Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысы

2019 жылдың I тоқсанында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жоспарының шеңберiнде 781 медицина қызметкерiне оқыту жүргiзiлдi. Оқытумен 27 мемлекеттiк және жеке меншiк медициналық ұйым қамтылды, яғни ол өңiрдiң қызмет жеткiзушiлер санынан 40,3% құрайды (медициналық қызметтердi жеткiзушiлердiң жалпы саны — 67).

Бұдан басқа, «Ordinatus» ЖШС өңiрлiк (облыстық) ақпараттық орталығы базасында медициналық ұйымдардың call –орталықтарының қызметкерлерi оқытылды, «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК және «№1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК, жалпы саны — 16 адам, қамту 100%.

Облыстың өңiрлерiндегi (Атбасар, Есiл, Жақсы, Жарқайың аудандарының) халқымен көшпелi кездесулер өткiзiлдi, медициналық сақтандырудың өзектi мәселелерi бойынша азаматтарға консультация өткiзiлдi.

Облыс және қала халқымен барлығы 190 кездесу өткiзiлдi. Консультация алған азаматтардың жалпы қамтылуы 4185 адамды құрады.

2019 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өңiрлiк БАҚ 67 жарияланым шықты, оның 4-уi республикалық, облыстық және аудандық теледидарда, әлеуметтiк желiлерде — 13.

Әлеуметтiк медициналық сақтандыруды ақпараттық жарықтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2019 жылдың қаңтарынан бастап облыстық және аудандық БАҚ қазақ және орыс тiлдерiнде жұмыстар жүргiзiлдi. Сондай-ақ халықтты ақпарарттық жарықтандыру бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде және тiкелей эфирлерде жүргiзiлдi.

Көшедегi объектiлерiнде МӘМС енгiзуге қатысты ақпараттық материалдар сыртқы жарнамалар орналастырылды (барлығы– 17). Облыс және қаланың барлық медцииналық ұйымдарында МӘМС бұрыштары рәсiмделген. Адамдар көп жиналатын орындарда стендтер — 104, баннер — 71 қойылған.

Бұланды кентiнiң супермаркеттерiнде, Щучинск қаласының дүкендерiнде дисплейлерде ұдайы түрде бейнероликтер ротациялануда.

52 мыңнан астам түрлi АТЖ таратылды.

26.02.2019 жылы брифинг өткiзiлдi, 12.03.2019 жылы КОА баспасөз туры өткiзiлдi.

«Бестiк» жұмысымен 450 астам адам қамтылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 114 мың адамның 75,5 мың адам өзектендiрiлдi немесе 66,2%.

2019 жылы МӘМС енгiзу бойынша өңiрлiк коммуникациялық жоспары әзiрлендi.

Құрылған күні: 21.02.2017 09:22
Жаңартылған күні: 20.04.2019 13:52
Қаралым саны: 5989
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75