«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiн ұйымдастырудың және өткiзудiң 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № А-12/565 қаулысымен «ЭКСПО-2017» ХМК дайындалу және iлгерiлету жөнiндегi жұмыс органы болып Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы бекiтiлдi.

ЭКСПО-ға билеттердi сатудың алғашқы күндерiнен бастап Ақмола облысында бұқаралық ақпарат құралдарының, жергiлiктi телевиденияның, облыстық, аудандық және қалалық газеттердiң қатысуымен ЭКСПО-ға барушыларды тарту бойынша үлкен түсiнiктеме беру жұмысы жүргiзiлдi.

Жергiлiктi атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар мен ұйымдар басшылары талпынысының нәтижесiнде «Астана Экспо» ұлттық компаниясы» АҚ мәлiметтерiне сәйкес а.ж. 7 қыркүйектегi жағдай бойынша 109 мың, о.i. «Қазпошта» АҚ арқылы 31 мыңнан астам билет сатылды.

Ағымдағы жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында өңiрдiң 117 559 тұрғыны көрмеге барды.

Көрмеге барған оқушылардың саны 25013 адамды құрады, оның iшiнде: жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 6-10-сынып оқушылары — 14169, халықтың әлеуметтiк әл-жуас тобынан — 4 296 оқушы және ТжәнеКББ оқушылары — 6548.

Облыстың туроператорларымен бiрлесiп («Бурабай даму», «Круиз», «Белсендi туризм және демалыс орталығы» ЖШС, «Ақмолатурист» АҚ), облыстың ең жақсы деген 30 туристiк маршрутын қамтитын 7 негiзгi туристiк (автобуспен, атпен, жаяу, сумен және т.б.) топтама әзiрлендi. Көрме өткен кезең iшiнде, өңiрдiң бекiтiлген 7 туртоптамасының әзiрелушiлерiмен «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң 17 мыңнан астам қонақтарына және қатысушыларына қызмет көрсетiлдi.

Көрме өткiзу кезеңi ЩБКА-ға шетел делегациясының белсендi келуiмен сипатталды, ЭКСПО-ға қатысқан 110-нан аса мемлекеттiң 80% Бурабай курортында бiр-екi рет болды деп айтуға болады. Шетел қонақтарының ЩБКА-дан алған оң әсерлерi мен тамаша пiкiрлерi ЭКСПО қонақтары мен қатысушыларына қызмет көрсету бойынша жүргiзiлген үлкен жұмыстың дәлелi бола алады.

Экскурсиялық бағдарламаларды әзiрлеп, қызмет көрсету аясында ғана шет тiлiн бiлетiн 50-ден астам гид-экскурсоводтар дайындалды.

Тұтастай алғанда, Ақмола облысы бойынша 100-ден астам мейманханалары, отельдерi мен турбазалары, бiржолғы сыйымдылығы 12 мың кереует-орны бар 28 санаторлық-курорттық ұйымы, 86 қонақ үй мен кафе ЭКСПО қонақтары мен қатысушыларына қызмет көрсетуге ниет бiлдiрдi.

Демалыс және сауықтыру объектiлерiнiң бiрқатары арнайы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Recommended by EXPO-2017» сертификаттарын алды. Олардың iшiнде, «Ақмолатурист» АҚ, «Белсендi туризм және демалыс орталығы» ЖШС, «Зерен Нұр» демалыс орталығы және басқалары бар.

Құрылған күні: 08.12.2017 15:42
Жаңартылған күні: 08.12.2017 15:42
Қаралым саны: 1483

Қаз Рус Eng