауруларды басқарудың кiрiктiрiлген үлгiсiн енгiзу бойынша 2020 жылға дейiн арналған жол картасы жүзеге асуда. Ағымдағы жылы Көкшетауда бiр ауысымда 150 науқасты қабылдайтын онкологиялық емхана құрылысы басталады.

Медициналық ұйымдарға кадрларды тарту мақсатында облыс әкiмiнiң шәкiртақысы мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттарына өңiрiмiздiң 200 түлегi республикамыздың ЖОО-да бiлiм алуда, 2017 жылы дәрiгерлерге 20 пәтер бөлiндi. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң базасында медицина факультетiн ашу мәселесi қарастырылуда (150 орындық бакалавриат деңгейiнде үштiлде даярлайтын).

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕК

2017 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтiк көмек саласында негiзгi мiндеттердiң бiрi экономиканың барлық салаларында жұмыс орындарын құру, азаматтарды өнiмдi жұмыспен қамтуға тарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету болып табылды.

Жүргiзiлген жұмыстың нәтижесiнде экономиканың барлық салаларында 12239 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның iшiнде 6913 — тұрақты.

Жұмыс орындарын қысқартудың алдын-алу және сақтау мақсатымен облыс әкiмдiгi және жұмыс берушiлер арасында өзара ынтымақтастық жөнiнде 6112 меморандум жасалды.

2017 жылы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру дейгейi 92,3 % құрады немесе өтiнiш бiлдiргендердiң арасынан 19677 адам жұмысқа орналастырылды.

Қолданылып жатқан тиiмдi шаралар «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша 27227 адамды қолдаумен қамтуға мүмкiндiк бердi, оның iшiнде 17136 жұмыссыз азаматтар және 8901 өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар.

Жастар тәжiрибесi бойынша 731 түлек жұмысқа орналастырылды, 704 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлдi, жалпы қоғамдық жұмыстарға 2795 адам қатысты.

«Тегiн кәсiби-техникалық бiлiм» аясында облыстың 18 колледжiнде 1190 студент бiлiм алуда, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 4801 адам қысқа мерзiмдi курста оқып шықты, 3112 жұмысқа орналастырылды.

Өз iсiн ашу және кеңейту үшiн 464 қатысушы 2,6 млрд.теңге сомасында несие алды.

Еңбек нарығында кешендi шараларды жүзеге асыру жалпы жұмыссыздық көрсеткiшiн 4,8 % деңгейiнде қамтамасыз еттi.

Халықтың әлеуметтiк осал топтарына ерекше көңiл бөлiнедi.

2017 жылы мүгедектер 557 кресло-коляскамен, 888 тифло-сурдотехникалық жабдықтармен, 1502 протездiк-ортопедиялық бұйымдармен, 3396 адам гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етiлдi. Санаториялық-курорттық емге 1646 адам бағытталды, «Инватакси» қызметiмен 218 мүгедек қамтылды.

Мүгедектердiң мұқтаждары үшiн сәулеттiк ортаны қалыптастыру мақсатында төлқұжаттау және 1672 әлеуметтiк инфрақұрылым нысанының бейiмделуi жүргiзiлдi.

128 отбасы атаулы әлеуметтiк көмек алды, мемлекеттiк балалар жәрдемақысы — 6317 балаға, тұрғын-үй жәрдемақысы — 2060 отбасына берiлдi, үйде оқытылатын және тәрбиеленетiн 358 мүгелек-балалар материалдық қамтамасыз етiлдi.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Кәсiби өнердi, шығармашылықты, рухани мұраны сақтау, мәдени игiлiктi көбейту, қолдау және дамыту мәдениет саласындағы бiрден-бiр маңызды мiндеттер болып табылады.

Ақмола облысының кiтапханаларын жаңғыртудың 2016-2019 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде 49, 2017 жылы — 15 кiтапхана модельдi мәртебесiн алды.

"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесiн өткiзу кезеңiнде Ақмола облысының мәдениет күндерi өткiзiлiп, оған 2100 адам қатысты. 15 iрi iс-шаралар өткiзiлдi.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Рухани қазына" кiшi бағдарламасы шеңберiнде жалпыұлттық мәдени мұраны байыту және сақтау жөнiндегi жұмыс жалғастырылды. Республикалық жобалық офистiң жобалар тiзiлiмiне 94 инфрақұрылымдық және әлеуметтiк-мәдени кiшi жобалар және iс-шаралар енгiзiлдi.

"Қазақстанның 100 киелi орындары" тiзiмiне Ақмола облысынан 43 объект, оның iшiнде 10-ы республикалық рухани киенiң картасына және 33-i өңiрлiк карнтаға ендi.

2017 жылы 82 миллион теңгеге 25 клубтық кәсiпорындар жөнделдi.

"Қазақстанның қасиеттi географиясы" жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi ұйымдастырған II республикалық форумда "Қасиеттi Қазақстан" арнайы жобасын iске асыру бойынша Ақмола облысының оң тәжiрибесi тыңдалды. "Киелi Қазақстан" энциклопедиясының I томының тұсаукесерi өткiзiлдi, оған Астана, Алматы қалалары және Алматы облысымен бiрге пилоттық өңiр ретiнде Ақмола облысы қосылған. Энциклопедияның I томына сиынатын, қажылық ететiн, рухани байыту орындары болып табылатын шамамен 200 киелi нысандар кiрдi.

Заманауи технологиялардың көмегiмен — QR-кодтар арқылы Ақмола облысының киелi нысандарын ақпараттық цифрлау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды.

Қазақстанның барлық облыстары әртiстерiнiң қатысуымен республикалық деңгейдегi 3 iрi музыкалық жобасы: "Гәккулеткен, аққужеткен — Көкшетау" өңiраралық фестивалi, "Көкшетау — тал бесiгiм" халықаралық классикалық музыка фестивалi және "Ғасырлар үнi" фольклорлық-этнографиялық фестивалi өттi.

Шығармашылық ұжымдар республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысты. Санкт-Петербург қаласында өткен "Красные маки Победы-2017" халықаралық өнер байқауында "Полянка" үлгiлi би ансамблi Гран-при иегерi атанды.

Облыстық театрлармен 36000 көрермендi қамтыған 383 спектакль қойылды, облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарымен 25,2 мың адамды қамтыған 136 концерт өткiзiлдi, облыс мұражайларымен 73,5 мың адам барған 2700 iс-шара өттi.

2017 жылы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру iс-шараларын жандандыру мақсатында халықты сауықтыру жұмыстары жалғасты.

Облыста дене шынықтыру және спортпен 203758 адам немесе халықтың 27,6% шұғылданады.

Ақмола облысында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға арналған 2355 спорт құрылысы бар, оның iшiнде 1672-сi — ауылдық жерлерге тиесiлi. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт нысанедарының саны 54 бiрлiкке артты.

Шортанды кентiнде жүзу бассейнi және Балкашино ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Державинск қаласында стадион, Көкшетау және Степногорск қалалары мен Аршалы, Целиноград аудандарында 40-қа жуық спорт алаңы пайдалануға берiлдi.

Биылғы жылы Макинск қаласындағы жүзу бассейнiнiң құрылысы аяқталады, Астраханка ауылы мен Ерейментау қаласында БСК құрылысы және Көкшетау қаласында спорт залы мен футбол алаңының құрылысы басталады, Бурабай ауданында Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрлеу қарастырылған.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында облыста 279 мың адамның қатысуымен 3511 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi.

Өткен жыл қысқы спорт түрлерiнiң өкiлдерi үшiн халықаралық спорттық жарыстарға бай болды.

Алматы қаласында Дүниежүзiлiк қысқы универсиадада бiздiң спортшылар 7 медальға (2 алтын, 4 күмiс, 1 қола) ие болды, бұл Қазақстан спортшылары жеңiп алған барлық медальдың 20%-ын құрады.

Жапонияның Саппоро қаласында өткен Қысқы Азия ойындарына Ақмола облысынан 8 спортшы қатысып, 6 медаль жеңiп алды (1 алтын, 3 күмiс, 2 қола).

Республикалық және халықаралық жарыстарда облыс спортшылары әр түрлi дәрежедегi 790 медальға ие болды. (2016 жыл — 769 медаль).

ЖАСТАР САЯСАТЫ

2017 жылы мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi басымдықтарын iске асыруға бағытталған жүйелi жұмыс жалғастырылды.

Осы мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен 469,8 миллион теңге, соның iшiнде облыстық бюджеттен 317,3 миллион теңге, қалалық және аудандық бюджеттен 152,5 миллион теңге бөлiндi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына өткен жылы 7014 жас қатысты, оның iшiнде 4281 жас ауылдық жерден. Жұмыспен қамту органдарымен 6655 жас жұмысқа орналастырылды. 161 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына, 644 адам жастар тәжiрибесiне жiберiлдi.

«Жасыл ел» жобасы аясында 983, студенттердiң еңбек жасақтарының желiсi бойынша 2620 жас жұмысқа орналастырылды.

Iске асырылып жатқан «Дипломмен ауылға!» жобасы 2017 жылы 60,5 миллион теңге сомасына 381 адамды көтерме жәрдемақымен қамтамасыз еттi, 331 қатысушыға 1,1 миллиард теңге көлемiнде несие берiлдi.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi 3,3%-ға дейiн төмендедi, бұл республикалық деңгейден 0,7% төмен, NEET жастардың үлесi — 7,7%, республикалық орташа деңгейi 8,2% құрайды.

Жастарды қолдау және кадр тапшылығын төмендету мақсатында 2017 жылы облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын иелендер саны 276 адамды құрады, оларға 101,7 миллион теңге көлемiнде шәкiртақы төлендi.

Облыста 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс iстейдi, олар 42 мың адамның қатысуымен 1048 iс-шара ұйымдастырды, әртүрлi мәселелер бойынша 1362 жастар өкiлдерiне кеңестер берiлдi.

«Студенттiк көктем — 2017, жастар энергиясы» жыл сайынғы облыстық фестивалi, «Әскерге шақырылушы күнi» патриоттық акциясы, «Akmola power» инновациялық идеялар мен жобалар облыстық байқауы, бiрiншi облыстық студенттiк универсиада, жыл сайынғы облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесi және тағы басқа жастар iс-шаралары өткiзiлдi.

«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiзуге бiздiң аймақтан 105 ерiктi белсендi қатысып, жұмыста және өткiзiлген байқауларда тамаша нәтижелер көрсеттi.

ТIЛ САЯСАТЫ ЖӘНЕ IШКI САЯСАТ

Ақмола облысында тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге бағытталған тiл саясаты жалғасуда.

2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi 7,1%-ға артып, 71,1%-ды құрады. Облыстағы бiлiм беру мекемелерiнде қазақ тiлiнде бiлiм алатын балалардың саны артты: мектепке дейiнгi мекемелерде 56%-дан 60%-ға, мектептерде — 47,6%-дан 48%-ға артты.

Биыл Целиноград ауданының Қаражар ауылында қазақ тiлiнде оқытатын 120 орындық жаңа мектеп пен Көкшетау қаласында 900 орындық қазақ мектебiнiң құрылыс жұмыстары аяқталады.

Облыста 20 тiлдердi оқыту орталығы жұмыс iстеп жатыр, олардың 18-iнде қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi де оқытылады. Орталықтардағы тыңдаушылардың саны 2 есеге артты, биылғы оқу жылында 5320 тыңдаушы оқып жатса, 2016-2017 оқу жылы бойынша 1686 адам курсты аяқтағаны жөнiнде сертификат алды, оның 709-ы мемлекеттiк қызметшiлер.

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу үлесi облыс бойынша 98,5%-ды құрады.

2017 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң №261 қаулысымен облыстың мәдениет, спорт, бiлiм мекемелерiнiң 4-еуiне: облыстық филармонияға — Үкiлi Ыбырайдың, Ұлттық спорт түрлерiнен облыстық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне — Балуан Шолақтың, Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке — Сәкен Жүнiсовтiң, №3 Ақкөл орта мектебiне — Жайық Бектұровтың есiмi берiлдi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 Жарлығына сәйкес, Еңбекшiлдер ауданы Бiржан сал ауданы болып қайта аталды.

Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 12-ден астам конфессияның 196 дiни ұйымдары, 677 үкiметтiк емес ұйымдар тiркелген.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамында 53 этномәдени бiрлестiк, 2 Достық үйi және 2 орталық жұмыс жасайды.

Ассамблея 53 мың адамды қамтыған 237 iс-шара өткiздi.

Тұрғындарға ақпаратты 97 бұқаралық ақпарат құралы ұсынады, оның iшiнде, 80 газет, 17 электронды БАҚ мемлекеттiк саясаттың маңызды медиа-жүргiзушiлерi болып табылады.

Газет беттерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауының негiзгi бағыттарын түсiндiру бойынша оқиғалар қатарын, сондай-ақ, Үкiметтiң және Жолдауда көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыру бойынша басқа да құрылымдардың жоспарларын тұрақты жариялау қамтамасыз етiлген (15 мыңнан астам материал).

Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнiң алаңында аудан және қала әкiмдерiнiң, мемлекеттiк органдар басшыларының, сондай-ақ iрi бизнес-құрылымдары мен қоғам өкiлдерiнiң қатысуымен 100 брифинг және баспасөз-конференциялары, облыс өңiрлерiне мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру және әртүрлi салаларда облыс жетiстiктерi бойынша 29 баспасөз-туры өткiзiлдi.

МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР

Жергiлiктi атқарушы органдармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң саны — 190.

2017 жылы 4066275 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде Мемкорпорация арқылы — 123799, электронды түрде — 3 200694, қағаз түрiнде — 741782.

Мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру бойынша 2600-ден астам түсiнiктеме беру iс-шаралары өткiзiлдi, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан 2342 қызметкер өттi.

Жүргiзiлген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша, Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемқызметтердi көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейi орташадан жоғары деңгейде болды және 2017 жылы 83,7% құрады.

Азаматтардың қажеттiлiгiне қарай мемлекеттiк қызметтердi кешендi көрсетудi жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiн дамыту және «бiр терезе» қағидасынан «бiр өтiнiш» қағидасына көшу бойынша шара қолданылуда.

Атап айтқанда, облыста пилоттық режимде сәби тууы бойынша проактивтi мемқызмет iске қосылды (SMS арқылы). Қызметтiң проактивтiлiгi SMS хабарламалардың көмегiмен «электронды үкiмет» порталы арқылы туу туралы куәлiктi алу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою және жәрдемақылар тағайындау процестерiне бастамашылық жасауды қамтиды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, 2017 жылы Көкшетау қаласында автокөлiк құралдарының иелерiне «бiр терезе» қағидасы бойынша қызметтердi ұсынатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл технологияларды қолдану мысалының бiрi. Атап айтқанда, емтихан тапсыру процесi толығымен автоматтандырылған, көлiк құралын басқаруға машықтануларын бақылау мен бағалаудың электронды жүйесi орнатылды. Сондай-ақ, мемқызмет көрсету уақыты 3 есеге қысқарды.

Халық арасында электрондық қызметтердiң қолжетiмдiлiгi арттыру үшiн, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттарында «E-gov» қолжетiмдiлiк бұрышын ашу бойынша жұмыс жүргiзiлдi, оларда азаматтар электронды мемлекеттiк қызметтi өздерi ала алады.

ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТI

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» алға қойылған мiндеттердi жүзеге асыру аясында жергiлiктi полиция қызметiн дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыс жалғастырылды.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында 2017 жылы 20 бiрлiк автокөлiк, облыс орталығы үшiн 6 стационарлық бекет, 200 радиостанция, 460 бейнетiркегiштер мен арнайы техниканың барлық түрлерi сатып алынды.

2017 жылы облыс аумағында қылмыстың жалпы 5% төмендеуi байқалды (12698-ден 12011-ге дейiн), ауыр — 14%-ға (620-дан 535-ке дейiн) және аса ауыр қылмыс түрлерi — 3%-ға кемiдi (77-ден 75-ке дейiн).

Қоғамдық орындарда (5%-ға), көшелерде (20%-ға), мас күйiнде жасалатын (9%-ға) қылмыстың саны азайды.

Құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi полиция қызметiнiң қызметкерлерiмен жасалған маршруттар бойынша патрульдеу жүргiзiлуде. Есептiк кезеңде жол-патрульдiк полициясының қатысуымен көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған 2700 қылмыс ашылды.

Кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткiзудi және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша бiлiм мен денсаулық сақтау органдарымен жұмыс жалғастырылуда. Бiрлескен рейдтiк iс-шаралар барысында 288 сауда қызметкерлерi кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатқаны үшiн, 2524 ата-ана кәмелетке толмағандардың көңiл көтеру орындарында және түнгi уақытта үйден тыс жерде жүргенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Нолдiк төзiмдiлiк принципiне сәйкес, анықталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың саны 10,5%-ға көбейдi.

2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР МЕН МIНДЕТТЕР

Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты биылғы Жолдауы аясында экономиканың барлық салалары үшiн мультипликативтiк әсердi қамтамасыз ететiн жаңа экономикалық саясаттың басымдылығы цифрландыруды дамыту болып табылады.

2018 жылы стратегиялық маңызды құжаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыс одан әрi жалғастырылады.

1. Өнеркәсiп саласында инвестициялық мүмкiндiктердi ескере отырып, экспортты көздейтiн жоғарғы қосылған құнымен жаңа жоғарғы технологиялық жобаларды iздестiру және жоспарланған мерзiмге сәйкес, енгiзiлген нысандарды жоспарлы қуатына шығаруды қамтамасыз ету бойынша тиiстi жұмыстар одан әрi жалғасын табатын болады.

1330 жаңа жұмыс орындары ашылатын, жалпы инвестиция сомасы 57,5 миллиард теңгеден асатын кәсiпкерлiктi қолдау Картасының 6 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Технологиялық жаңғырту және цифрландырумен байланысты бұрын жүзеге асырылған және енгiзiлуi жоспарланған шараларды ескере отырып, iрi кәсiпорындарда еңбек өнiмдiлiгi қамтамасыз етiлетiн болады.

Басымдылығы бар — металлургия, химия, құрылыс индустриясы және машина жасау секторларында өсiм резервтерiн барынша пайдалану маңызды мiндеттердiң бiрi болып қала бередi. Ол тұрақты жұмыспен, еңбекақының лайықты деңгейiмен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

2. Ауыл шаруашылығы саласындағы негiзгi мiндеттер:

- егiстiк алқаптары құрылымын әртараптандыру аясында басым бағытқа ие дақылдар алқаптарын ұлғайту;

- егiншiлiк саласында «ақылды технологияларды» алға бастыру;

- мал шаруашылығы саласында жалпы табындағы асыл тұқымды мүйiздi iрi қара мал басының үлес салмағын (16,9 %-ға дейiн), бордақылау алаңдарының жүктемесiн (55 %-ға дейiн), сүт өндiру өсiмiн (3,5 %-ға), ет өндiру өсiмiн (3,0 %-ға) арттыру;

- ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттылығының жүктемесiн (ет және сүт бойынша 65 %-ға дейiн, майлы дақылдар бойынша 50 %-ға дейiн) арттыру, өңделген ауыл шаруашылығы өнiмдерi экспортының көлемiн ұлғайту;

- кооперацияға 25 мың адамды тарта отырып, 28 ауыл шаруашылығы кооперативiн құру;

- Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнiмдерiн: сүт өнiмдерi (112 мың тонна), ет және ет өнiмдерi — (28 мың тонна), жұмыртқа өнiмiн (270 млн. дана) жеткiзу бойынша жоспарды орындау болып табылады.

3. Негiзгi капиталға инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жалғастырылады (101 %-дан төмен емес), соның iшiнде мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiктi дамыту арқылы.

4. 360,8 мың. м2 төмен емес тұрғын үй алаңын пайдалануға берудi қамтамасыз ету жоспарлануда. Облыс орталығын одан әрi дамыту және абаттандыру мақсатында «Жеке батыр» базары ауданындағы ескi саябақты қайта жаңарту бойынша жұмыс аяқталатын болады, Юбилейный шағын ауданында аула аумақтарын жөндеу, көп қабатты тұрғын үйлерде 2 лифтiнi қалпына келтiру жүзеге асырылады, Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерiнде аулаларды жөндеу жұмыстары басталады.

5. Жобаларды жүзеге асыру есебiнен ауылдық елдi мекендерде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 59,5 %-ға дейiн ұлғайтылады.

6. Астана қаласына және Щучинск-Бурабай курорттық аймағына iргелес елдi мекендердi дамыту аясында, өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша қажеттi шаралар қабылданатын болады.

7. Азық-түлiк тауарлары мен қызметтерге бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу маңызды мiндет болып қала бередi. Инфляциялық үдерiстердi тежеуге бағытталған iс-шаралар кешенi жүзеге асырылатын болады.

8. Шағын және орта бизнестi одан әрi дамыту үшiн мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалар шеңберiндегi қолда бар құралдар пайдаланылатын болады.

9. Бiлiм беру саласындағы негiзгi мiндеттер:

- «3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбие және оқытумен қамту» көрсеткiшiн 98,2 %- ға дейiн жеткiзу;

- мектептердiң 3, 6 және 8 сыныптарының жаңартылған бiлiм мазмұнына көшуiн қамтамасыз ету;

- технопарктердi құру бойынша қосымша бiлiм беру орталықтарын, STARTаптарды, робототехниканы дамыту бойынша инновациялық алаңдарды жандандыру;

- еңбек нарығының қажеттiлiктерiн есепке ала отырып техникалық және кәсiптiк бiлiм беру кадрларын сапалы дайындау болып қала бередi.

Ағымдағы жылы 3 ауысыммен оқытудың алдын алу мақсатында 900 орындық жаңа мектеп, №18 орта мектептiң 420 орындық қосымша құрылысы пайдалануға берiледi. 560 орындық 2 бала бақшаның құрылысы бойынша жобаларды iске асыру аяқталады.

10. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласындағы келесi жұмыстар жалғастырылады:

- медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, денсаулықты сақтау және салауатты өмiр салтын қалыптастыру;

- әлеуметтiк-маңызды аурулардан өлiм-жiтiмдi азайту мақсатында медициналық кадрларды жұмысқа тарту;

- денсаулық сақтау ұйымдарын қағазсыз жұмыс форматына көшiру, ол медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкiндiк бередi.

11. Жұмыспен қамту саласындағы басты мiндет жұмыссыздық деңгейiн төмендету, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықты өнiмдi жұмысқа тарту болып қала бередi.

Ағымдағы жылы аз қамтамасыз етiлген отбасыларға жаңа форматта атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау бойынша жұмыс жүргiзiледi.

12. Спорт саласындағы мiндеттер:

- халықты жүйелi түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамтуды 28 %-ға дейiн ұлғайту;

- спорттық инфрақұрылым желiсiн кеңейту мақсатында Макинск қаласындағы жүзу бассейнiнiң құрылысын аяқтау, Астраханка ауылы мен Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң, Көкшетау қаласындағы спорт залының құрылыстары бойынша жобаларды жүзеге асыру.

- Щучинск қаласындағы Спорт сарайы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

- облыстың жетекшi спортшыларының халықаралық жарыстарға дайындалуы және қатысуы болып табылады.

13. Ағымдағы жылы Степногорск моноқаласын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

14. Қазақстанды цифрландырудың перспективалық бағыттарының бiрi қалалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған «Smart City Дамыту» тұжырымдамасын енгiзу болып табылады. Бiздiң облыс экология және туризм салалары бойынша пилоттық жобаны цифрландыруды iске асырушы болып белгiлендi. Цифрлық технологиялардың кеңiнен қолданылуы өндiрiстiк процестердiң тиiмдiлiгiн едәуiр дәрежеде арттыруға мүмкiндiк бередi.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органдары аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша көзделген жұмыстарды одан әрi дәйектiлiкпен жалғастыратын болады.

Мақаланы құрған күні 15.02.2018 09:44
Мақаланы жаңартқан күні 17.04.2018 15:21
Қаралым саны: 1882
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;