Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысы

2018 жылғы 12 айдағы
МӘМС бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы

2018 жылғы 12 айдағы ақпараттық-түсiндiру жұмысының жоспарын (бұдан әрi — АТЖ) орындау аясында, «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу жөнiндегi өңiрлiк штаб туралы» облыс әкiмiнiң 11.07.2018 өкiмi, «МӘМС енгiзу жөнiндегi 2018 жылға арналған өңiрлiк жоспар» бекiтiлдi.

АТЖ бойынша 616 медицина қызметкерi оқытылды, 56 медициналық ұйым оқумен қамтылды. 2018 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 36 мемлекеттiк және 20 жеке меншiк өнiм берушiлермен ТМККК және МӘМС жүйесiнiң аясында өнiм берушiлермен медициналық көмек көрсету бойынша шарттар жасалды.

Сонымен қатар, «Ordinatus» ЖШС өңiрлiк (облыстық) ақпараттық орталығының, «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК және «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК базасында медициналық ұйымдары call-орталықтарының қызметкерлерiн оқыту жүргiзiлдi, жалпы саны — 30 адам, қамту — 100%.

Тұрақты негiзде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен (Көкшетау қ. сауда үйлерi, бизнес-орталықтары) кездесулер өткiзiледi, онда МӘМС және ТМККК мәселелерi бойынша нақтылы түсiнiктеме берiледi.

Республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында 221 жарияланым шықты, әлеуметтiк желiлерде 100-ден астам жарияланым орналастырылды, ақпараттық тарату материалдарымен 68,9 мың адам қамтылды.

Көшедегi сыртқы жарнама объектiлерiнде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды енгiзуге қатысты ақпараттық материалдар орналастырылды: Көкшетау қ. — 1 (Әуезов көшесi, 48), Степногорск қ. — 1, аудандарда ауруханалардың төңiрегiнде: Астрахан — 2, Атбасар — 2, Шортанды — 1, Сандықтау — 2, Аршалы — 1, Жақсы — 1, Жарқайың — 2, Целиноград — 1. Облыс пен қалалардағы барлық медициналық ұйымдарда (емханалар, ауруханалар, бейiндi медициналық ұйымдар) МӘМС бұрыштары рәсiмделдi, онда әрбiр ниет бiлдiрушi ақпаратпен таныса алады. Көрiнетiн орындарда стендттер орналастырылды — 93, баннерлер — 66.

Тұрақты негiзде, Көкшетау қ. алаңдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қормен ұсынылған ресми бейнероликтер, 3 радиоорындарда (ХҚКО, «Алтын Ғасыр» СҮ, Орталық базар), медициналық ұйымдарда, Көкшетау қ. темiр жол және автовокзалдардың ғимараттарындағы мониторларда көрсетiледi.

МӘМС туралы ақпараттық материалдар облыстың барлық медициналық ұйымдарында, электрондық және баспасөз БАҚ («Любимый город», «Кокшетау сегодня», Арқа ажары газеттерi) орналастырылды.

Жарнамалық-ақпараттық материалдарды (буклеттер, парақшалар, флаерлер) басып шығару және тарату ұдайы жүргiзiледi, бүгiнгi таңда 305 мың түрлi ақпараттық материалдар басып шығарылып, адамдар көп жиналатын орындарда таратылды (аудандар бойынша 150 мың, Көкшетау қ. 120 мың, Степногорск қ. 45 мың).

Сонымен қатар, жыл басынан берi МӘМС түсiндiру бойынша Өңiрлiк қауымдастықтың, сарапшылардың, ҮЕҰ, медициналық қызметкерлердiң қатысуымен және БАҚ тарту арқылы медициналық ұйымдарда 41 дөңгелек үстел өткiзiлдi. Облыс тұрғындарын топтық, жеке, кеңқұлашты акциялармен, флешмобтармен қамту, ересек тұрғындардың арасынан 371 мыңнан астам адамды құрады.

«Нұр Отан» партиясының ғимаратында (15.08.2018) облыс әкiмдiгiнде (24.08.2018) «ӘМСҚ» АОФ КЕАҚ қатысуымен 2 баспасөз-конференция өткiзiлдi. Барлық мүдделi органдардың қатысуымен облыс әкiмдiгiнiң жанындағы өңiрлiк штабтың отырысы өттi (30.10.2018).

Сондай-ақ, МӘМС мәселелерiн түсiндiру бойынша 581 медициналық ұйымда Ашық есiк күндерi ұйымдастырылды, 18 флешмоб, 39 акция өткiзiлдi.

Құрылған күні: 21.02.2017 09:22
Жаңартылған күні: 24.01.2019 11:47
Қаралым саны: 5679
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng